Бас бармақтың қысқа жазғышы, m. extensor pollicis brevis:
- басталатын жері: radius et membrane interossea antebrachii; - бекитін жері: бас бармақтың проксималді бунағы;
- қызметі: бас бармақты жазу және әкету.
Бас бармақтың ұзын жазғышы, m. еxtensor pollicis longus:
- басталатын жері: ulna (ортаңғы үштен бірі) et membrane interossea antebrachii: - бекитін жері: бас бармақтың дисталді бунағының негізі;
- қызметі: бас бармақты жазу.
Сұқ саусақтың жазғышы, m. extensor indicis: - басталатын жері: ulna et membrane interossea antebrachii; - бекитін жері: сұқ саусақтың проксималді бунағы;
- қызметі: сұқ саусақты жазу.
Қол ұші бұлшықеттері Қол ұші бұлшықеттерінің топографиясы бойынша жіктелуі: I – латералді топ (бас бармақтың, тенардың бұлшықеттері): mm. abductor pollicis brevis, flexor pollicis brevis, opponens pollicis, adductor pollicis; II – медиалді топ (шынашақтың, гипотенардың бұлшықеттері): mm. palmaris brevis, abductor digiti minimi, flexor digiti minimi brevis, opponens digiti minimi: III – ортаңғы топ: mm. lumbricales (төртеу), interossei palmares (үшеу), interossei dorsales (төртеу).
Барлық қол басы бұлшықеттері – шығу тегі тұлғалық (вентралдық) - нервтенуі plexus brachialis тармақтары арқылы жүзеге асады. I. Қол басы бұлшықеттерінің латералді тобы Бас бармақты әкететін қысқа бұлшықет, m. аbductor pollicis brevis;
- басталатын жері: retinaculum flexorum et os scaphoideum; - бекитін жері: бас бармақтың проксималді бунағының негізі;
- қызметі: бас бармақты әкету.
Бас бармақтың қысқа бүккіші, m. flexor pollicis brevis;
150
- басталатын жері: беткей басы – retinaculum flexorum; терең басы – os trapezoideum; - бекитін жері: бас бармақтың проксималді бунағы;
- қызметі: бас бармақты бүгу.