Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет171/200
Дата23.10.2023
өлшемі2.15 Mb.
#481502
түріОқулық
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   200
АА Досаев Адам анатомиясы оқулық

Бұлшықеттік тармақтар (C
3
-C
4
) бастың алдыңғы және латералды тік бұлшықеттеріне, 
алдыңғы, ортаңғы және артқы сатылы бұлшықеттерге, m.intertransversarii cervicis-ке,
m.sternocleidomastoidei-ның кейбір шоғырына және m.trapezius-ке барады. 
C
1
-
3
тіласты нервімен байланысты мойын ілмегін түзеді. 
Көкет нерві (C
3
-C
5
) (n.phrenicus) аралас. Үшінші, төртінші, кейде бесінші мойын 
нервтерінің алдыңғы тармақтарымен түзіледі. Ол алдыңғы сатылы бұлшықеттің алдыңғы 
бетімен төменге бағытталып, apertura thoracis superior арқылы (бұғанаасты артериясы мен 
бұғанаасты венасының арасынан) өтіп, өкпе түбірінің алдынан (pleura mediastinalis et 
pericardium арасынан) төмен бағытталып, көкетке барып оның бұлшықетіне қозғалтқыш 
талшық береді. Сезімтал талшықтарын көкеттен, медиастиналды өкпеқаптан, жүрекқаптан, 
бауыр капсуласынан алады. Симпатикалық миелинсіз талшықтар көкет нервіне төменгі мойын 
немесе мойын-кеуде симпатикалық түйінінен келеді. 
ИЫҚ ӨРІМІ 
Иық өрімі (plexus brachialis) төрт төменгі мойын нервінің алдыңғы тармақтары мен 
бірінші кеуде нервінің алдыңғы тармағынан түзіледі. Нерв талшықтары бір-бірімен қиылысып 
сатыаралық кеңістікте орналасатын үш сабау (жоғарғы, ортаңғы, төменгі) түзеді. Бұл сабаулар 
қайтадан нерв тармақтарымен алмасып, үш үлкен буда түзеді: латералды, медиалды және 
артқы (fascicule lateralis, medialis et posterior). Олар бұғанаасты артериясымен және венасымен 
бірге қолтық шұңқырына ауысады. 
Иық өрімінің негізгі екі түрі болады: магистралды – негізгі нерв сабауларының арасында 
нервтік байланыстар аз болады (жиі гиперстениктерде кездеседі), шашыраңқы – негізгі нерв 
сабаулары көптеген ыдыраулармен сипатталады (астениктерде жиі кездеседі). Балаларда иық 
өрімі салыстырмалы үлкен алаңды алып жатады, ал оның негізгі сабаулары иіліп орналасады. 
Тамыр-нерв шоғырының қолтық шұңқырындағы проекциясын анықтауда бұғананың 
ортасын sulcus bicipitalis medialis-тің басталатын жерімен қосатын сызықты қолданады. Мұнда 
беткейірек - қолтық венасы, одан терең - қолтық артериясы, оданда терең - кәрі жілік нерві 
орналасады. Артериядан ішке қарай шынтақ нерві, ал сыртқа – ортаңғы нерв орналасады. 
Иық өрімінен шығатын нервтерді бұғанаүсті және бұғанаасты нервтері деп бөледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет