Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмысты қашықтан жүргізуді


Мектеп түріндегі арнайы білім беру ұйымдары



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата31.10.2023
өлшемі0.49 Mb.
#481968
1   2   3   4   5
Арнайы білім беру

Мектеп түріндегі арнайы білім беру ұйымдары. Мектеп түріндегі арнайы білім 
беру ұйымдарында ерекше білім білім беруді қажет ететін балалармен қашықтан жұмыс 
істеу режимін ұйымдастыру кезінде мынадай іс-шаралар ұсынылады.
1. Мектеп әкімшілігі:  

қажетті 
дидактикалық 
материалдарды 
пайдаланып, 
шағын 
сабақтардың 
бейнетүсірілімдерін ұйымдастырсын; 
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы тәрбиеленушілердің 
ата-аналары үшін консультациялар өткізу мүмкіндіктерін қарастырсын. Оқу 
тапсырмалары, демалыс уақыты, қозғалыс белсанділігін орындауға арналған уақытты 
белгілей отырып, ата-аналарға балалар үшін нақты күн тәртібін құрастыруға көмектессін; 
- тәрбиеленушілердің үй жағдайында тапсырмаларды орындауының жүйелілігі 
және табысты болуына мониторинг жүргізу мақсатында кері байланыс тәсілдерін 
анықтасын; 
- мектеп бітірушілердің кәсіби-еңбекке оқуын бағалауды бұрын игерілген еңбек 
дағдыларының қорытындылары бойынша жүзеге асырсын. 
2. Бастауыш сынып мұғалімдері мен мектептің пән мұғалімдері оқу үдерісін 
қашықтан оқыту тәсіліне көшуге байланысты 4-тоқсанның күнтізбелік жоспарларына 
өзгерістер енгізсін:
- күнтізбелік-тақырыптық жоспардан жаңа тараулар мен тақырыптарды оқытуды 
алып тастауға ұсыныс жасалады; 
- сынып оқушыларының оқу материалдарын игеру ерекшеліктерін ескере отырып, 
мектеп пәндері бойынша дағдылары мен алған білімдерін бекіту және қайталауды 
ұйымдастыру мақсатында аса маңызды тақырыптарды таңдау қажет. 
3. Мектептің мұғалімдері мен әдіскерлеріне: 
- үй жағдайында балалардың өздігінен тапсырмаларды орындауын ұйымдастыру 
мақсатында оқу пәні шеңберінде сынып оқушыларының дағдылары және алған білімдерін 
бекіту мен қайталау үшін түрлі деңгейдегі тапсырмалар, жаттығулар жүйесін әзірлесін; 
- зерде бұзылыстары бар оқушыларға арналған түрлі деңгейдегі жаттығулар мен 
тапсырмалар ТП ҰҒПО-ның сайтында орналасқан оқулықтар мен жұмыс дәптерлерінде 
берілсін; 
- зерде бұзылыстары бар тәрбиеленушілер үшін шаруашылық еңбек, тұрмыстық 
жағдайлар, үйде, жер телімінде әлі келгенше ата-анасына көмек көрсетуді қосқанда үй 
жағдайында орындау мүмкін болатын практикалық сипаттағы тапсырмалар ұсынсын. 
Мұндай тапсырмаларды үйрету мақсатында есептеу және балаларды өздігінен жұмыс 
істегені, тырысқаны және сапалы орындағандары үшін көтермелеу керек. Кері 
байланысты смартфондарды пайдаланып, бейне-байланыстар көмегімен іске асыруға 
болады; 
- қажет болғанда тәрбиеленушілерге жеке оқу бағдарламалар бойынша дербес 
тапсырмалар дайындау және олар үшін қолжетімді түрде ұсынсын; 



- балалар мен олардың ата-аналарына карантин кезінде жеке гигиенаны сақтау 
және адамдармен байланысты шектеудің маңыздылығы туралы ақпарат берсін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет