Абилбакиева галия турысбековна



Pdf көрінісі
бет15/40
Дата02.11.2023
өлшемі2.47 Mb.
#482213
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   40
Dissertation1

жүйелік, 
іс-әрекеттік, 
тұлғалық-бағдарлық, 
құзыреттілік, 
ақпараттық тұрғыда пікір білдірген әртүрлі тұғырларды қарастырамыз. 
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы болашақ мектепе 
дейінгі 
ұйым 
педагогтерінің 
басқарушылық 
құзыреттіліктерін 
қалыптастыруы мына төмендегі тұғырларға негізделді: құзыреттілік тұғыр, 
ақпараттық тұғыр, іс-әрекеттік тұғыр, жүйелілік тұғыр, тұлғалық – бағдарлы 
тұғыр. Енді осы аталған тұғырлардың біздің зерттеуіміздің теориялық 
әдіснамалық тұғыры болатындығына негіздеме береміз. 
Тұлғаға бағдарлаған тұғыр жоғары мектеп студенттерінде өзін-өзі 
қалыптастыру дағдыларын дамытуға бағытталған педагогикалық үдерістің негізі 
болып табылады. Қазіргі педагогика ғылымында бұл тұғыр түрлі бағыттарда 
көрініс тауып, әдіснамалық ұстаным ретінде Е.В. Бондаревская [97], 
В.В.Сериков [118], В.А.Сластенин [102] және т.б; даралап оқытудағы 
субъектілердің өзара әрекеттестігінің сипатын ашатын оқыту типі ретінде 
И.С.Якиманская [117] және т.б.; психологиялық технологиялардың біріктірілуі 
негізінде құрылған психотерапиялық үдеріс ретінде еңбектері қолданылып 
келеді. 
И.С. Якиманская тұлғаға бағдарлану тұғырының әдіснамалық негіздерін 
зерттей отырып, оқу әрекетінде білім алушының субъектілі тәжірибесіне сүйену 
керек деп есептейді. Субъектілі тәжірибе танымда айқындалатын жеке іс-
әрекеттің негізі болып табылады.
Сондықтан білім беру үдерісінде білім алушының субъектілі тәжірибесі 
оқытушының беретін тәжірибесі арқылы мәдени сипатқа ие болып, өзгереді, 
дамиды, жетіледі. Демек білім алушының тәжірибесі жеке, субъективті, 
қоғамдық тәжірибелердің үйлесімінде, бірлескен әрекетінде, меңгерген 
субъективті тәжірибесіне сүйенген жағдайда ғана нәтижелі болады [102]. 
Е.В. Бондаревская тұлғаға бағдарлану тұғырының теориялық негіздеріне 
өзіндік талдау жасап, білім беру сапасының қоғамдағы мәдениет дәрежесіне 
сәйкестік ұстанымын ұсынды [97]. Педагогикада тұлғаға бағдарлап оқытудың 
міндеттерін шешудің түрлі нұсқалары мен құралдары кездеседі.
Соның бірі В.В. Сериков [118] өз үлгісінде оқу үдерісі субъектілерінің 
төменде берілген жеке тұлғалық қызметін толық көрсету және дамыту үшін 
жағдайлар жасау қажеттілігін ерекше атап көрсетеді: уәждеу (әрекетті қабылдау 
және негіздеу), байланыстыру (сыртқы әсерлер мен ішкі сананың түрткілеріне 


41 
қатысты), коллизиялық (өмірдің жасырын қайшылықтарын көру), сыни (сырттан 
ұсынылатын құндылықтар мен қағидаларға қатысты), рефлексивтік, мағыналы-
шығармашылық, бағдарлы (дүниенің жеке бейнесін – жеке дүниетанымды құру), 
ішкі дүниенің өзін-өзі реттеуін және орнықтылығын қамтамасыз ететін 
қызметтер, шығармашылықпен, жасампаздықпен, өзінің міндеттерін жүзеге 
асыру (өзін айналасындағыларға мойындатуға талпыну), өзі талабына қарай 
рухани деңгейін қамтамасыз ету.
Н.А.Алексеев жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мәнін, бір жағынан 
оқушы мен мұғалімнің байланысымен, екінші жағынан, оқушының мәдениетте 
танылуы арқылы өзінің жеке тұлғасын құруынан тұратын «мәдени акт» деген 
түсінікпен байланыстырады [120]. Ол тұлғаға бағдарлану үлгісін субъективті 
және тұлғаға бағдарлана оқыту деп екіге бөледі. Субъективті бағдарлана оқыту 
оқушылардың қиялын еңбек іс-әрекетін ұйымдастыруда өздігімен дербес, 
«операциялық-орындаушылық» мәндегі белсенділігін дамытуға бағытталады. 
Е.Н.Степанов тұлғаға бағдарлану тұғырын педагогикалық қызметтегі 
әдістемелік бағдар ретінде анықтайды. Тұлғаға бағдарлану тұғыры өзара 
байланысты түсініктер, идеялар және әрекет ету тәсілдері жүйесіне тірек болу 
арқылы тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі көрсету және өзін-өзі жүзеге асыру, 
өзінің қайталанбас даралығын дамыту үдерістерін қамтамасыз етуі және қолдауы 
мүмкін.
Оның пікірінше, тұлғаға бағдарлану тұғыры білім алушылармен өзара 
әрекеттесетін мемлекеттік және қоғамдық институттардың емес, көп жағдайда 
білім алушылардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға 
бағытталған. Бұл тұғырды қолданған кезде профессорлық-оқытушылар құрамы 
студенттерде әдеттегі әлеуметтік қасиеттерді қалыптастыруға емес, олардың 
әрқайсысында әмбебап тұлғалық қасиеттерді дамытуға негізгі күш салады, бұл 
оқытушылар мен студенттер арасында субъекті-субъектілік қатынастардың 
пайда болуына әсер етеді [101].
К.Өстемировтың зерттеуінде білім беру сатыларының ерекшелігіне 
байланысты мектепке дейінгі білім беруде - жеке тұлғаға бағдарлана тәрбиелеу 
және дамыту, бастауыш мектепте - субъективті бағдарлана оқыту және дамыту, 
базалық білім беру сатысында - жеке тұлғаға бағдарлана тәрбиелеу, бітіруші 
сатысында - жеке тұлғаға бағдарлана оқыту, мектептен кейінгі білім беру 
сатысында - жеке тұлғаға бағдарланған кәсіби білім беру деп бөліп
көрсеткен [139].
Сондықтан зерттеу жұмысымыздың әдіснамалық негізін нақтылауда, 
болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің басқарушылық құзыреттілік 
мәселесін шешуде тұлғаға бағдарлану, іс-әрекеттік, ақпараттық, құзыреттілік, 
жүйелілік, тұғырларын басшылыққа алдық (7-кесте). 


42 
Кесте 7 - Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің басқарушылық 
құзыреттілігін қалыптастыру тұғырлары. 
Әдіснамалық 
тұғырлар 
Сипаттамасы 
Ғалымдар 
Құзыреттілік 
тұғыры 
Құзыреттілік тұғыр – білім берудің мақсатын 
айқындаудың, білім беру мазмұнын іріктеудің, білім 
беру үдерісін ұйымдастырудың және нәтижелерін 
бағалаудың жалпы қағидаларының жиынтығы.
Э.Ф. Зеер,
И.А. Зимняя, 
А.В. Хуторской 
Д.Б. Эльконин
және т.б. 
[38, 33, 121, 124].
Жүйелілік 
тұғыры 
Білім беру жүйесінде жеке тұлғаның дамуы, бәрінен 
бұрын, білім беру және тәрбие үдерісінің негізі болып 
табылатын әмбебап оқу іс-әрекеттерін қалыптастыру 
арқылы қамтамасыз етіледі. 
А.Н.Леонтьев, 
Д.Б.Эльконин,
Л.С.Выготский, 
П.Я.Гальперин, 
98, 121, 12, 13
].
Тұлғаға 
бағдарланған 
тұғыр 
Қазіргі 
педагогиканың 
теориялық-әдіснамалық 
негіздері, 
баланың 
дара, 
шығармашылық 
ерекшеліктерін ашу және есепке алу
Ш.А. 
Амонашвили, 
Д.Б. Эльконин, 
В.В. Давыдова, 
[136, 121, 14].
Іс-әрекеттік 
тұғыр 
Басқару үдерісінің негізгі топтың мақсаты мен 
міндеттері болып табылады, кімнің басқару 
болатынын және басқару қандай стилі аса маңызды 
екенін анықтайды; топта басқаруды айқындау және 
оның стилін анықтау үшін әдістеме құрады.
И.Фихте 
Г.Гегель
А.Н.Леонтьев, 
С.Л. Рубинштейн 
[18, 99, 98, 15].
Ақпараттық 
тұғыр 
Ақпараттық тұғыр – табиғат пен қоғамның 
нысандарын, үдерістерін немесе құбылыстарын 
ғылыми тұрғыдан танудың әдісі, бұл әдіске сәйкес, ең 
алдымен, зерттеліп отырған нысандардың қызмет етуі 
мен дамытуын анықтайтын сипаттаушы түрлі 
ақпараттық аспектілер айқындалып, талданады
Л.В. Гайдаренка,
В.Г. Афанасьев 
және т.б.
[129] 
Кестеде көрсетілген әдіснамалық тұғырлар болашақ мектепке дейінгі ұйым 
педагогтерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру зерттеу барысында
маңызды рөл атқарады.
Психология ғылымында іс-әрекет тұғыры ұғымы туралы бірнеше бағыттағы 
түсіндірулер берілген. Соның бірі М.Я. Басовтың теориялары бойынша іс-әрекет 
тұғыры заттық әрекет категориясының негізінде психиканы зерттеу қағидасы
[130], ал А.Н.Леонтьевтің теориясында нәтиже индивид әрекетіндегі 
психологиялық бейненің құрылымы және қызметі тұрғысынан түсіндіріледі [98]. 
Адамның іс-әрекетінің қоғамдық сипаты біріншіден, іс-әрекет заты 
қоғамдық өнім, екіншіден, адамның іс-әрекетін жүзеге асыру үдерісінде 
қоғамдық байланыстар мен қатынастар жүйесі кеңейеді. Сонда іс-әрекет – бір 
адамнан екінші адамға, өткен ұрпақтың басқа ұрпаққа әлеуметтік тәжірибесін 
жеткізу құралы болып табылады. 


43 
Іс-әрекеттік тұғыр П.Я. Гальпериннің [13, 233б.], Н.Ф. Талызинаның ақыл-
ой әрекеттерін кезеңмен қалыптастыру теориясында мейлінше толық және 
теориялық тұрғыдан негізделіп берілген .
Адам әрекетінің қоғам бағалайтын қасиеттері ретінде П.Я.Гальперин 
бастапқы бес қасиетті айрықша атап көрсетеді, олар: кезең қасиеттерінің 
толықтығы, мәнді қатынастарды мәнді еместерден саралау мөлшері, жүзеге 
асыру деңгейі, уақыттық және шамалық сипаттамалар және төрт туынды қасиет 
– ақылдылық (естілік), саналылық, меңгеру мөлшері, сынилық. Ақыл-ой 
әрекеттерін кезеңмен қалыптастыру теориясында адам әрекетіне айналатын 
белгілі бір қасиеттер жиынтығын қамтамасыз ететін, төрт ішкі жүйеден тұратын 
төмендегідей психологиялық шарттар анықталған: іс-әрекетті меңгеру және оны 
жүзеге асырудың тиісті түрткісін қалыптастыру; толыққанды бағдарлануды 
және меңгерілетін әрекетті пайдалануды қамтамасыз ету; әрекеттің қалаған 
қасиеттеріне тәрбиелеу; әрекетті ойша істеу [13, 240б.].
Ішкі жүйелердің әрқайсысының кең түрдегі сипаттамасы бар бұл кез келген 
оқу пәнінің оқыту жүйесін білім алушылардың жас, дара және оқылатын 
материалдың мазмұндық ерекшеліктеріне сай құруға мүмкіндік береді [102]. 
П.Я.Гальперин оқудың түрлі типтеріне талдау жасап, олардың ішіндегі ең 
тиімдісі – үшінші тип деп тұжырымдаған, бұл тип білім алушылардың кез келген 
білім саласын түсіндіретін негізгі бірліктерді, заңдарды және олардың 
үйлестігін, ең бастысы – оларды анықтаудың жалпы әдістерін бағдарлауымен 
сипатталады [102]. Мұндай бағдар тұлғаға тиісті әрекеттердің шарттары мен 
құрамы неге негізделетінін түсіндіреді. Оны қалыптастырудың негізгі жолы – 
адамның тікелей қабылдай алмайтын заттың сапалық ерекше жақтарын, оның 
негізгі бірліктерін бөліп шығаруға мүмкіндік беретін, қоғамда қалыптасқан 
эталондар мен мөлшерлерді пайдалану. Соның арқасында балалар заттарды 
жанама түрде бағалауға көшеді, олардың өз «теориялық пайымдау желісі» пайда 
болады [140]. 
Сонымен, бағдарлау мен оқытудың 3-типі тұлғаның жанама, теориялық 
ойға көшуімен байланысты», ол «...интеллектуалды іс-әрекеттің шынайы қаруы 
– 
эталондар 
мен 
мөлшерлерді 
пайдалану 
әрекеттерін 
меңгеруді 
ұйымдастырумен» түсіндіріледі [13, 250б.].
Іс-әрекеттің продуктивті және репродуктивті жақтарының өзара 
диалектикалық байланысын көрсете отырып, іс-әрекеттің репродуктивті жағын 
жаңа жасампаздық міндеттерді шешер кезде бұрын қол жеткізген нәтижелерді 
қайта жаңғыртумен, ал өнімді іс-әрекет қол жеткізген нәтижелерді өзгертумен, 
яғни тікелей шығармашылықпен байланысты деп есептейді [13, 253б.]. 
Жүйелілік тұғыры Л.С.Выготский [12], А.Н. Леонтьев [98], Д.Б.Эльконин 
[124], П.Я.Гальперин [13, 260б.] білім беру жүйесінде жеке тұлғаның дамуы, 
бәрінен бұрын, білім беру және тәрбие үдерісінің негізі болып табылатын 
әмбебап оқу іс-әрекеттерін қалыптастыру арқылы қамтамасыз етіледі. Олар жаңа 
білімдер, біліктіліктер мен құзыреттіліктерді өз бетінше меңгеруіне мүмкіндік 
береді.
Демек ғалымдардың идеясы бойынша студенттер іс-әрекет жүйесін меңгеру 


44 
арқылы тәжірибе жинақтап, субьекті ретінде қалыптасады. Жоғары оқу орнында 
өзара іс-әрекетте субьектілер мен обьектілердің белсенді қарым-қатынастары 
шығармашылық іс-әрекеттерге ұласады. Кәсіби іс-әрекет қызметін орындау 
барысында студенттердің өнімді шығармашылық еңбектерінің орны өте жоғары.
Жүйелілік тұғыр танымдық әрекеттегі ең әмбебап құрал. Олай болатын 
себебі, кез келген құбылыс жүйе ретінде қарастырылады. «Жүйе» ұғымының
грек тілінен аудармасы «құрастыру» ретінде түсіндіріліп, заттардың аморфты 
еместігін, бөлінбейтіндей болмайтындығын, оларды жақын барып талдағанда 
бөліктерден тұратындығын білдіреді. Болашақ мектепе дейінгі ұйым 
педагогтерінің басқарушылық құзыреттіліктерін қалыптастыруда жүйелілік 
амалдың алатын орыны ерекше. Себебі бұл жерде, біздің ойымызша бірнеше 
жүйе бар. Атап айтсақ, болашақ тәртіпті, кезеңділікті, сақтауды талап ететін 
тұтас жүйе. Ендеше осы жүйелердің бір - бірімен байланысын ретке келтіріп, 
ортақ іске бағыттау оқытушыдан үлкен шеберлікті талап ететіндігі сөзсіз [55]. 
Жүйелік тұғыр көптеген теориялық және қолданбалы мәселелерді шешу 
үшін ғылымда кеңінен қолданылады. Жүйелік зерттеулердің жалпы міндеттері – 
жүйелерді талдау және синтездеу. Талдау үдерісінде жүйе қоршаған ортадан 
бөлінеді: оның құрамы, құрылымы, функциялары, қасиеттері, қоршаған ортамен 
өзара қарым-қатынас жасаудың жүйелік факторлары айқындалады.Синтездеу 
үдерісінде оның абстрактілі сипаттамасының негізінде құрылымы мен 
құрылымының толықтығы, сипаттаманың негіздері, динамика мен мінез-құлық 
заңдарының анықталған нақты жүйелі моделі құрылады. 
Жүйелік тұғыр қолдану нәтижесінде объективті шындықтың күрделі 
құбылыстарының жүйелік сипаттамаларын алуға болады. Жүйелік тұғырдың 
мәні, салыстырмалы түрде дербес компоненттер оқшау қарастырылмайды, 
олардың өзара қарым-қатынасында, басқа жүйемен бірлікте қарастырылады. Ал 
кез келген объект жүйе ретінде де, үлкенірек қамтылатын жүйенің элементі 
ретінде де қарастырылады [90].
Біздің ойымызша, жүйелік тәсілдің ұстанымдары «басқару құзыреттілігі» 
ұғымының анықтамасында байқалады. Бұл бақарушылық құзыреттілік 
компонентін құрайды. Сондықтан біз өз зерттеуімізде «басқарушылық 
құзыреттілік» тұжырымдамасын құзыреттілік тұғыр аясында қарастыруға назар 
аударамыз. Өйткені, құзыреттілік тұғыр-оқу-танымдық қызметті ұйымдастыруға 
бағытталған әртүрлі салаларында әртүрлі жағдайларды модельдеу арқылы 
жүзеге асады. 
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің басқарушылық 
құзыреттілігін қалыптастыру үлгісін құру үшін бұл негіз жоғары оқу орнында 
кәсіптік білім беруді жүзеге асырудың жалпы логикасына сәйкес осы үдерісті 
ұйымдастырудың кезеңдерін анықтауды білдіреді. Болашақ мектепке дейінгі 
ұйым педагогтерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру білім беру 
үдерісінде, психологтардың пікірінше, тұлғаның қабілеттерін дамытуға 
бағытталуы тиіс. Осы себепті, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар 
арқылы болашақ мектепке дейінгі ұйымдарда басқарушылық құзыреттілігін


45 
қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделінде болашақ педагогтердің 
басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың компоненттері анықталды.
Мазмұндық компонент 4 түрлі бағытта қарастырылды: мотивациялық; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет