№21 (8233) жезқАЗҒан аймақТЫҚ газеті • 973 жылғЫ 13 СӘуірден шығады saryarqa maýsym



Pdf көрінісі
бет39/45
Дата02.11.2023
өлшемі4.02 Mb.
#482197
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45
21-21

JEKSENBI
13 MAÝSYM
Коронавирус COVID-19 — SARS-CoV-2 (2019-nCoV)
вирусымен қоздырылатын ауыр респираторлық инфекция.
Жіті респираторлық вирустық инфекциясы жеңіл және
ауыр түрде де өтуі мүмкін. Оның негізгі асқынуларына
вирустық пневмония, жіті респираторлық
дистресс-синдром жатады.
Аурудың негізгі белгілері
 – дене қызуы, шаршағыштық және 
құрғақ жөтел
Коронавирустың алдын алудың тиімді
шараларына қолды жиі жуу және респираторлы гигиена
ережелерін сақтау жатады. Ауру жұқтырып, ем қабылдау
барысында 15% жағдайда ауру оттегі терапиясын қолдану
қажеттілігін тудырады. 
Коронавирустық инфекция жұғу жолдары:
– ауа тамшылары арқылы: жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескен 
кезде екі адамның аралығы жақын болса; 
– байланыс жасау арқылы: қол алысу кезінде және беткі қабаттар-
дан (мысалы, есіктің тұтқалары), азық-түлік өнімдері.
Коронавирус инфекциясының алдын алу үшін төмендегі ескерту-
лерді орындау қажет: 
– қоғамдық орындарда, соның ішінде қоғамдық көліктерде бетпер-
де кию; 
– қол гигиенасын сақтау;
– әлеуметтік қашықтықты сақтау; 
– адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу. 
Коронавирустық инфекцияның ең көп кездесетін белгілері – дене 
қызуының көтерілуі (38 ° C дейін) және құрғақ жөтел. Кейде тамақ 
ауырып, шаршағыштық сезім пайда болып, буын ауруы, бас ауруы жә-
не ентігу сияқты белгілер пайда болады. Сондай-ақ сирек кездесетін 
белгілеріне мұрынның ағуы және диареяны жатқызуға болады.
Аурудың негізгі емі табылмай тұрғаны өкінішті. Соның салда-
рынан қаншама адам өлімге душар болды. Дегенмен, қай кезде де 
тығырықтан шығудың қандай да бір амалы анықталары сөзсіз. Қазір-
гі таңда аурудың алдын алып, жаппай ауруханаға түспес үшін вак-
цина салдырғаннан артық тиімді амал жоғына көзіміз жетіп отыр. 
Алғашында ел арасында екпеге қарсы түрлі айтыс-тартыстап, кереғар 
пікірлер айтылды. Дегенмен, бүгінгі таңда вакцина салдыруға ниет-
тілер саны артып отыр. Бұл әрине, қуанышты жайт. Елімізде 2 млн-нан 
астам халық екпе ектіртті. Бұл цифрлар саны алдағы уақытта да арта 
беретініне сенемін. Жаппай иммунитет қалыптасып, ауруға қарсы ан-
тидене пайда болса, қауіп те азаяды. Бастысы – жақындарымыздың 
саулығы. Үйде жүкті әйел болатын болса, отбасының басқа мүшелері 
түгелдей вакцина салдырғаны дұрыс дер едім. Себебі аяғы ауыр әйел 
қандай да бір вирусты қабылдауға бейім келеді. 
Алаңсыздық, маскалық режимді сақтамау, карантин талаптарын 
ескермеу – аурудың қаупі молайып, зардап шегетіндер санының ар-
туына себеп болады. Сол себепті барлығымыз жауапкершілікпен әлеу-
меттік арақашықтықты сақтап, кісі көп жерлерге бармай, үнемі маска 
тағып жүргеніміз жөн. Бұл – сіздің және жақындарыңыздың аман-
дығының кепілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет