Абилбакиева галия турысбековна



Pdf көрінісі
бет12/40
Дата02.11.2023
өлшемі2.47 Mb.
#482213
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40
Dissertation1

 
1.2 Мектепке 
дейінгі 
ұйым 
педагогтерінің 
ақпараттық–
коммуникациялық технологиялар арқылы басқарушылық құзыреттілігін 
қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық астарлары 
 
Ақпараттық-комуникациялық технологиялар (АКТ) құралдарының қоғам 
өмірінің барлық салаларына біртіндеп енуінің нәтижесінде олардың көмегіммен 
оқу-әдістемесін жетілдіру, ғылыми-зерттеу іс-әрекеттерін модельдеу, виртуалды 
оқу сабақтарын жүргізуде қолжетімділік деңгейі артты. Соңғы жылдардағы 
ғылыми-педагогикалық басылымдарда білім беру үдерісіне қатысушылардың 
коммуникативтік қызметін жандандыру мәселесі жиі талқылануда. Бір жағынан, 
мектептерде «мұғалім-оқушы», «оқушы-оқушы» формаларында ынтымақтастық 
үшін 
қосымша 
әлеует 
жасайтын 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды белсенді қолдану жағдайында білім алушылар мен 
педагогтардың нәтижелі ынтымақтастығын ұйымдастыру қажет. Екінші 
жағынан, педагог құзыреттілігінің маңызды сипаттамасы жаңа әдістемелер мен 
оқытуды әзірлеу және сынақтан өткізу мақсатында желідегі әріптестерімен өзара 
іс-қимыл жасауға уәжді ұмтылу болып табылады. 
 
Болашақ МДҰ педагогтерінің басқарушылық құзіреттілігі– білім беру 
үдерісін тиімді басқаруға ғана емес, кәсіби іс-әрекетін жүзеге асыруда
пайда болған мәселелерді шешу барысында кездесетін кедергілерді жеңуге 
мүмкіндік беретін әмбебап және кәсіби дағдылар жиынтығы.


26 
Пайда болып отырған жаңа мүмкіндіктер өзара ақпарат алмасуға арналған 
технологияларды меңгеру үшін педагогтер арасындағы виртуалды әдістемелік 
бірлестіктерді құруға әкеліп отыр. Ақпарат алмасудың әр түрлі формалары 
(вебинарлар, форумдар, дистанциялық мастер-кластар және т.б.) негізінде
болашақ мектепке дейінгі ұйым мамандары тәрбиеленушілермен жұмысы 
кезінде қолдана алатын және қолдануға болатын заманауи технологияларды 
меңгереді. Демек, білім беруде болашақ МДҰ педагогтерін даярлаудың қазіргі 
заманғы жүйесі тиісті құзыреттіліктерді қалыптастыру мен дамытуды 
қамтамасыз етуі тиіс. Яғни білім беруді ақпараттандыру және барлық 
сатыларында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану 
оқытуды тиімді, сапалы етеді деген сөз. Ал білім берудің сапалы жаңа тәсілдері, 
бағдарламалары мен әдістемелері де пайда болады. Технологиялардың жылдам 
жаңаруы мен қиындай түсуі білім беру саласын ақпараттандыруды іргелі 
мәселеге айналдырудың да маңызы зор екенін білдіреді. Осыған орай 
мемлекеттік құжаттарда білім беру саласы бойынша даму бағыттарына 
өзгерістер енгізіліп маңызды ұлттық басымдық деп танылып отыр. 
Осы 
өзгерістерге 
байланысты 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияның рөлі мектеп жүйесінде ғана емес мектепке дейінгі білім беруге де 
кеңінен әсер етіп отыр. Ендеше ақпараттандырудан мектепке дейінгі білім беру 
мәселесі тысқары қала алмайтындығы сөзсіз. Оның үстіне қоғам дамуының 
қазіргі жағдайында мектепке дейінгі білім беру мәселесі жедел дамуға 
бағытталған өзгерістер орын алуда. Жалпы айтқанда қоғамды ақпараттандыру 
үдерісі толассыз жүріп жатыр. 
Қоғамды ақпараттандыру - бұл жаһандық әлеуметтік үдеріс, оның 
ерекшелігі микропроцессорлық және есептеу техникасының қазіргі заманғы 
құралдары негізінде, сондай-ақ ақпараттық алмасудың әртүрлі құралдары 
негізінде жүзеге асырылатын ақпаратты жинау, шығару, өңдеу, сақтау, беру 
және пайдалану болып табылады. 
Қазіргі қоғамды ақпараттандыру үдерісінің басым бағыттарының бірі білім 
беруді ақпараттандыру болып табылады. Яғни, білім беру саласында оқытудың, 
тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық мақсаттарын іске асыруға 
бағытталған заманауи жаңа ақпараттық технологияларды (ЖАТ) оңтайлы 
пайдалану әдіснамасы мен тәжірибесін әзірлеу және онымен қамтамасыз ету 
үдерісі [146]. 
Бұл үдеріс мыналарға бағытталған: 
- ғылыми-педагогикалық 
ақпараттардың, 
ақпараттық 
және 
оқу 
материалдарының, 
сондай-ақ 
коммуникациялық 
желілердің 
автоматтандырылған деректер банкін қолдану негізінде білім беру жүйесін 
басқару тетіктерін жетілдіру;
- қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында тұлғаны дамыту 
міндеттеріне сәйкес әдіснамалар мен мазмұнды сұрыптау стратегияларын, 
әдістер мен оқытудың ұйымдастыру формаларын, тәрбиелеуді жетілдіру;
- жеке тұлғаның зияткерлік әлеуетін дамытуға, білімді өз бетімен игеру, 
ақпараттық-білім беру, тәжірибелік-зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпаратты 


27 
өңдеудің әр түрлі түрлерін жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыруға 
бағытталған оқытудың әдістемелік жүйесін құру;
- компьютерлік тестілеу, білім деңгейін бағалау және бақылаудың 
диагностикалық әдістерін құру және пайдалану. 
Қазіргі уақытта АКТ-ны МДҰ басқару тәжірибесінде қолдану негізінен 
төмендегідей: 
- стендтерді, топтарды, кабинеттерді безендіруге арналған иллюстрациялық 
материалдарды таңдау (сканерлеу, Интернет, принтер, презентациялар); 
- тәжірибе алмасу, мерзімді басылымдар арқылы басқа да МДҰ
әзірлемелерімен танысу; 
- түсірілген суреттерді басқаруды, фотосуреттерге түсіруді, қажет суретті 
оңай табуды, редакциялауды және көрсетуді жеңілдететін сандық 
фотоаппараттар мен суреттерді өңдеу бағдарламаларын пайдалану; 
- бейнекамераны және онымен байланысты бағдарламаларды пайдалану 
(бейнематериалды қараудың, сақтаудың және бөлудің түбегейлі жаңа тәсілі,
фильмге субтитрлер, сахналар арасындағы ауысулар, фондық музыка немесе 
дауыс қосу арқылы қарапайым фильмдер жасау); 
- МДҰ басқару үдерісін ақпараттық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз 
ету мақсатында, басқарушылық қызметте Интернетті пайдалану; 
- мекеменің буклеттерін, таныстыру карточкаларын, қызметтің әр түрлі 
бағыттары бойынша материалдарды рәсімдеу; 
- тек педагогтер ғана емес, сонымен бірге ата-аналар үшін де қызығушылық 
тудыратын медиа кітапханаларды құру
- мектепке дейінгі білім беру мекемесінің іс жүргізуінде компьютерді 
пайдалану, әр түрлі мәліметтер қорын құру; 
- электрондық пошта құру, МДҰ сайтын жүргізу және т.б. 
Қазақстандық білім беру жүйесінің мектепке дейінгі деңгейін 
ақпараттандыру- бұл ақпараттық қоғамның даму тенденцияларының бірі.Соңғы 
жылдары сапалы білім мен оқу үдерісін басқаруды қамтамасыз ету үшін 
ақпараттық-білім беру орталары Интернеттің Қазақстандық секторында да 
толығып келеді.Заңды мәселелерді шешу тәжірибесінде оқу үдерісін басқаруда 
ақпараттық – коммуникациялық технологияларды дамыту және қолдану 
Қазақстандық білім беруді заманауи бейімделуге итермелеп келеді және солай 
болуда [147]. 
Жеке оқу орнының жеткен жетістіктерінің сапасының деңгейін анықтауға 
және өлшеуге болатын болған кезде ғана жалпы білім беру жүйесінің сапасы 
туралы айтуға болады.Еліміздегі мектепке дейінгі білім беру жүйесін 
модернизациялау мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің(МДҰ) басқарушылық 
іс-әрекетінің сипатына елеулі өзгерістер енгізді. Мектепке дейінгі жастағы 
балаларды оқыту мен тәрбиелеу, дамыту мәселелерін басқару жүйесін 
жетілдірудің, ғылыми қағидалардың негізінде, мектепке дейінгі ұйым
педагогінің кәсіби деңгейінің жоғары болуы, педагогтердің біліктілігін арттыру, 
педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың тәсілдерін өзгерту арқылы ғана сәтті 
шешуге болатындығы белгілі болды. 


28 
МДҰ басқаруды ақпараттандырудың мәні педагогикалық жүйенің 
жұмысын оңтайландыру, оның әлеуетін дамыту және әлеуметтік тапсырысты 
жүзеге асыру мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында заманауи компьютерлік 
технологиялар мен коммуникациялық құралдарды қолдануға негізделген 
басқару қызметін ақпараттық қамтамасыз ету үдерісі болып табылады.Заманауи 
технологиялар мен компьютерлік бағдарламалар білім беру сапасын басқаруға, 
ұйым басшысының сол мекеменің барлық аспектілері: білім беру үдерісін 
ұйымдастыру, балалардың денсаулығын жақсарту және т.б., соның ішінде әр 
түрлі есептер мен анықтамаларды дайындауға мүмкіндік беретін «ақпараттық 
вертикальды» жасауға мүмкіндік береді.Дамудың қазіргі кезеңінде МДҰ 
педагогтары оқытушыларға жасалған диагностика, бақылау және бағалау 
нәтижесінде алынған ақпаратты талдау әдістері мен тәсілдері туралы әрдайым 
жеткілікті біле бермейді. 
Мектепке дейінгі ұйымдары басшыларының кәсіби қызметі жетілдіріліп, 
бақылау, талдау және мақсат қою мәселелерінде қазіргі заманғы ғылым мен 
практика талаптарына жауап бере алатындай болуы үшін ол сәйкесінше тиісті 
(олардың мәніне сәйкес) құралдармен жұмыс жасай алатындай болуы керек. Өз 
кезегінде, қажетті бағдарламалық өнім өндіріс сипаттамасы мен нақты 
тұтынушының қажеттіліктерін ескеруі керек. 
Мектепке дейінгі ұйымның жұмысының дұрыс жүруі басшысы мен оның 
орынбасарларының ақпаратқа қаншалықты ие екендігіне және ақпаратты 
қаншалықты тез өңдеп, оны оқу үдерісіне қатысушылардың назарына жеткізе 
алуларына тікелей байланысты. Мектепке дейінгі ұйымы педагогтерінің 
ақпараттық-технологиялық құзыреттілігі дегеніміз – МДҰ-ны ақпараттандыру 
жағдайында оның іс-әрекетінің өнімділігін қамтамасыз ететін жалпы білімді, 
дағдыларды, мотивациялық-құндылық бағдарлары мен кәсіби және жеке 
қасиеттердің жиынтығын қамтитын тұлғалық тәрбие дегенді білдіреді.
АКТ-ны пайдалану басқару іс-әрекеті тәртібінің сапасы мен мәдениетін 
жоғарылатуға, даму режимінде жұмыс істеуге резерв құруға мүмкіндік береді. 
МДҰ басқаруда АКТ пайдалану келесідей көрсеткіштерді арттыруға мүмкіндік 
береді: 
- еңбек шығындары мен уақытты үнемдеу; 
- басқарылатын жүйенің жай-күйі туралы хабардарлықты арттыру; 
- басқарушылық шешімдерді қабылдаудың тиімділігі; 
- басқарушылық шешімдердің сәйкестігі мен өнімділігі; 
- ақпараттық үдерістерді оңтайландыру және автоматтандыру; 
- зияткерлік әлеуетті арттыру. 
Заманауи білім беру жүйесінің ерекшелігі бүкіл басқару вертикалі бойынша 
тікелей және кері ақпарат ағындарының күрт артуы болып табылады. 
Ақпаратпен жұмыс істеудің дәстүрлі түрлері дерлік ескірді, осыған байланысты 
компьютерлік технологияларды басқару мақсатында қолдануға балама жоқ. 
Ақпаратты сақтау, өңдеу, алу, беру, талдау, компьютерлік желілер арқылы қағаз 
ағынын азайту басқарушылық қызмет үдерісін жеделдетуге және тұтастай 
алғанда оның тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. 


29 
Ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
МДҰ 
педагогінің
басқарушылық құзыреттіліктерін пайдалану мүмкіндіктеріне жасалған талдау 
көрсеткендей төмендегі қызметтік функциялардың жұмыс өнімділігі артады: 
1) басқару субъектілерінің автоматтандырылған жұмыс орнын (АЖО) 
ұйымдастыру; 
2) МДҰ электрондық ақпараттық базасының құрылымы мен мазмұнын 
дамыту; 
3) МДҰ автоматтандырылған ақпараттық жүйесін модельдеу; 
4) өз қызмет салаларында МДҰ мәліметтер базасын жобалау; 
5) электрондық жинау әдістері мен құралдарын қолдана отырып, қажетті 
ақпаратты алу; 
6) жиналған ақпаратты МДҰ электрондық базасының аналитикалық 
процедуралары мен құралдарын пайдалана отырып өңдеуді ұйымдастыру; 
7) әртүрлі тасымалдаушы құралдарда тиімді ақпарат қалыптастыру және 
беру. 
Сондықтан да, болашақ МДҰ педагогтерінің басқарушылық 
құзыреттіліктерін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы енгізу 
басқарушылық қызметтің тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді және бұл МДҰ-
ды дамытудағы қисынды және қажетті қадам болып табылады. 
Психологиялық–педагогикалық және тарихи-педагогикалық әдебиеттерді 
талдау негізінде мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің басқарушылық 
құзыреттілігін қалыптастырудың мазмұны мен мәнін ашатын тарихи 
деңгейлерді атап өтуді жөн көрдік. 
Басқарудың ғылыми мектебі негізін салушылардың Ф. Тейлор,
Г. Эмерсон [28] пікірінше басқару - бұл ерекше мамандық, ал ол туралы ілім 
дербес пән. Олар логикалық талдау мен бақылауды қолдана отырып, жұмысты 
тиімді орындау үшін жекелеген операцияларды ғылыми жетілдіруді ұсынады, 
ғылыми басқаруды ұстанады. Ғылыми басқару әдістерінің бірінші кезеңі - 
жұмыстың мазмұнын талдау және оның негізгі компонентін анықтау екендігін 
көрсетеді. Өндірістің өнімімен көлемін үлкейте отырып, жұмысшыларды 
белсендіру мақсатымен ынталандыруды жүйелі қолдануды ұсынды.
Басқарудағы әкімшілік-классикалық мектептің негізін салушы А.Файоль - 
француздың ірі компаниясын басқарушы Л.Урвик, Д.Мунк, Э.Реймс, О.Шелдон, 
Джеймс Мони оның ізбасарлары болды.Олардың ерекшелігі -басқарудың 
әлеуметтік аспектілеріне көп көңіл бөлген жоқ.Осы мектептің жасауымен 
басқарудың әмбебап қағидасы құрылды. Бұл екі негізгі аспектіні ұйымды 
басқарудың рационалды жүйесін, жұмысшыларды басқарумен ұйымның 
құрылымын жасауды қамтиды [28, 99 б.]. 
Алдыңғы тарауда негіздегендей педагогтердің басқарушылық құзыреттілігі 
кәсіби құзыреттіліктің ажырамас бөлігі болып табылады. Зерттеу барысында 
болашақ МДҰ педагогтерінің басқарушылық құзыреттілігінің құрылымы мен 
мазмұнын анықтау үшін алдымен басқару бағытына, стиліне, функцияларына, 
құрамына, сапалары мен түрлеріне талдау жасаудың қажеттілігі туындады. 


30 
Болашақ МДҰ педагогтерінің
басқарушылық стилін анықтауда біз 
ғалымдар дәлелденген басқару стилі теориясына жүгінеміз. Белгілі неміс-
американ психологі К.Левин тұлғаның дамуы теориясын жасауда басқару стилі 
тұжырымдамасының негізін қалады. Ол эксперименттік зерттеу нәтижесінде
басқарудың 3 негізгі стилін анықтады: авторитарлық; демократиялық; 
либералдық, немқұрайлық [122]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет