Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет121/200
Дата23.10.2023
өлшемі2.15 Mb.
#481502
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   200
АА Досаев Адам анатомиясы оқулық

(Миелоидты тін) кезкелген басқа ішкі ағзаларда емес тек қана сүйек қуыстарында 
орналастырған? Академик М.Р.Сапиннің (Мәскеу) жорамалдауынша, сүйек қуыстары тез 
кеңейіп, соның әсерінен өлшемсіз қанға тола алмайды, сондықтан қанның әлі дамып 
жетіспеген жасушалары уақытынан ерте қан ағымына түспейді, ал басқа тіндерде 
керісінше, олар созылмалы болғандықтан, қан қысымымен кеңейіп енді дамып келе 
жатқан жас қан жасушалары қан ағымы қысымымен шайылып тамырлар саласына шығар 
еді. 
Сонымен қатар табиғат қан жасушаларын уақытсыз ерте шығудан сақтаудың басқа 
жолдарын тапқан. Мысалы: барлық студент қауымға белгілі сүйектердегі қоректік тесік, 
студенттердің іздеп табуға тырысатын түзілісінің көлемі тігінші инесінің көлемімен пара –
пар. Бірақта, осы уақытқа дейін ешкімнің ойына да келген жоқ, неге көлемі ірі сүйектердің 
бірі болып саналатын ортан жілік пен асықты жіліктердің қоректі тесіктері өте майда?... 
Менің ойымша бұл кездейсоқ нәрсе емес (Т.М.Досаев 1999), жоғарыда көрсетілгендей бұл 
да табиғаттың көрегенділігі, осы арқылы сүйектегі қан айналым жылдамдығын мейлінше 
баяулату, сүйтіп сүйек қуысындағы дамып келе жатқан қан жасушаларын уақыттан ерте 
қан саласына түспеуді қамтамасыз ету. Сонымен қатар осыларға қосымша сүйек майының 
веналық капиллярлары өзіндік синустар (кеңейген орындар) түзу арқылы ондағы қан


229 
ағымдарының жылдамдығын тіпті баяулатып, оны тоқтауға (Стаз) дейін әкеледі. Міне 
осындай жағдайлардың әсерінен сүйекмай жасушалары сүйек қуыстарында өз уақытында 
дамып жетіледі. 
Сүйек май эмбриогенезі. 
J.Ibert – тің көз қарасы бойынша қан өзінің даму кезеңінде ағзалар мен тіндердің 
даму және қалыптасу үрдістерін реттеуші факторларды таратушы орта болып есептеледі. 
Ұрықтың екі жетілік даму үрдісінде қан жасушаларының ерте пайда бола бастауы осыны 
түсіндірсе керек. (Олар тек қана шоғырланған аймағы мен қан жасаушы тегімен ғана 
ерекшеленеді). Ұрықтың қанжасаушысы бір-біріне елеусіз өтетін бірнеше кезеңдерден 
тұрады. 
Иммун жүйесінің филогенездік зерттеулері көрсеткендей оның қалыптасуы 
эволюциялық дамуымен лимфа құрылымдарының өзара орналасуына байланысты. Иммун 
жүйесі өзінің ең биік даму сатысына сүтқоректілерде жеткен. 
Өзінің иммундық қызметін атқару үшін барлық жан-жануарлар, солардың әр түрлі 
дара тұлғалары төмендегідей белгілердің иесі болулары тиіс: 
1. Өзіне бөгде тіндермен жасушаларды қабылдамау. 
2. Айырша бездің болуы. 
3. Өзіндік иммундық жауап бере алуы. (Гуморальды не болмаса жасушалық). 
4. Эффекторлық жасушалардың (лимфоциттер, плазмоциттер) болуы. 
5. Иммуноглобулиндердің қатынасуы (ұйыған қандағы антидене). 
Иммун жүйесі қызметі бойынша екі бөліктен тұрады және иммунитеттің екі түрін 
айырады: Жасушалық (Т-лимфоциттер, яғни тимус тәуелділер) және гуморальдық 
(В – лимфоциттер, бурса тәуелділер) – антидене бөліп шығарушылар. Ұрықта лимфа 
жасушалары қай жерде өсіп дамитыны әлі толығынан анықталмаған, бірақ олардың 
бауыр мен сүйек майының мезодермасынан дамиды деген жорамал бар. 
Әрі қарай сабаулық жасушалар сүйек майынан иммун мүшелері – тимуске, Т-
лимфоциттер пісіп жетілетін орынға және құстарда клоака аймағындағы Фабрициус 
қалтасына (бурсаға – 300 жыл бұрын алғашқы рет Фабрициус жазған) көшеді. Ал В-
лимфоциттердің пісіп-жетілетін нақты орны әлі жорамал түрінде қалып отыр. 
Бір топ зерттеушілер оларды сүйек майы жасушаларының бір түрі деп оның атын 
сүйек 
майының 
ағылшынша 
аудармасымен 
байланыстырса, 
екінші 
топ 


230 
зерттеушілердің жорамалдары бойынша адамдарда Фабрициус бурсасына сәйкес 
келетіндер, таңдай бадамшалары, не болмаса аппендикс пен ішек эпителиймен 
байланысқан лимфа шоғырлары болуы мүмкін екенін көрсетеді. 
Денеде шашыла орналасқан түзілістердің барлығы ортақ белгілері арқылы бір 
иммундық жүйеге біріктіріледі: 
1. Барлығының шығу тегі бір. 
2. Олардың құрамында міндетті түрде лимфа тіндері бар. 
3. Ортақ қызметі – денені бөгде заттардың енуінен қорғау. 
4. Барлық иммун жүйесі ағзаларына тән нәрсе эмбриогенез үрдісінде өте ерте дамуы, 
постнатальды уақытта тез пісіп жетілуі. 
Иммун жүйесінің орталық ағзаларының шеткісінен айыратын мынандай 
ерекшеліктері бар: 
1. Иммун жүйесінің орталық ағзаларында сабау жасушаларынан әр текті 
лимфоциттер пайда болады – сүйек маңайында В – лимфоциттер, тимуста Т-
лимфоциттер; 
2. Иммун жүйесінің орталық ағзалары жақсы қорғалған орындарда орналасқан (сүйек 
майы сүйек ішінде, тимус кеуде қуысында). 
3. Орталық ағзалардың лимфатәрізді тіні шеткі ағзалардағыдай лимфатәрізді 
түйіншелермен шоғырлар түзбейді. 
Шеткі иммун ағзалары орталықтан төмендегі белгілермен ерекшеленеді: 
1. Лимфа түйіншелерінен түзіледі. 
Т-лимфоциттер клеткалық иммунитет түзеді. 
В-лимфоциттер гуморальды иммунитет түзеді (өзінен антидене шығару). Лимфа 
түйіншелерінің пісу барысында В-аймағында ақшыл орта, даму ортасы пайда болады. 
2. Олар сырттан енетін және дененің өз ішінде пайда болатын бөгде заттармен 
микроорганизмдердің жолдарында орналасады. 
Лимфа түйіншелері иммун жүйесі ағзаларының негізін құраушы морфологиялық 
түзіліс.
Академик М.Р.Сапиннің айтуынша лимфа түйіншелерін иммун жүйесі 
ағзаларының морфо-қызметтік бірлігі деп санауға болады. Лимфа түйіншелері өте тығыз 


231 
орналасқан лимфа жасушаларының шоғырлары болып саналады және олар әртүрлі 
аталады – лимфа фолликулалары, лимфа түйіншелері. 
Лифа түйіншелері фолликул деп аталу себебі оларды зерттеп сипаттаған алғашқы 
анатомдар жоғарыда айтылғандай түйіншелер ортасында ақшыл дөңгелек байқаған 
(көбею ортасы) оны қуыс деп ойлап осылай атап кеткен. Кейінгі уақыттағы электронды 
микроскопиялық, иммуноморфологиялық, гистохимиялық зерттеулер фолликул дегеніміз 
лимфа түйіншелері екенін толығымен дәлелдеді. 
Лимфа тәрізді түйіншелер алғашқы дамуынан бастап ең жоғарғы ұйымдасу 
деңгейіне дейін (жоғарғы белсенділік кезеңі) бірнеше сатыдан өтеді: 
1. Ошақтәрізді жиынтық – шашыраңқы лимфатәрізді ұлпаның пайда болуы. 
2. Шашыраңқы лимфатәрізді ұлпаларда лимфатәрізді түйіншелердің (көбею 
орталығысыз) пайда болуы. 
3. Лифатәрізді түйіншелерде көбею орталығының пайда болуы 
4. Оның жойылуы, орны майлы жасушалармен алмасуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет