Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Қанаттәрізді өсінділер аралығы



Pdf көрінісі
бет81/200
Дата23.10.2023
өлшемі2.15 Mb.
#481502
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   200
АА Досаев Адам анатомиясы оқулық

Қанаттәрізді өсінділер аралығы , interstitium interрterygoideum, медиалді және 
латералді қанаттәрізді бұлшықеттермен шектелген; бұлшықетаралық кеңістік болып 
табылады. 
- аралықтағы құрылымдар: шелмай; a.maxillaris және оның тармақтары; 
n.mandibularis тармақтары; plexus venosus pterygoideus құйылыстары. 
Ұрттың майлы денешігі, corpus adiposum buccae, ұрт және шайнау
бұлшықеттері арасында талшықты құндақта орналасқан; 3 өсіндісі бар: самайлық, 
көзұялық және қанат-таңдайлық. 
ҚОЛ БҰЛШЫҚЕТТЕРІ 
 
Иық белдеуінің бұлшықеттері 
Иық белдеуі бұлшықеттерінің орналасуы бойынша жіктелуі: 
I – беткей қабаты – m. deltoideus; 
II – терең қабаты: 


144 
1. жауырынның дорсалді бетінде орналасқан бұлшықеттерmm. 
supraspinatus, infraspinatus, teres minor, teres major; 
2. жауырынның қабырғалық бетінде орналасқан бұлшықеттерm. 
subscapularis. 
Иық белдеуінің барлық бұлшықеттері – шығу тегі тұлғалық (вентралдық) – 
нервтенуі plexus brachialis тармақтары арқылы жүзеге асады
I. Беткей қабаты 
Дельтатәрізді бұлшықет, m. deltoideus: 
- басталатын жері: clavicula (латералді үштен бірі); acromion; spina scapulae; 
- бекитін жері: tuberositas deltoidea humeri
- қызметі: иықты бүгу және ішке айналдыру (алдыңғы будалары); иықты жазу 
және сыртқа айналдыру (артқы будалары); иықты әкету (ортаңғы будалары). 
II. Терең қабаты 
1. Жауырынның дорсалді бетінде орналасқан бұлшықеттер: 
Қылқанүсті бұлшықеті, m. supraspinatus
- басталатын жері: fossa supraspinata
- бекитін жері: tuberculum majus humeri (жоғарғы аймағы); 
- қызметі: иықты әкету. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет