Бөгенбай Ақшаұлы (1680–1778) – әскери қолбасшы, дипломат, жоң ғарлар мен
болған соғыста бүкiл халықтың басын қосып, жау ға қарсы күрестi ұйым дас ты-
рушылардың бiрi. Ол Абылай ханның ық палды да беделдi жақын серiктерiнiң
бiрi болған.
Қаракерей Қабанбай (Ерасыл) Қожағұлұлы (1691–1769) – әскери қолбасшы,
даңқ ты батыр, жоңғар басқын шыларына қарсы күрес же тек шiлерiнiң бiрi.
Қазақтардың iрi жауынгерлiк жасағын басқарған. Со ғыста көрсеткен ерлiгi мен
ба тырлығы үшiн Абылай хан Қабанбайды Да ра бозым, яғни «Азуын айға бiлеген
батырым» деп атаған.
райымбек Хангелдiұлы (1705 –
өлген жылы белгiсiз) – Ұлы жүздiң албан
руы нан шыққан белгiлi батыр, жоңғарларға қарсы азаттық күрестi ұйым-
дастырушылардың бiрi.
Есет Көкiұлы (1667–1749) – Кiшi жүзден шыққан батыр, әскербасы. Қал мақ тарға
қарсы азаттық күрестi ұйым дас ты рушылардың бiрi.
«Баянауыл тауындағы Жасыбай және Торайғыр көлдерi жатқан екi үлкен
шатқалды сай ең көркем таңдаулы жерлер деп саналады... Бiр таудың
басындағы көлдiң жанына Жасыбай батыр жерленген екен. Әлгi көл соның аты-
мен аталып кетiптi... Қазақтар қалмақтарды Баянауыл аймағынан ығыстырған
сол бiр алыс жылдарда Жасыбай сонда тұрыпты. Ол жағалас қан жауына есесiн
жiбермеген, кегiн алмай қой ма ған белгiлi батыр болып ты. Бiр күнi Жасыбайға
қазақ жасақ тарының қолбасшысы Олжабай батыр шағын ғана жасақ алып,
мыңдаған қалың қалмақты қарсы алдынан тосқауыл қойып, тау iшiнен шығармай,
қамап ұстау туралы бұйрық берiп тi. Сұрапыл соғыс басталып кетiптi. Онда Жа-
сыбай ғажайып ерлiктiң үл гi сiн көрсетiптi. Қалмақ ханы оны өлiмшi етiп
жаралағанға дейiн қайт пай соғысыпты... Қазақтардың азғана тобы ендi қайтемiз
деп сескене бас тағанда Олжабайдың қалың қолы келiп жетiптi де тау iшi
қалмақтардың жандарына сауға сұрап, күңiренген даусының жаңғырығына толып
кетiптi...»
Коншин Н. Қазақ этнографиясы бойынша еңбектер (қайта басылымы). – Пав-
лодар. «ЭКО» ҒӨФ. 2005, 42–43, 310-беттер.
1. Бұл құжатта Қазақстанның қай аймағының батырлары туралы сөз болады?
2. Қазақтар мен жоңғарлардың Баянауыл тауының iшiндегi шайқасы немен
аяқталды?
*
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
|