Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет113/179
Дата03.11.2023
өлшемі7.08 Mb.
#482272
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   179
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Цифрлық камера объективі. Вариообъектив деп аталатын 
айнымалы фокустық қашықтығы бар объективтердің қазіргі 
заманғы түрі кеңінен таралған (ағыл. Zoom — трансфокатор, «зум»). 
Басты артықшылығы – кескіннің масштабын оперативті өзгерту 
мүмкіндігі 
231 


6.15 
-сурет. Үш матрицасы бар біркадрлы камера:
а — əрекет принципі; б — түсбөлу призмалар жүйесі. 
жиі матрицадан үзіндіні үлкейтуге қарағанда, аса сапалы кескінді алуға 
мүмкіндік береді. 
Цифрлық камера бекітпесі механикалық бекітпенің электронды 
баламасы болып табылады жəне матрицаға орнатылған. Қымбат бағалы 
камераларда екі бекітпе монтаждалған, жəне механикалық ұсталым 
уақыты аяқталған соң сенсорға жарық түсуін болдырмау үшін қызмет 
етеді. Кейбір цифрлық фотоаппараттарда бекітпе батырмасын басқан 
кезде автоматика жүйесі жартылай іске қосылады. Экспозицияны анықтау 
жүйесі мен автофокус түсірілім параметрлерін белгілейді жəне толық 
басылуды күтеді. 
Көрсеткіш тетік — болашақ кескіннің шектерін жəне кейбір 
жағдайларда түсірілімнің параметрлері мен айқындылығын көрсететін 
фотоаппарат элементі. Егер көрсеткіш тетіктің оптикалық схемасына 
жарық ағынын объективтен көздікке немесе күңгірт шыныға қайта 
бағыттайтын айна болса, онда мұндай аппарат айналы деп аталады. 
Фотоаппараттың басқа түрлерінен негізгі айырмашылығы дəл осы айналы 
жүйесі болып табылады, ол ауыстырмалы объективтерді пайдалануға 
мүмкіндік береді. Электрондық көрсеткіш тетіктер 
232 


сұйықкристалды (LCD) немесе органикалық жарықдиодты (OLED) 
дисплейлер түрінде орындалады
Ең көп таралғаны біробъективті айналы камера, SLR-камера 
болып табылады (single-lens reflex camera), оның схемасы 6.16- 
сурете берілген. Түсірілім объектін таңдау жəне айқындылықты 
дəлдеу процесінде фотограф камера объективімен 1 қабылданатын 
жəне күңгірт шыныға 5 айнамен 2 проекцияланатын көрсеткіш тетік 
8 көздігі арқылы нақты кескіні бақылайды. 
Көрсеткіш тетігі арқылы бақыланатын кескін шектерінің 
қабықшаға немесе матрицаға проекцияланатынмен сəйкес келуі – 
көрсеткіш тетігінің көру шегі – айналы камераның маңызды 
сипаттамаларының бірі болып табылады. Жақсы камераларда ол 90 
... 
100% 
құрайды. 
Пентапризма 

(көптеген 
айналы 
фотокамераларға ерекше көрініс беретін) кескінді нағыз жағдайға 
аударуды қамтамасыз етеді, ол фотографтың құралсыз көзбен 
көретініне сəйкес келеді. Көздеу аяқталған соң түсіруге басқан 
кезде арнайы механизм айнаны 2 камераның оптикалық трактінен 
алады, бекітпе 3 ұсталым уақытында ашылады, жəне кескін 
матрицаға 4 проекцияланады. 
Цифрлық камералардағы процессорлар келесі функцияларды 
атқарады: 
■ 
Бекітпе жұмысын басқару;
■ 
Түсірілімнің автоматты жəне қол режимінде объективпен 
басқару;
■ 
Объект жарықтылығын өлшеу, ақшыл теңгерімді таңдау;
■ 
Жарқылдақ жұмысын басқару;
■ 
Қолда бар жиынтықтан арнайы əсерлерді басқару (сепия, ақ-қара 
түсті түсірілім, қызыл көз əсерін жою жəне басқалар);
6.16 
-сурет. Біробъективті цифрлік 
айналы камераның схемасы:
1 – объектив; 2 – айна; 3 – бекітпе; 4 – 
матрица; 5 – күнгірт шыны; 6 – линза; 
7 – пентапризма; 8 – окуляр 
233 


■ 
түсірілімнің таңдалған режимдері, баптау, кескіннің өзі жəне т.б. 
туралы ақпаратты дисплейге шығару жəне қалыптастыру.
Цифрлық камера процессорлары микробақылаушы құрамына 
кіреді (MCU), ол процессор функциялары мен құрамында ЖЖҚ мен 
ТЖҚ бар шеткері құрылғылардың функцияларын үйлестіреді. 
Жады картасы — үлкен көлемді деректерді, сонымен қатар 
цифрлық камералармен алынатын кескіндерді ұзақ уақыт сақтауды 
қамтамасыз ететін ақпарат тасымалдаушы. Цифрлық камераларда 
ақпарат иесі əдетте флэш-жады карталары болып табылады. 
Камералардың кейбір модельдерінің құрылымдық шешімдері 
экспонирлеудің көпкадрлы жəне біркадрлы технологиясын бір 
уақытта пайдалануға мүмкіндік береді. 
Цифрлық камералардың маңызды сипаттамаларының қатарына 
келесілері жатады: ажыратымдылық; интерфейстерін қолдау; 
ақпарат тасымалдаушы көлемі. 
Цифрлық бейнекамера — бұл түсірілетін обьектілердің 
жарықсезгіш элементте (матрица) оптикалық бейне алуға арналған 
құрылғы, ол қозғалатын кескіндерді жазуға бейімделген. Әдетте ол 
дыбысты параллель жазу үшін микрофонмен жабдықталады. 
Цифрлық бейнекамералардың əрекет принципі мен құрылмалы 
шешімдері фотокамералардын аз ерекшеленеді. 
Canon, Olympus, Nikon, Sony цифрлық камералар жоғары 
сапасымен ерекшеленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   179




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет