205
келген түтік. Жатыр түтігі, жатырдың жалпақ байламының жоғарғы бөлімінің іші арқылы
өтеді.
Жатыр түтігінің ұзындығы 13 см-ге дейін, ал ішкі саңылауының көлемі 3 мм шамасында.
Жатыр түтігінің жатырға ашылатын тесігі жатырлық (ostium uretinum tubae), ал іш
қуысына іштік (ostium abdominalе tubae) деп аталады. Осы тесіктің арқасында әйелдердің
іш қуысы сыртқы ортамен қатынасады. Жатыр түтігінің келесі бөліктерін ажыратады:
1. Жатырлық бөлік (pars uterinae)
2. Жатыр түтігінің қылтасы (isthmus tubae uterinae) және ұшы түтік шашақтарымен
(fimbria tubae uterinae) аяқталған жатыр түтігінің құйғышы (infindibulum tubae
uterinae)
3. Жатыр түтігінің кең жері (ampulla tubae uterinae)
Түтіктің жатырлық бөлігі жатыр
қабырғасының ішінде орналасқан, ал қылта жатыр
түтігінің өте тар және қалыңқабырғалы бөлігі.
Жатыр түтігінің шашақтары өздерінің қимылдарымен
ұрықтық жасушаны құйғышқа
бағыттайды, әрі қарай құйғыштың саңылауы арқылы жатыр түтігіне өтеді.
Жатыр түтігінің қабырғасының құрылысы:
Ішкі қабығы, бойлық түтіктік қатпарлар түзетін шырышты қабық. Жатыр түтігі іштік
тесікке жақындаған сайын оның шырышты қабығы қалыңдайды, қатпарлар саны көбейеді.
Шырышты қабық өне бойында кірпікті эпителиймен жабылған. Келесі,
бұлшықеттік
қабық, екі қабаттан құралған: сыртқы – бойлық, ішкі – дөңгелек.
Жатыр түтігінің бұлшықеті тікелей жатыр бұлшықетіне жалғасады.
Сыртқы қабығы, сірлі қабық, ол сірліастылық негізде орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: