«Экология және орнықты даму» пәнінің эоәК



Pdf көрінісі
бет18/52
Дата23.10.2023
өлшемі1.35 Mb.
#481503
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   52
Сарқылмайтын ресурстар дегеніміз шексіз ұзақ уақыт пайдалануға 
болатын, пайдалану барысында өзінің саны мен сапасын өзгертпейтін 
ресурстар. Оларға күн энергия, жел, теңіздің толуы сияқты ресурстар жатады. 
Сарқылатын ресурстар өз кезегінде қайта қалпына келу қасиеті бойынша 
бөлінеді. 

қалпына келетін, яғни өздігінен қайта қалпына келуге қабілеті ресурстар 
(өсімдіктер, жануарлар және микроағзалар әлемі); 

қалпына келмейтін, яғни жер қойнауында көптеген жылдар бойы 
геологиялық процестің нәтижесінде түзілген ресурстар (пайдалы қазбалар); 

салыстырмалы түрде қалпына келетін, яғни ресурсты пайдалану 
қарқына оның қайта қалпына келу қарқынынан өте жылдам (топырақ, ағаш 
және т.б.). 
Қазіргі кезде табиғи ресурстар тек адамның ғана емес, сонымен қатар 
өндірістіңде барлық сұраныстарын қанағаттандырылуға қолданылады. 
Сондықтанда табиғаттың барлық ресурстары өндірістік, ауылшаруашылық
денсаулықтық және эстетикалық ретінде қарастырылады.
Адамның шаруашылық іс-әрекетінде қолданылатын жер мен оған жақын 
космос аймағын табиғи-ресурстық потенциал деп атайды. Аймақтың табиғи-
ресурстық потенциалына ресурстардың келесі түрлері кіреді: 

Минералды-шикізаттық; 

Өсімдіктер әлемі; 

Жануарлар әлемі; 

Жер ресурстары; 

Су ресурстары; 

Климаттық ресурстар. 
Табиғи ресурстардың экономикалық және экологиялық бағасы туралы 
деректер жинағымен табиғи ресурстардың кадастры айналысады. 
Сонымен, адамның табиғи ресурстарды төрт тұрғыдан пайдаланады: 1-
тіршілігін қамтамасыз ету үшін; 2-экономикалық тұрғыдан; 3- денсаулығын 
жақсарту үшін; 4-эстетикалық тұрғыдан. 
Табиғи ресурстарды және табиғатты тиімді пайдалану мәселелері ХХ 
ғасырда табиғи ортаны қорғаумен қатар қоршаған ортаны қорғаудың екінші 
нысаны табиғи ресурстарды орынды немесе тиімді пайдалану дамыды. Орынды 
пайдалану бұл табиғи шикізаттардың, ресурстардың қайнар көздерін қоршаған 
ортаны қорғау талаптарына сәйкес, оларды есепке ала отырып, үнемді 
пайдалану. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет