Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет143/179
Дата03.11.2023
өлшемі7.08 Mb.
#482272
түріОқулық
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   179
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

IEEE 802.11 Wi-Fi деп аталатын, 0,9; 2,4; 3,6 жəне 5 ГГц 
жиілік диапазонында сымсыз жергілікті желі аймағындағы 
коммуникациялар үшін байланыстың стандартты жиынтығы. 
Бренд 
«Wi-Fi» Wi-Fi Alliance ұйымымен ұсынылған жəне алғы істерге 
қосылған. 
Стандарт тұрақты жетілдіріліп отырады. Алғашқы сымсыз 
желілердің жоғарыжылдамдықты стандарттардың бірі 
— IEEE 802.11a 
— 54 Мбит/с-ке дейінгі тарату жылдамдығын анықтады жəне жұмыс 
диапазоны — 5 ГГц құрады. Одан кейін шыққан стандарт IEEE
802.11b лицензияланбайтын 2,4 ГГц жиілік диапазонын пайдалануды 
қарастырады. Тарату жылдамдығы 11 Мбит/с-ке дейін. Көп уақыт 
бойы IEEE 802.11b белгілі стандарт болатын, оның негізінде көптеген 
сымсыз жергілікті желілер құралған болатын. Кейіннен оның орнын 
IEEE 802.11g стандарт басты, одан кейін жоғары жылдамдықты IEEE 
802.11n оны да пайдаланудан шығарып тастады. 
IEEE 802.11n стандарты 2,4 ГГц жиілік диапазонын 
пайдалануды қарастырады, қосылу жылдамдығын 600 Мбит/с дейін 
қымтамасыз етеді, мұнда деректерді тарату жылдамдығы 802.11n жəне 
басқа 802.11n құрылғылар режимде пайдалану жағдайлары кезде 
802.11g стандарт құрылғыларымен салыстырғанда төрт есеге көбейген. 
Сонымен қатар, ол 802.11b стандартпен кері үйлесімдікке кепілдік 
береді. 802.11n құрылғысы 2,4 ... 2,5 немесе 5,0 ГГц диапазондыранда 
жұмыс істейді. 
Wi-Fi сымсыз желінің ядросы рұқсат нүктесі (Access Point) 
болып табылады, ол қандай да бір жерүсті желі инфрақұрылымға 
(мысалы кеңсенің Ethernet-желі) қосылады жəне 8.8 а-суретінде 
көрсетілгендей радиосигналды таратуды қамтамасыз етеді. 
297 


8.8-сурет. Wi-Fi желіге қосылу: 
а 
—кеңсенің 
Ethernet-желіге қосылу; б 
—Интернетке тікелей қосылу; 
в 
— 
Интернетпен қосылған сервер арқылы 
298 


Әдетте, рұқсат нүктесі қабылдағыш, таратқыш, деректерді өңдеу 
үшін сымды желі мен бағдарламалық жасаққа қосылған 
интерфейстен тұрады. Қосылғаннан кейін рұқсат нүктесінің 
айналасында 50 ... 100 м. радиуспен аймақ пайда болады (оны хот- 
спот немес Wi-Fi аумағы деп атайды), онымен сымсыз желі арқылы 
пайдаланса болады. Рұқсат нүктесіне қосылу үшін Wi-Fi- 
адаптерімен жабдықталған ноутбук пен басқа мобильді құрылғы 
оның қызмет радиусына жатуы керек. Желіні баптау мен 
құрылғыны анықтау бойынша барлық қызметтер көптеген 
операциялық жүйелер үшін автоматты болып табылады. Егер 
пайдаланушы бірмезгілге бірнеше Wi-Fi-аймағына түссе, онда ең 
қуатты сигналмен қамтамасыз еткен рұқсат нүктесіне қосылу 
жүргізіледі. Әр уақытта рұқсат нүктесінің басқаларының бар 
болуын тексеру жүргізіледі. Егер басқа нүктенің сигналы қуаттырақ 
болған кезде, құрылғы оған қосылады, осының бардығы иегер үшін 
мөлдір жəне мүлдем байқаусыз жүргізіледі. 
Әрбір Wi-Fi-желінің басты артықшылығының бірі оның 
барлық пайдаланушылары үшін Интернетке қол жеткізу мүмкіндігі 
болып табылады. Ол Интернет-каналының рұқсат нұктесіне тікелей 
қосылуды (8,8 б - сурет), немесе Интернетке қосылған əрбір 
серверге қосылуды (8,8 в - сурет) қамтамасыз етеді. Екі жағдайда да 
мобильді пайдалануға өзіндік брдеңені баптау қажет етілмейді – 
браузерді ашу жəне Интернет-сайттың қандай да бер адресін жазған 
жеткілікті. 
Wi-Fi қолдаумен бірнеше құрылғы бір бірімен тікелей 
қосыла алады (байланыс құүрылғы - құрылғы), яғни арнайы рұқсат 
нүктені пайдаланусыз, қандай да бір жергілікті желіні құрумен 
файлдармен алмасу жасауға болады, бірақ бұл жағдайда көрінетін 
стансалардың саны шектеулі болады. 
Wi-Fi сымсыз технологиясының негізгі танымалдығы оны 
əлемдегі өндірушілердің барлығы белсенді қолдауы болып 
табылады. Барлық заманауи ноутбуктар моделдері, сондай-ақ ұялы 
телефон, смартфон модельдері жəне компьютерлердің көптеген 
шеткері құрылғылары Wi-Fi-адаптерлерімен жабдықталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   179




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет