қарапайым болып келеді. Мұнда арифмети калық теңсіздік (теңдік) түрінде
берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер ол орындалса, онда алгоритм бір
жолмен, ал орындалмаса екінші жолмен жүзеге асырылады, яғни есепті
шығару жолы тармақталып екіге бөлініп кетеді. Тармақталу алгоритмдеріне
шартты тексеру блогы міндетті түрде кіреді. Ол ромб түрінде кескінделіп,
басқа блоктармен 1 кіру және 2 шығу сызықтары арқылы байла нысады.
Көбінесе тармақталу алгоритмдері екі түрде кездеседі, олар жоғарыда
көрсетілген канондық құрылымдардың толымды және толымсыз түрлеріне
сәйкес келеді де, "таңдау" және "аттап өту" мүмкіндіктерін іске асыруға
көмектеседі.
3. Циклдік алгоритмдер. Математикада, экономикада көптеген есептерді
шығару кезеңінде бір теңдеуді пайдаланып, ондағы айнымалының өзгеруіне
байланысты оны бірнеше рет қайталап есептеуге тура келетін сәттер де жиі
кездеседі. Осы бірнеше рет қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер тобы
Достарыңызбен бөлісу: