21
Тотығу-тотықсыздану – тірі заттың әсерінен тотығу (ортаның
оттегімен
байытылуы) және тотықсыздану – оттегінің тапшы кезінде органикалық
заттардың ыдырауы;
Жинақтау – ағзалардың өз денелерінде шашыранды химиялық
элементтерді жинақтау қабілеті, олардың мөлшерін көбейту;
Деструкциялық - өлген органикалық заттардың ыдырауы, тірі заттың өлі
затқа айналуы.
В. Вернадский қалыптастырған биосфера туралы ілімнің негізінде қазіргі
таңда
Жердің минералды, су және газтәрізді қабаттарының арасында жүзеге
асатын процестердің өзара байланыстары мен диалектикалық бірлігі жатыр.
Қазіргі уақыта қоғамның даму этапында адам тіршілігі планетарлық сипат ие
болып, адам биосфераның негізіне айналды. Осының әсерінен қазіргі таңда
биосфераның одан әрі дамуы және оның ақыл-ой қабаты – ноосфераға айналуы
жүріп жатыр.
Ноосфера – адамның парасатты тіршілігі оның дамуын қамтамасыз ететін
негізгі фактор болып табылатын биосфераныі жаңа күйі.
«Ноосфера» ұғымын 1927 жылы француз ғалымдары Э. Леруа мен П.Т.
Шарден енгізді. 1930-1940 жылдары В. Вернадский
ноосфера туралы ілімді
одан әрі дамытты. Ол ноосфераны биосфера дамуының бір кезеңі деп
қарастырып, табиғат пен адам қарым-қатынасын ақылмен, жүйелі түрде реттеп
отыруға шақырды.
Достарыңызбен бөлісу: