Жезқазған қаласының әкімі
Қайрат Әбсаттаров Израильдің
Қазақстан Республикасындағы Төтенше және
Өкілетті елшісі Лиат Вексельманмен
кездесті.
►3-бетте
атты үздіктер шеруі өтті
«БОЛАШАҚ – БАҚЫТТЫ ҰРПАҚТА»
Ашық аспан астында «Кетбұқа» ескерткіші алдында
барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізіл-
ген салтанатты шараның басты кейіпкерлері облысымы-
здың түпкір-түпкірінен ағылды. Қарағанды облысының
қаласы мен ауданын түгел қамтуды мақсат еткен ұйым-
дастырушылар білім қуып, спорт пен өнерді серік еткен
жас өрендерге лайықты құрмет көрсете білді. Қатар-
ластарынан оқ бойы озғандарды төрге оздырған кездесу-
де сөз алған қала басшысы Қайрат Әбсаттаров көңілі тол-
қыған ұл-қызды жігерлендіре түсірді.
– Мен өз сөзімді Мемлекет басшысы
Қасым-Жо-
март Тоқаевтың жастар туралы сөзімен бастағым келеді.
«Сіздер, жастар, – таңдану мен құрметтеуге лайықты
отандастарымыздың жаңа келбетін қалыптастырып
келесіздер. Сіздерге бүкіл әлем ашық. Білімге деген
терең талпыныс сіздерді үнемі алға ұмтылуға итерме-
лейді». Демек, білім мен ғылым салтанат құрған елдің
болашағы жарқын болады. Бүгінгі заман біліктілердің,
білімділердің, жаңашылдыққа ұмтылғандардың заманы,
егерде осы қатардан орын алсаңыздар болашаққа нық қа-
даммен жол бастайсыздар! Мен сіздерге қызық та жаңа,
жарқын дүниелерді біліп тануға деген сарқылмас ізденіс
пен құлшынысты тілегім келеді, – деген қала басшысы
жастарды қолдау арқылы білім мен ілімге құлшынды-
рған өңірдің атымтайы Бекзат Алтынбековке алғысын
жеткізді.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына
арнап Қарағанды облыстық мәслихатының
депутаты, Қазақстан Халқы Ассамблеясының
мүшесі, меценат Бекзат Алтынбеков «Болашақ –
Достарыңызбен бөлісу: |