Алғашқы екі ядролы
Power 4 процессорды 2001 ж. IBM корпорациясы
шығарды. Көп ядролы процессорларды Sun Microsystems (сегіз
ядролы
UltraSPARC T1), сондай-ақ Intel жəне AMD компаниялары ұсынды.
Конструктивті түрде «екі ядролық» кристалда (ауданы 200 мм2) бірдей
уақытта жұмыс істейтін (параллель) екі тəуелсіз процессорлардың
болуын
білдіреді. Ол ДК өнімділігінің 80 ... 100 % артуына əкеледі.
AMD компаниясының екі ядролы процессорлары Opteron (1,8 ... 2,2
ГГц тактілік жиіліктегі нұсқаларда) жəне Athlon (2,0 ... 2,6 ГГц тактілік
жиіліктегі нұсқаларда) ядроларының негізінде. Алғашқысына қосымша
таңбалау берілген — 2xx жəне 1xx, екіншісіне — X2 (мысалы, Athlon 64
X2 4200).
2006 ж. басында AMD Operton серверлік екі ядролы процессорлардың
жаңа жоғары өнімді модификацияларын шығару туралы хабарлады: Model
885, Model 285, Model 185. 2006 ж. ортасында AMD фирмасы нарыққа
энергия тұтыну деңгейі төмен болатын – 65 Вт Athlon 64X2: 4 000+, 4
400+, 4 600+ и 4 800+ екі ядролы процессорларын шығарды.
2007 ж. соңында AMD ертеректе Barcelona деген кодтық атаумен
белгілі болған Quad-Core AMD Opteron
төрт ядролы процессорлар
сызығын шығарды. Opteron — бірінші нағыз төрт ядролы x86-
микропроцессор — қуат үнемдеу саласында кейбір жаңашыл шешімдерді
пайдалана отырып тиімді архитектурасымен жəне аппараттық деңгейде
архитектура
есебінен
жүзеге
асырылған
жақсартылған
виртуализациясымен ерекшеленеді.
Intel (мысалы, Intel Pentium Extreme Edition 840) компаниясының
алғашқы біршама өнімді екі ядролы процессорлар конструкциясының
негізінде жұмыстарын логикамен келістірушімен қамтамасыз етілген
Prescott (0,09 мкм технологиясы бойынша)
екі процессорын пайдалану
кірді. Барлық екі ядролы Pentium 4 Pentium D деген атауға жəне
сегізжүзінші, сонымен қатар тоғыз жүзінші серияға иеленді (Pen-tium D
8xx жəне 9xx).
2005 ж. Intel компаниясы 0,065 ... 0,090 мкм технологиясы бойынша,
3,73 ГГц тактілік жиілігіне жететін жəне жоғары өнімді серверлер мен
жұмыс станцияларына арналған екі ядролы Xeon базасындағы
процессорлар сызығын шығарды.
2006 ж. Intel корпорациясы жоғары өнімді екі ядролы процессорлардың–
Intel Core (0,065 мкм технологиясы бойынша) 2,33 ГГц дейін тактілік
жиілігі бар мультимедиялық қосымшалардың мүмкіншіліктерін
кеңінен
қолдануға мүмкіндік беретін жаңа микроархитектурасын істеуді ұсынды.
Эксперименттік микросхема əлдеқашан шығарылған — TRC
(Tera
Research Chip), ол ауданы275 мм
2
болатын, 62 Вт энергия пайдаланатын
80-ядролы чип.
64
3,16 ГГц тактілік жиілігінде оның есептеу қуаты 1,01 Tflops (1 -
10
12
— секундына қалқыма үтірі бар триллион операциялар).
Достарыңызбен бөлісу: