Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет80/200
Дата23.10.2023
өлшемі2.15 Mb.
#481502
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   200
АА Досаев Адам анатомиясы оқулық

 
Бастың шандырлары 
 
1. Бастың беткей шандыры, f.capitis superficialis, мимикалық бұлшықеттердің 
көпшілігін перимизиум түрінде жауып жатады. 
2. Бастың меншікті шандыры, f.capitis propria, 4 бөлігі болады, олардың 
әрқайсысы жеке шандыр ретінде қарастырылады: 
1) самай шандыры, f. temporalis, linea temporalis superior-дан басталып, екі 
табақшаға бөлінеді: 
а) беткей табақша, lamina superficialis, arcus zygomaticus-тің сыртқы бетіне 
бекиді; 
б) терең табақшасы, lamina profundaarcus zygomaticus-тің ішкі бетіне бекиді; 
2) шайнау бұлшықетінің шандыры, f.massetericam.masseter-ді жабады. 
3) шықшыт безінің шандыры, f.parotidea, gl. рarotidea үшін қапшық түзеді. 
4) ұрт-жұтқыншақ шандыры, fascia buccopharyngea, m.buccinator-дың сыртқы 
бетін және жұтқыншақтың бүйір қабырғасын жабады. 
Қанаттәрізді бұлшықеттерді жабатын шандыр перимизуим түрінде болады. 
 
 
Бастың топографиясы 


143 
 Апоневрозаралық самайлық кеңістік, spatium interaponeuroticum temporalе
lamina superficialis et lamina profunda f.temporalis және бетсүйек доғасының жоғарғы 
жиегі арасында орналасқан; ол сүйекті-талшықты болып табылады; 
- кеңістіктегі құрылымдар: шелмай. 
Апоневрозастылық самайлық кеңістік, spatium subaponeuroticum temporale,
planum temporalе және lamina profunda f.temporalis арасында орналасқан; ол сүйекті-
талшықты болып табылады; 
- кеңістіктегі құрылымдар: самай бұлшықеті және оның тамырлары мен 
нервтері; шелмай. 
Самай – қанаттәрізді аралық, interstitium temporopterygoideum, латералді 
қанаттәрізді және самай бұлшықеттерімен шектелген; бұлшықетаралық кеңістік болып 
табылады; 
- аралықтағы құрылымдар: шелмай; жоғарғы жақсүйек артериясы және оның 
тармақтары; қанаттәрізді веналық өрімнің құйылыстары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет