79
Бассүйек сүйектерінің жастық ерекшеліктері
Нәрестелерде:
1. Сүйектер кеуек заттан тұрады.
2. 1-ші даму сатысының қалдықтары (жарғақтық), еңбектер, яғни жарғақтар
болады.
3. 2-ші даму сатысының қалдықтары (щеміршектік) сүйекаралық
шеміршектер байқалады.
4. Мұрынжанылық ауалы қойнаулар толық дамымаған (жоғарғы жақсүйек
қойнауынан басқалары)
sinus frontalis – нәрестенің 1 жасында
sinus sphenoidalis – 3-5 жасында
торлы сүйек ұяшықтары – 1 жасында қалыптасады.
5. Нәрестенің бассүйегі шодыр-бұдырсыз тегіс.
6. Бассүйектің беттік бөлігі нашар дамыған, бастың 1/8 бөлігін құрайды
(ересектерде ½ бөлігі)
7. Бассүйектің сүйекаралық жіктері 3-5 жаста түзіледі.
Бассүйек постнатальды
онтогенезде, яғни туылғаннан соң өзінің дамуында
3 кезеңнен өтеді:
І кезең
1. Туылғаннан 7 жасқа дейін.
Бұл кезеңде, 1 жыл бойы бассүйек бірқалыпты өсіп, көлемі 2 есеге ұлғаяды.
2. 1 жастан 3 жасқа дейін.
Бассүйектің дамуы баяулайды, есесіне шүйделік және шекелік аймақтар
қалыптасады. Беттің көлденең көлемі үлкейеді. Еңбектер жабылады.
3. 3-тен 7-ге дейін.
Жіктер қалыптасып, көбіне бассүйек негізінің есебінен алдынан артына
қараған көлемі үлкейеді (ересектер бассүйегі көлеміне жуықтайды).