192
Лермонтовтің Абай аударған өлеңдерiн жақсы
бiлетiнiне, оларды домбырада әнге қосып айта-
тынына көз жеткiзiп қайтқанын жазады.
Орыс тiлiнен
Абай аударған шығармалар
қазақ әдебиетiн байыта түстi. Абай орыстың
ұлы ақындарының көптеген өлеңiн қазақ тi лiне
аударды.
6. Қазақ тарихында Абайдың алатын орны.
Абай өз өлең дерi мен қарасөзбен жазылған
ғибраттарында қазақ
қоғамы өмiрiнiң барлық
жақтарын ашып көрсеттi. Одан ақыл-кеңес
сұраған дала тұр ғындары ағы лып келiп жат-
ты. Атап айтқанда, оған Баянауыл
өлке сiн дегi
белгiлi ше жiрешi әрi ақын Мәш һүр Жү сiп Кө-
пей ұлы келiп тұрды. Абай мен Семейге сая си
жер аударылып келгендер де санасатын. Мiне,
мұның бәрi патша үкi метi шенеунiктерi мен
олардың жер гi лiк тi кейбiр итаршыларының
тарапынан қызғаныш пен
көреалмаушылық, тiп тi саяси күдiк туғызды. Ақынның үс тi нен өсек
айту мен жала жабу әрекет те рiн күшейттi. Патша үкi ме тiнiң әкiм шi лiгi
Абайдың соңына шам алып түсiп, аңду орнатты. Тiптi 1903 жылы Семей
по лицмейстерi ақынның және оның балаларының үйiне тiнту жүргiздi.
Жақын туыстары мен балаларының бiрi нен соң бiрiнiң қазаға ұшырауы,
оның үстiне iзiне түсiп қудалауға душар болуы ақынның денсаулығына
әсер еттi. Абай өзiнiң ең жақсы көретiн iнiсi
Оспаннан айырылды.
1895
жылы үлкен ұлы
Әбдiрахман қайтыс болды.
1904 жылғы көктемде оның
тағы бiр ұлы
Мағауия дүниеден өттi. Бұл қайғылы оқиғалар Абайға аса
ауыр тидi. Мағауияның өлi мi нен кейiн 40 күн өткенде Абайдың өзi де
қайтыс болды.
Ақын өзiнiң талантты шәкiрттерiн тәрбиелеп өсiрдi. Абайдың iзбасар
шәкiрттерi Шәкәрiм, Көкбай, Ақылбай, Кәкiтай және Ма ға уия болды.
Абай көзi тiрiсiнде өзiнiң өлеңдерiн жинаған емес. Олардың әр қайсысын
бiр жапырақ қағазға жазып, жастарға таратып бере берген. Олар Абайдың
өлеңдерiн жаттап алып отырған. Сөйтiп, Абай өлең де рi
қазақ даласында ауыздан-ауызға таралып кете барды.
Оның өлең дерi қолдан-қолға көшiрiп алынды.
Ондай
қолжазба көшiрмеге ие болу әрбiр сауатты қазақ үшiн
зор ғанибет болатын. Кейiнiрек Абай дың туындыларын
оның ұлы Турағұл жинастыра бастады. Абай өлеңдерiнiң
ең алғашқы жинағы 1909 жылы ақын Кәкiтайдың
Абай ұлдары Ақылбай
және
Турағұлмен бiрге
Достарыңызбен бөлісу: