Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет33/179
Дата03.11.2023
өлшемі7.08 Mb.
#482272
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   179
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

2.7. 
ЖЕДЕЛ ЖАДЫ 
 
 
Жедел жады, немесе жедел жадтау құрылғысы (ЖЖҚ), 
ақпаратты қабылдау, сақтау мен беруге арналған жəне компьютердің 
ең жылдам əрекет етуші жадтау жүйесі ретінде көрінеді. Жедел жады 
RAM (Raлdom Access Memory — еркін қатынауы бар жады) деп 
белгіленеді. Процессор бағдарламаларды тек жедел жұмыс жадына, 
яғни пайдаланушы бағдарламаларына қол жетімді жадыға жүктелген 
соң барып орындау мүмкіндігіне ие болады. CPU жедел жадыдағы 
деректерге тікелей қол жеткізеді, ал сыртқы жадыға (иілгіш немесе 
қатқыл дисктерде) – жедел жады түрі болып табылатын буфер арқылы 
қол жеткізеді. 
67 


Сыртқы тасымалдағыштан жүктелген бағдарламалардың жұмысы 
ол RAM-ға көшірілген соң ғана мүмкін болады. 
Алайда жедел жадының маңызды кемшілігі бар, ол оның 
уақытша екендігінде, яғни қорек көзінен ажыратылған соң жедел 
жады 
толықтай 
тазартылады. 
Сонымен 
қатар 
сыртқы 
тасымалдағышқа жазылмаған деректер жоғалып кетеді. RAM-ның 
негізгі тапсырмасы CPU сұраныстары бойынша екілік кодтар 
түрінде қажетті ақпаратты ұсыну, яғни деректер кез келген уақытта 
өңделу үшін қолжетімді болуы тиіс. Жедел жады динамикалық 
жады санатына жатқызылады: оның ішіндегісі қысқа уақыт 
аралығында өзгеріссіз қалады, ол мерзімді жадыны жаңартуды 
талап етеді. 
Конструктивті түрде жедел жады микросхемалар модульдері 
түрінде орындалады, ол тек ДК-де ғана пайдаланылатын емес, 
сонымен қатар əр түрлі перифериялық құрылғыларда – 
видеокарталардан 
бастап 
лазерлік 
принтерлерге 
дейін 
құрылғыларда қолданылатын жедел жады көлемін толықтыруға 
мүмкін етеді. Жедел жады микросхемалары бұл жағдайда əр түрлі 
модификацияларға жатқызыла алады, бірақ олардың барлығы 
динамикалық жады типіне (DRAM) жатқызылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   179




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет