7
Біріншіден, сүйектер механикалық қызмет атқарады: олардан қаңқа бұлшықеттері
басталып, бекиді, жиырылғанда сүйектер І,ІІ иін иықтары ролін атқарып, дене немесе
оның бөліктерінің кеңістікте орын ауыстыруларын, тұрақты түрде тепе-теңдікті
сақтауын қамтамасыз етеді.
Екіншіден, ми мен жұлын үшін өте берік қамал болса
(омыртқа өзегі), ал кеуде және жамбас қуыстарының ағзалары үшін маңызды
қорғаныстық роль атқарады. Үшіншіден, сүйектік тін минералдық тұздардың
қордаланылатын және минералдық алмасу жүзеге асатын орын болып табылады.
Төртіншіден, қаңқаның сүйекішілік қуыстарында қызыл және сары сүйек
майлары
(medulla ossium rubra et flava) орналасқан. Сары сүйек майы зат алмасуда маңызды роль
атқарса, қызыл сүйек майында қан жасау жүзеге асады. Сүйек тінінің негізгі
құрылымдық бірлігі микроскоп арқылы не микрорентгенограммада анықтауға болатын
– остеон.
Остеон – орталық өзекті қоршай орналасқан өте майда сүйекті табақшаларының
түтікті жүйесі. Олар арқылы сүйекті қоректендіруші қан тамырлар өтеді. Остеондар
іштерінде сүйектік жасушалар орналасқан табақшааралық қуыстардан тұрады. Бұл
жасушалардың қызметтері әртүрлі: жаңа сүйек затын құру, кейіннен оларды ыдырату,
сүйек тініндегі зат алмасу үрдісінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және т.б. Сүйек
кесінділерінде немесе рентегнограммада екі құрылымды айыруға болады: беткей
орналасқан – тығыз зат (substantia compacta) және тереңдеу, көптеген сүйектік сабаулар
мен қалқалардан құралған – кеуек зат (substantia sponqiosa).
Сүйектің осындай архитектоникасы құрылыс
механикасының өте жеңіл
материалды барынша аз көлемде шығындап, құрылыстың аса көлемді беріктігін
қаматамасыз ету. Жоғарыда айтылған жағдайлар сүйектегі түтіктік жүйе мен негізгі
сүйек сабауларының
орналасу бағыттарының, ұзарту, қысу және бұрау күштерінің
бағыттарына дәлме-дәл келуімен дәлелденеді.
Сүйек құрылымы үнемі өзгеріп тұратын динамикалық жылдам жүйе болып
саналады.
Бұл өзгерістерге қаңқаның өсу және даму заңдылықтарынан басқа организмнің
әртүрлі іс-қимылдар мен механикалық жүктемелерге бейімделуі ауқымды роль
атқарады.
Ауыр физикалық еңбекпен айналысатын түлғалардың сүйектерінде
тығыз зат
кеуек затпен салыстырғанда көп мөлшерде дамитыны белгілі. Организмнің белгілі бір
аймақтарына көбірек жүктеме түсуінен сол жердегі сүйектердің қалқаларының
8
орналасу бағыттары ғана емес, тұтас сүйек құрылымының өзгеруі мүмкін. Сүйектік
тіннің сыртқы ортаға бейімделуге тән кейбір элементтерін бірқатар сүтқоректілерден
байқауға болады. Сүйектер мен оларды қоршаған бұлшықеттердің арасында өте тығыз
байланыс орналасқан, ішкі немесе сыртқы қысымдарға ұдайы ұшыраған сүйектер
(бұлшықеттер,
қан тамырлар, нервтер және т.б.) бөлігінің дамуын баяулатады, солай
шұңқыршалар, жүлгелер пайда болады. Адам сүйегінің үштен бір бөлігін органикалық
зат – оссеин және үштен екі бөлігін органикалық емес зат (басым бөлігі - 50-80℅
кальции тұздары мен фосфаттар, қалғаны – магний, натрий, калий, фтор қосылыстары
мен бірқатар қышқылдар). Сүйекті күйдіргенде оссеин жанып кетіп,
тек минералды
заттар қалады, ал сүйек нәзік, сынғыш болып, жеңіл үгітіледі. Керісінше сүйекті өте
күшті пайызды қышқыл ерітіндісіне (мысалы, 15-17℅ күкірт қышқылы ерітіндісі)
батырғанда сүйектен органикалық емес заттар жоғалады да сүйек өзінің дәлме-діл
пішінін сақтап қалады, бірақ ол майысқақ және жұмсақ күйге түседі. Сөйтіп сүйектегі
органикалық және минералдық (органикалық емес) заттар бір-бірімен табиғи
қосылыста болып, бірін-бірі толықтырады. Ол арқылы сүйекте беріктілік, қаттылық пен
серпімділік сақталады.
Адам сүйегінің беріктілігі граниттен асып түседі, мыс пен темірге шамалас келеді,
серпімділігі еменнен кем түспейді.
Сүйектердің осындай физикалық-химиялық
құрылымы жасқа байланысты
біршама өзгерістерге ұшырайды. Жігіттік кезеңде, әсіресе балалық шақта сүйектерде
оссеин көлемі едәуір көп болса, ал қартайған шақта органикалық емес заттардың
басымырақ болуынан, ал оссеин көлемінің біртіндеп азая бастауынан сүйектер сынғыш
және өте нәзік қалыпқа түседі.
Достарыңызбен бөлісу: