Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмысты қашықтан жүргізуді


Психологиялық-медициналық-педагогикалық



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата31.10.2023
өлшемі0.49 Mb.
#481968
1   2   3   4   5
Арнайы білім беру

Психологиялық-медициналық-педагогикалық 
консультациялар 
(ПМПК). 
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы 
№66 
бұйрығының «Психологиялық-медициналық-педагогикалық 
консультациялар 
қызметінің үлгілік қағидалары» атты № 7-қосымшасына сәйкес ПМПК қызметінің негізгі 
бағыттары диагностикалау және кеңес беру болып табылады. Осы бағыттарда қашықтан 
жұмыс істеу режимін жүзеге асыру үшін мынадай іс-шаралар болжанады: 
1. ПМПК-ға қабылдауға телефон арқылы алдын ала жазылу. 
2. Медициналық және әлеуметтік-психологиялық анамнез жинау телефон арқылы 
(әңгімелесу) және электронды пошта (WhatsApp) бойынша медициналық не басқа 
құжаттардың фотокөшірлемелерін ала отырып, электронды поштамен жіберілген 
сауалнамаларды ата-аналардың толтыруы түрінде жүргізілуі мүмкін. 
3. Даму ерекшеліктерін анықтау мақсатында балаларды психологиялық-
педагогикалық тексеру онлайн-режимде не ПМПК мамандары электронды пошта 
бойынша жіберген сауалнамаларды ата-аналардың толтыруы түрінде жүргізілуі мүмкін. 
Skype немесе WhatsApp арқылы онлайн режимде психологиялық тексеруді 
психолог баланың мінез-құлығы мен ойынын бақылау, баламен әңгімелесу, онлайн-режим 
форматында эмоционалдық-коммуникативтік, танымдық қызметінің ерекшеліктерін 
зерттеу мақсатында вербалдық әдістемелер мен тестерді орындау түрінде жүргізеді. 
Электронды пошта, WhatsApp арқылы жіберілген суреттер, графикалық тестер мен 
жазбаша жұмыстарды талдау жүргізіледі.
Skype немесе WhatsApp арқылы онлайн режимде логопедиялық тексеруді логопед 
баламен әңгімелесу, сөйлеу тілінің әртүрлі жақтарын зерттеуге арналған тесттік 
материалды беру түрінде жүргізеді. Жазбаша сөйлеу тілін зерттеу мақсатында жазбаша 
жұмыстар мен оқуға арналған мәтіндер ұсынылады. Жазудың бұзылысын анықтау 
мақсатында жазбаша жұмыстарды талдау жүргізіледі.
Skype немесе WhatsApp арқылы онлайн режимде педагогикалық тексеруді педагог-
дефектолог, сурдопедагог, тифлопедагог зерде, есту, көру қабілеттерінің бұзылыстары бар 
балаларды бақылау және олармен әңгімелесу түрінде жалпы білім қорын және қоршаған 
орта туралы түсініктерін және жетекші қызметінің даму деңгейін анықтау мақсатында 
жүргізеді. Мектепке дейінгі және мектептегі оқу бағдарламалары бойынша білімдерді 
меңгеруін зерттеу үшін Электронды пошта, WhatsApp арқылы негізгі оқу пәндері 
бойынша жазбаша тапсырмалар ұсынылады.
Әлеуметтік-педагогикалық зерттеу телефон бойынша, Skype немесе WhatsApp 
арқылы жүргізіледі: ата-аналармен әңгімелесу, әлеуметтік қорғау органдары мен 
ұйымдарының құжаттары және медициналық құжаттардың фотокөшірмелерін алу 
түрінде, электронды пошта бойынша жіберілген сауалнамаларды ата-аналардың 
толтыруы.
Неврологиялық зерттеуді онлайн-режимде Skype немесе WhatsApp арқылы дәрігер-
невропатолог ата-аналар (заңды өкілдер) және баламен әңгімелесу, мінез-құлығын 
бақылау (қозғалу саласының күйін зерттеу шеңберінде), жүргізілген параклиникалық (бас 



миының 
магниттік-резонанстық 
томографиясы, 
эхоэнцефалограмма, 
электроэнцефалограмма, электромиограмма жүргізу, көз түбін тексеру және т.б.) және
медициналық ұсынымдар мәліметтерін зерттеу түрінде жүргізеді.
Психиатриялық тексеру онлайн-режимде Skype немесе WhatsApp арқылы 
психиатрдың баламен әңгімелесуі, оның мінез-құлығын бақылау, оның психологиялық 
тапсырмаларды орындауы, ойын әрекеттерін жүзеге асыруы арқылы жүргізіледі. Баланың 
психологияляқ қызметінің диагностикалық маңызды аспектілері оның ата-аналары (заңды 
өкілдері) арқылы нақтыланады, жүргізілген тексерулер мен медициналық ұсынымдардың 
мәліметтері зерттеледі.
4. Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың дамуындағы бұзылыстарды еңсеру 
және олардың алдын алу, емдеу, оқыту мәселелері бойынша отбасына кеңес беру 
төмендегілер арқылы жүзеге асырылады: 
- әр маманның жеке қосымша беті қарастырылған ПМПК-ның ресми сайты, онда 
ата-аналар жазбаша сұрақ қоя алады, ал ПМПК мамандары жауап береді;
- Skype немесе WhatsApp (қызмет алушының мүмкіндігіне қарай) арқылы 
бейнебайланыс.
ПМПК мамандарының консультация беруі мынадай түрде іске асырылады: 
- онлайн-режим форматында және телефонмен әңгімелесу түрінде дәрігер-
невропатологтың жүйке аурулары бар балалардың жүйке жүйесінің күйі, қажет болғанда 
дәрі-дәрмекпен емдеу, ЕДШ дәрігерінің (нұсқаушысының) және оқуды қашықтық 
режимде ұйымдастыру бойынша арнайы педагогтың ұсыныстарын ескере отырып
оңтайлы күн тәртібін ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке кеңес беру;
- психиатр-дәрігердің онлайн және телефон бойынша әңгімелесу форматында 
психикалық және мінез-құлығында бұзылыстары бар балалардың психикалық күйі, 
уақытында ұсынымдарды түзету және психикасын қорғау режимін ұйымдастыру арқылы 
асқынудың алдын алу, баланың білім алу және дамыту көмегін алуға ықпал ететін 
жағдаймен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жеке кеңес беру;
- онлайн-режим және телефонмен әңгімелесу форматында психологтың баланың 
дамуы үшін қажетті психологиялық жағдай жасау, зерде дамуын ынталандыру
әлеуметтік-коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру, эмоционалдық күйін қалыпқа 
келтіру мақсатында бірінші кезекте арнайы білім беру ұйымдары тарапынан көмек 
алмайтындарға ұсыныстар (үйде дамыту бағдарламаларын) әзірлеу бойынша жеке кеңес 
беру;
- онлайн-режим және телефонмен әңгімелесу форматында педагог-дефектолог, 
сурдопедагог, тифлопедагогтың баланың дамуы үшін қажетті педагогикалық жағдай 
жасау, жасы мен мектепке дейін жалпы білім беру және мектеп бағдарламаларының 
талаптарына сәйкес білім, икем және дағдыларын қалыптастыру бойынша бірінші кезекте 
арнайы білім беру ұйымдары тарапынан көмек алмайтындарға ұсыныстар (үйде дамыту 
бағдарламаларын) әзірлеу бойынша жеке кеңес беру; 
- онлайн-режим және телефонмен әңгімелесу форматында логопедтің баланың 
сөйлеу тілінің дамуы үшін қажетті жағдай жасау, сөйлеу тілінің дамуының түрлі 
жақтарын қалыптастыру, отбасылық қатынас барасында тілдік қатынасты қалыптастыру 



бойынша бірінші кезекте арнайы білім беру ұйымдары тарапынан көмек алмайтындарға 
ұсыныстар (үйде дамыту бағдарламаларын) әзірлеу бойынша жеке кеңес беру;
- онлайн-режим және телефонмен әңгімелесу форматында әлеуметтік педагогтың 
баланың әлеуметтік дамуы үшін қажетті жағдай жасау, әлеуметтік-тұрмыстық 
дағдыларын: тазалық, өзіне өзі қызмет көрсету, үй еңбегі қызметін көрсету, әлеуметтік 
мінез-құлық 
нормаларын 
қалыптастыру 
бойынша 
ұсыныстар 
(үйде 
дамыту 
бағдарламаларын) әзірлеу бойынша жеке кеңес беру.
Тексеру нәтижелері, баланың құжаттарын зерттеу негізінде ата-аналардың келісімі 
бойынша білім беру бағдарламасының түрі және қажетті түзете-педагогикалық қолдау 
көрсету туралы қорытынды дайындалады. Қорытынды тіркеледі және скандалған түрде 
ата-аналардың электронды поштасына жіберіледі. Қорытындының түпнұсқасын ата-
аналар өздеріне қолайлы кез келген уақытта ала алады. Егер арнайы педагогикалық, 
әлеуметтік немесе медициналық қызмет алу үшін ата-аналарға ПМПК қорытындысының 
түпнұсқасы қажет болса, олар оны санитарлық-эпидемиялогиялық іс-шараларды сақтаған 
(маскалық режим) жағдайда ПМПК-дан тікелей ала алады. 
ПМПК-да диагностикалық топ бар болғанда ерекше білім беруді қажет ететін 
балалармен жұмыс ОО және ППТК-ға арналған шараларға сәйкес қашықтан жұмыс 
жүргізу режимінде жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет