4 есеп
Клиент банктен 3 жыл мерзімге 25% жылдық өсімақымен 500 мың теңге
несие алған. Жай жөне күрделі пайыз есептеу бойынша сыйақы мөлшерін
табыңыз.
5
есеп
Аламан шаруа қожалығы жарты жыл мерзімге жылдық пайыз 45% 144000
теңге несие алды. Тапсырма:
- берілген несиеге пайыз есептеу;
- пайдаланылған құжаттар тізімі;
- несиелеу қандай қағида негізінде берілді.
6 есеп
Флора шағын кәсіпорыны банктен 25000 АҚШ доллары көлемінде 3
айға 25 жылдық пайызбен несие алды.
Тапсырма:
- тиісті пайызды есептеңіз;
- пайызды есептеу тәртібін түсіндіріңіз.
Бақылау сұрақтары
1. Несие дегеніміз не?
2. Несиенің құрылымы неден тұрады?
3. Несие, ақша, қаржы, ссуда үғымдарының өзара айрымашылығы неде?
4. Несиенің қандай формалары бар?
5. Коммерциялық несие мен банктік несиенің
өзара айырмашылықтары
неде?
6. Тұтыну несиссі жайлы не білесіз?
7. Ипотекалық несие дегеніміз не?
8. Банктік несиенің басқа түрлерін атаңыз?
4- тақырып. Банк және банк операциялары.
Банк жүйсі маңызды элементі - банктер болып табылады.
"Банк" сөзі "banсо" деген ағылшын тілінен аударғанда "айырбас столы"
дегенді біддіреді. Бұл "айырбас столы" тауарлармен сауда жасалатын
аландарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген
тұлғалардың әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың
біртұтас жүйесі болмағандықтан, олармен сауда-саттық барысында әр түрлі
формадағы монеталар кездескен. Банктер
пайда болардың алдында ақша-
сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап,
оларды әр түрлі елдің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған.
Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің
ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастайды.
Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айналады.
Сонымен, қазіргі түсінікте
"коммерциялық банк" - бұл ерекше өнім
шығарумен ашалысатын кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз
ақшада төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие
институты болып табылады.
"ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы" заңның 1-бабына сәйкес,
"банк —осы заңга сай банктік қызметті жузеге асыруга құқылы
коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға ".
Банктік қызмет - бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен
байланысты қызметті білдіреді. Аталған заңның 10 бабына сәйкес банктік
операцияларға мыналар жатады:
- заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және
жүргізу;
- жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын
ашу және жүргізу;
- банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын ашу және жүргізу;
- заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
- кассалық операциялар:
банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта
санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау жөне сақтау;
- аударым операциялары: занды және жеке тұлғалардың ақшаны
аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;
- есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін
және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
- заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару
шартымен ақшалай формада несиелер беру;
-
занды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің
тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп
айырысу операцияларын жүргізу;
- сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша
және оның мүддесіне сай, ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы
қағаздарын басқару;
- клирингтік операциялар: төлемдерді жинау,
тексеру және растау,
сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және
клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;
- сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған
бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін
көрсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;
- ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен
жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
- төлем карточкаларын шығару;
- банкнота мен монеталарды және бағалы
заттары инкассациялау және
жөнелту;
- шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
- төлем құжаттарын инкассаға қабылдау (вексельден басқаларын);
- чек кітапшаларын шығару;
- бағалы қағаздар нарығындагы клирингтік қызмет;
- аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;
- ақшалай формада орындалуды көздейтін, банктік кепіл-хатгарды беру;
- үшінші тұлғаның атынан ақшалай формада орындалуды көздейтін
банктік кепілдеме беру.
Елімізде қабылданган банктік зандылықтарға сәйкес ҚР-ғы банк жүйесі
екі деңгейден тұрады.
ҚР Ұлттық банкі — мемлекеттік орталық банк ретінде бірінші деңгейді
білдіреді.
Өзге банктердің барлығы (Мемлекеттік даму банкісінен басқасы) - екінші
деңгейді
сипаттайды, сондықтан да оларды іс-жүзінде екінші деңгейдегі
банктер деп атайды.
Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші ұйым рөлін атқара отырып,
орталық банк экономикамызда басты орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: