Диана ОРАЗАЛИНА
НӘУБЕТ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ
Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу
күніне орай Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Әбсаттаров
бастаған аға буын мен қоғам белсенділері тоталитаризм
құрбандарына арналған ескерткішке гүл
шоқтарын қойды.
1940 жылдың 1 сәуірінен бастап негізгі жұ-
мысына кіріскен дала лагерінде негізінен «халық
жауы» деп жазықсыз айыпталғандар, кінәсіз жұ-
мысшылар, колхозшылар, инженерлер, дәрігер-
лер және НКВД тізімі мен құрылысқа, шахталарға
еңбек күші керек болғандықтан қамалған адамдар
болды. Кеңгір, Қарсақбай, Жезқазған жеріндегі
үш бөлімнен құралған лагерь сұмдығы, ондағы
жан түршігерлік зорлық-зомбылық, жазықсыз
жазаға тартылып, қаза тапқандар қасіреті тарих
беттерінде мәңгі ақтаңдақ күйінде қалары сөзсіз.
Қай кезде, қандай заман болмасын тарих
ұмытылмасы, шындық су бетіне қалқып шыға-
ры күмәнсіз. Тарихты зер салып, өткенін нақ
сараптаған ел ғана болашағын бекем етеді. Осы
орайда өлке тарихын тереңінен зерттеп жүрген
Жезқазған тарихи-археологиялық музейі қай
кезде де танымды кештер мен жарқын жүздесу-
лердің ұйтқысы болып келеді.
31 мамыр – Қуғын-сүргін құрбандарын еске
алу күніне орай музей басшысы Раушан Қапаро-
ва онлайн форматта «Степлаг: өткенге тағзым –
болашаққа тағылым» атты кездесу ұйымдасты-
рды. Аталған кездесуге Мәжіліс депутаты Берік
Әбдіғали, қала басшысы Қайрат Әбсаттаров,
Мәскеудегі ГУЛАГ тарихи музейі басшысының
орынбасары Артем Готлиб, Ө.А.Байқоңыров
атындағы Жезқазған университетінің профессо-
ры, т.ғ.к. Тұрғанбек Алланиязов және Қараған-
ды облысы мәдениет, архибтер және құжатнама
басқармасы жанындағы «Тарихи-мәдени мұраны
сақтау орталығының» басшысы Түлкібай Төлеу-
ов қатысты. Кездесуде Берік Әбдіғалиұлы саяси
қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің мем-
лекеттік маңызы жайлы жан-жақты тоқталды. Ар-
тем Готлиб болса ГУЛАГ-қа тікелей бағынышты
болған Степлаг лагеріне жүргізілген ғылыми-
тарихи зерттеулер жайлы тың деректерімен
бөлісті.
ҚАСІРЕТТІ ЖЫЛДАР ЖАҢҒЫРЫҒЫ
Достарыңызбен бөлісу: |