Бақылау сұрақтары
1. Бағалы қағаздар қандай топтарға бөлінеді ?
2. Мемлекеттік бағалы қағаздар дегеніміз не?
3. Корпоративтік бағалы қағаздарға не жатады?
4. Акция дегеніміз не?
5. Акцияның қандай түрлерін білесіз ?
6. Облигация дегеніміз не?
7. Облигация қандай түрлерге белінеді?
6 - тақырып. Валюта және валюталық операциялар.
Валюта - бұл біріншіден, сол елдіц ақша бірлігі; екіншіден, шетел
мемлекеттерінің ақша белгілері; ушіншіден, халықаралық есептесу
бірліктері және төлем құралы (СДР, еуро.).
Валюталық багам - бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша
бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы.
Валюталық бағамның қажеттігі:
1) тауарлар мсн қызметтермен сауда-саттықта, қапиталдар мен несиелер
қозғалысы барысында өзара валюталарды айырбастайды. Импортер ұлттық
валютасын шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына ауыстырады.
2) дүние жүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды, сол сияқты әр елдің
құндық көрсеткіштерін салыстыруға;
3) фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы счеттарын
үздіксіз қайта бағалап отыруға;
Ағымдық валюталық саясат - валюталық бағамды, валюталық
операцияларды, валюталық нарық пен алтын нарығының қызметтерін
күнделікті оперативті түрде реттеуге бағытталган қысқа мерзімді
шаралар.
Валюталық саясаттың келесідей формалары қолданылады:
1. Дисконттық валюталық саясат.
2. Девиздік валюталық саясат.
Сонымен қатар, девиздік саясаттың мынадай жүзеге асырылу формалары
болады:
а) валюталық интервенция;
ә) валюталық резервтерді диверсификациялау;
б) валюталық шектеу;
в) валюталардың алмастырылу дәрежесін реттеу;
г) валюталық бағам режимі;
д) девальвация;
з) ревальвация;
Дисконттық (есепке алу) саясаты - бір жағынан, валюталық бағам мен
төлем балансын реттеуге, екіншіден, ішкі несиелер динамикасын, ақша
массасын, бағаны, жиынтық сұранысты реттеуге бағытталатын орталық
банктің есепке алу мөлшерін өзгертуі.
Достарыңызбен бөлісу: |