Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет189/200
Дата23.10.2023
өлшемі2.15 Mb.
#481502
түріОқулық
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   200
АА Досаев Адам анатомиясы оқулық

Қарашық рефлексі. Ортаңғы мидың жоғарғы төбешіктері ядроларының аксондары 
өз жағындағы және қарсы жақтағы көз қозғалтқыш нервтің парасимпатикалық қосымша 
ядросында (Якубович ядросында) және III, IV, VI жұп бассүйек нервтерінің қозғалтқыш 
ядроларында аяқталады. Қосымша ядроның аксондары түйінгедейінгі тармақтар, rami 
preganglionares, түрінде көзқозғалтқыш нервтің құрамында кірпікті түйінге, ganglion 
ciliare, келеді. Бұл түйінде екінші парасимпатикалық нейрондар орналасқан. Олардың 
түйінненкейінгі тармақтары, rami postganglionares, кірпікті бұлшықетті және 
қарашықты тарылтатын бұлшықетті парасимпатикалық (қысқа кірпіктік нервтер, 
nn.ciliares breves, құрамында өтеді) нервтендіреді. Кірпікті бұлшықет көзбұршақтың 
дөңестігін өзгерту арқылы аккомодацияны (көздің анық көруін) қамтамасыз етеді. 
Симпатикалық сабаудың мойындық жоғарғы түйінінен шығатын түйінненкейінгі 
тармақтар ішкі ұйқы артериясының, одан кейін көз артериясының өрімдерінің
құрамында көз алмасына келіп, қарашықты кеңейтетін бұлшықетті, m.dilatator pupillae
нервтендіреді. Жарық көп түскенде қарашық тарылады, қараңғыда кеңейеді, қарашықтың 
жарықтың мөлшеріне жауабы-қарашық рефлексі деп аталады.
Жоғарғы төбешік нейрондарының III,IV және VI жұп бассүйек нервтерінің 
қозғалтқыш ядроларымен байланысы көз алмасы бұлшықеттерінің экстрапирамидалық 
нервтенуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жоғарғы төбешік нейрондарынан төбе-
жұлындық жол, tractus tectospinalis, басталады, ол, жұлынның алдыңғы мүйізінде 
орналасқан қозғалтқыш нейрондарда аяқталады. Кенеттен жарық әсер еткен кезде бұл


328 
жол арқылы тұлға, қол-аяқ бұлшықеттерінің шартсыз рефлекстік (экстрапирамидалық 
жүйе) қозғалыстары іске асады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет