Бұқаралық мәдениет - [лат. massa - кесек, culture - ӛңдеу, тәрбиелеу] -
1.
әртүрлі тарихи кезеңдерде
мәдениеттің
әлеуметтік
жіктелуі
процесі нәтижесінде азды-кӛпті кӛрініс табатын әлеуметтік мәдени
құбылыстардың жиынтығы;
2.
нақтылы белгілер мен мінездемелерге жауап беретін
әлеуметтік
феномен
(жалпыламалыққа түсетін ауыртпалық,
орташа
семиотикалық тілдік нормаларға бағытталу, жаңа комуникациялық
технологияларға сүйену, қызмет етудің коммерциялық мазмүны және
т.б.;
3.
кӛркем мәдениеттің түрі (стилі) (мәні жағынан поп-
мәдениетке, коммерциялық мәдениетке және әнерге жақын және т.б.),
"классикалық", халықтық мәдениеттен алшақ және әнердің ӛмірдің аса
маңызды салмақты саласынан
ойын-сауық саласына ойысып, "сән
сезімін" жоғалту және т.б.; ықпалдасу процестерінің күшеюі
нәтижесінде стандартталған мәдени формалардың, ережелер мен
бейнелердің кең таралуына жағдай жасайтын,
трансұлттық
мәдениеттің қалыптасуына себепкер болатын қазіргі мәдениеттің
ерекше қабаты;
4.
қарабайыр, күңгірт сананы қалыптастырушы алдап-
арбаушы,
бірыңғайландырушы
тетіктерді
қамтамасыз
етуші
акпараттық қоғамның мәдениетінің тілі, ерекше белгілер жүйесі.
XX-XXӀ ғасырларда бұқаралық мәдениеттің
кең етек жаюының басты
себебі ақпараттандыру мен компьютерлендіруге байланысты. Мәдени
ӛнімдерді тарату, кӛбейту, ӛңдеудің жаңа жағдайларында (баспа-кӛбейту
техникаларының
жаңаруы,
радионың
пайда
болуы,
кинематографияның
дамуы, телехабарлардың таралуы, үн және бейне
жазушы техникалық қүралдардың жетілдірілуі) ақпараттық-желілік
жүйелердің даму қарқындылығы және әзара іс-әрекет принциптері ғылыми-
техника- лық қайта құрулардың түбегейлі ӛзгеруімен, технология саласында
күшті дамумен сипатталады (
компьютерлік
желілердің құрылуы,
спутниктік
таралым,
онлайндық
тораптардың
және
Интернеттің
пайда
болуы).
Постиндустриалды қоғам мәдениеті бұқаралық және ақпараттық сипат
алады. Жаһандану жағдайында этникалық мәдениеттің қатаң шекаралары
шайылып, оның ӛзіндік этномәдени ерекшелігін сақтап тұратын
"жабықтығы" жойылады.
Этникалық
мәдениетті діңгек түтатын ұлттық
мәдениет - ол тек ресми, мемлекеттік мәдениет қана емес, әртүрлі
субмәдениеттердің (оның ішінде бұқаралық мәдениет те кіреді) ӛзара
ықпалдасуы нәтижесінде пайда болған ұлттық мәдениет жиынтығы.
Бұқаралық мәдениет те біртұтас емес, ол кӛпқырлы. Ең күштісі -
маргиналдық қабат,
одан кейін танымал, жастардың субмәдениеті және т.б.
жатады. Қазіргі жаһандану процесі жағдайында бұқаралық мәдениет
трансұлттық мәдениеттің болашақ үлгісі ретінде қабылданады, басқа
қырынан этникалық құндылықтарға және этномәдени ӛзіндікке
қарсы
тұратын мәдениет ретінде түсіндіріледі.
Мәдени құндылықтарды конвейерлік тәсілмен ӛндіру олардың тұлғалық
шығармашылық мазмұнын кемітіп, адамдық жатсынудың жаңа формаларын
қалыптастырады. Тек пайдалы кӛздеу ұлттық дәстүрлі мәдениетке жат әсіре
сексуалдық,
зорлық-зом-былықты,
нәпсіқұмарлықты,
арсыздықты,
руханисыздықты дәріптеуге әкеп соғады. Бұқаралық мәдениет үлгілері қазақ
халқының ұлттық құндылықтар сүзгісінен ӛтуі қажет