228
белгілі жағдайларда, мысалы, таулы аудандардың тұрғындарында, көп уақыт бойы ауада
оттегі
мөлшерінің аздығының (Гипоксия) әсерінен,
экологияның нашарлығынан,
созылмалы қан аздығынан және т.б. себептерден сары сүйек майының бір мөлшері қызыл
сүйек майына айналуы мүмкін. Қызыл сүйек майы жілік сүйектерінің эпифизінде
орналасқандықтан, ал ол аймақ жілік сүйектерінің ұзынынан
өсетін орны болғандықтан
20-ғасырдың орта шеніндегі жасөспірімдердің шапшаң толысуы және ата-аналармен
салыстырмалы бойшаң болуларын түсіндіру жорамалдары жасалды.
Солардың бірі
төмендегідей: Жастардың бойшаң болуы, әсіресе, экономикасы
жақсы дамыған елдерде
және өте ірі қалалар мен мегаполистерде, ғылыми-техникалық үрдістері
жетілген
мемлекетттерде, аймақтарда жақсы байқалғандықтан оны мыналармен байланыстыруға
және түсіндіруге болады:
1. Жастардың ашық ауада аз болуынан.
2. Қимылдық белсенділіктерінің азаюынан.
3. Қоршаған ортаның экологиясының нашарлануынан.
Осылардың барлығы бала организмінің
ұзақ уақыт оттегілік аштықта (Гипоксия)
болуына әкеліп соқты, ол әрі қарай жілік сүйектеріндегі қызыл сүйек
майын қоздырып
жілік сүйектерінің ұзынынан өсуіне әсерін тигізді. Табиғат неліктен май тіндерін
Достарыңызбен бөлісу: