Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


ОҚулыҚТАғы МАТЕриАлдАрды ПыСыҚТАуғА АрНАлғАН СұрАҚТАр



Pdf көрінісі
бет173/181
Дата29.10.2023
өлшемі7.89 Mb.
#481870
түріОқулық
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   181
7 сын

ОҚулыҚТАғы МАТЕриАлдАрды ПыСыҚТАуғА АрНАлғАН СұрАҚТАр
1. Ресей империясының Бiрiншi жалпыұлттық халық санағының материалдары бо-
йынша қазақтың өлкедегi саны қанша едi?
2. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарында қазақ жасақта ры ның жоңғар-
лардан жеңiлiп қалуының себебi неде болды? 
3. Қазақ жауынгерлерiнiң ХVIII ғасырдағы қазақ-жоңғар соғыстарында көрсеткен ерлiгi 
қандай?
4. Кiшi жүздiң Ресей империясына қосылу үрдiсi қашан және қалай басталып едi?
5. Барон Игельстромның Кiшi жүзде жүргiзбек болған реформаларының мәнi неде едi?
6. Абылай ханның сыртқы және iшкi саясаты қандай болды?
7. Орынбор мен Омбыдағы алғашқы мектептер қандай мамандарды даярлады?
8. Қазақтың дәстүрлi билер сотының артықшылығы неде едi?
9. Патша үкiметi «Сiбiр қырғыздары туралы Жарғыны» енгiзу арқылы қандай негiзгi 
мақсатты көздедi?
10. Сырым Датұлы бастаған көтерiлiстiң тарихи маңызы неде болды? 
11. ХIХ ғасырдың бiрiншi жартысында патша үкiметiнiң отаршылдық езгiсiнiң күшею 
үрдiсi неден көрiндi?
12. Кенесары хан тұлға ретiнде Қазақстан тарихында қандай орын алады?
13. Ұлы жүз қазағының бiр бөлiгi ХIХ ғасырдың бас кезiнде орыстардың қол астына өтудi 
неге қабылдады?
14. Қазақтың жазғы және қысқы үйлерi қандай болды?
15. Қазақ халқының қандай әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін бiлесiңдер?
16. Қазақ үшiн мал өсiрумен айналысудың қандай пайдасы болды? 
17. Орынбор, Батыс Сiбiр және Түркiстан генерал-губернаторлықтарына қандай облыстар 
қарады?
18. ХIХ ғасырдың 80–90-жылдарында патша үкiметi 1867–1868 жылдардағы әкiмшiлiк 
реформаларын одан әрi жалғастыруға неге кi рiстi?
19. Патша үкiметi ХIХ ғасырдың екінші жартысында шаруаларды Қазақстан ға неге жап-
пай қоныс аудартқызды?
20. Қазақстанның солтүстiк және солтүстiк-шығыс өңiрлерiндегi әскери бекiнiстер мен 
қалалар қай кезден бастап салынды?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


203
21. Қазақстандағы жәрмеңкелердiң әлеуметтiк-мәдени салада атқар ған қызметтерi қандай 
болды?
22. Су көлiгi қатынастары қалай дамыды?
23. Қазақстандағы алғашқы темiржолдар қай кезде және қай жерлерде салына бастады?
24. Қазақ жастары ХIХ–ХХ ғасырлар тоғысында қандай қалалардағы жоғары оқу орын-
дарында оқыды?
25. Қазақтан алғашқы шыққан дәрiгерлерден кiмдердi бiлесiңдер?
26. Халықтың сауатын ашып, бiлiм беруде Ыбырай Алтынсарин қандай еңбек сiңiрдi?
27. Жәңгір хан мәдени-ағарту саласында қандай рөл атқарды?
28. Шоқан Уәлиханов қандай ғылыми экспедицияларға қатысты?
29. Ағартушы-демократ Шоқан Уәлихановтың елiмiздiң тарихындағы ала тын орны 
қандай?
30. Қандай әйгiлi әншiлер мен ақын, сазгерлердi бiлесiңдер?
31. ХIХ ғасырдағы қазақ ақындары шығармашылығының негiзгi са рыны қандай болды?
32. Абай Құнанбайұлының көзқарасын қалыптастыруға қандай жағдайлар ықпал еттi?
33. М. Ж. Көпейұлының қандай еңбектерін білесіңдер?
34. Қ. Халид, Ш. Құдайбердіұлы қандай еңбектер жазды? Ол еңбектердің құндылығы 
неде?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет