Шынтақ нерві (C
7
-Th
1
) (n.ulnares) иық өрімінің медиалды будасынан ірі сабау түрінде
басталып, бастапқыда иықтың тамыр-нерв шоғыры құрамында төмен бағытталады. Шынтақ
нерві иықтың төменгі үштен бір бөлігінде біртіндеп медиалды және дорсалды бағытталып,
иықтың бұлшықетаралық медиалды қалқасын тесіп өтіп, шынтақтың жоғарғы коллатералды
артериясымен бірге артқы медиалды шынтақ жүлгесінде орналасады. Содан кейін білезіктің
шынтақтық бүккішінің иықтық және шынтақтық бастарының арасынан өтіп, білекте шынтақ
артериясының ішкі жағынан шынтақ жүлгесіне өтіп, көптеген бұлшықеттік (m.flexor carpi
ulnaris пен m.flexoris digitorum profunda-ның медиалды бөлігіне) тармақтар мен терілік сыртқы
тармақ береді. Соңғысы білезіктің шынтақтық бүккіші сіңірінің астынан сыртқа шығып, Ү, ҮІ
және ІІІ саусақтардың шынтақтық жартысының терісін, және қол басы сыртының сәйкес
бөлігін нервтендіреді. Шынтақ нерві алақандық бетте os pisiforme-нің сыртқы жағынан қол
басына ауысып, беткей және терең тармақтарға бөлінеді. Терең тармағы бұлшықеттерге
(әкететін, қарама-қарсы қоятын және Ү саусақтың қысқа бүккіші, mm.lumbricales (ІҮ, ІІІ),
interossei dorsales et palmares, бас бармақты әкелетін бұлшықет, бас бармақтың қысқа
бүккішінің терең басы) талшықтар береді.
Кәрі жілік нерві (C
5
-Th
1
) (n.radialis) иық өрімінің ірі нервтерінің бірі, оның артқы
будасынан төмен қарай шығып, иықтың sulcus radialis-де жатып, иықтың терең артериясымен
бірге аттас өзекке бағытталады. M.triceps brachii m.anconeus-ты, иық буынының қапшығын
және иықтың артқы бетінің терісін (иықтың терілік артқы нерві) нервтендіреді. Кәрі жілік
нерві өзектен алдыңғы сыртқы шынтақ жүлгесі арқылы шығады. M.brachioradialis-ке, шынтақ
буынының қапшығына, білектің артқы бетінің терісіне тармақ беріп, терең және беткей
тармақтарға бөлінеді. Беткей тармағы төменінен кәрі жіліктік өзекке бағытталып, иық-кәрі
жілік бұлшықетінің сіңірі астынан қол басының сыртына өтіп, саусақтарды дисталды
бунақтарға дейін, ІІ саусақтың проксималды бунағын және ІІІ саусақтың кәрі жіліктік
жартысын нервтендіреді. Терең тармағы m.supinator-ды тесіп өтіп, оған тармақ беріп, білектің
артқы бетіне өтіп, барлық бұлшықеттерді (жазғыштарды – кәрі жілік нерві зақымданғанда
саусақтар мен қол басы жазғыштары салданады) нервтендіріп, кәрі жілік-білезік, білезікаралық
және білезік-алақан буындарына талшықтар береді.
Қолтық нерві (n.axillaris) (C
5-
C
6
) иық өрімінің артқы будасынан кәрі жілік нервімен бірге
шығып, төртқабырғалы тесік арқылы иықтың артқы бетіне бағытталады. Тоқпан жіліктің
хирургиялық мойынын орап өтіп, m.deltoideus et m.teres minor-ға, иық буынының қапшығына
және иықтың латералды бетінің терісіне тармақ береді.
Достарыңызбен бөлісу: |