for (int i = 0, j = 2;...
int k, m;
for (k = 1, m = 0;...
Циклдің инициалдау бөлiмінде жарияланған айнымалылардың әрекет ету
аймағы цикл іші ғана болып табылады. Инициалдау цикл орындалуының
басында бiр-ақ рет атқарылады.
Өрнек циклдің қайталану шартын
анықтайды: егер оның
bool типіне келтірілген нәтижесі
true болатын болса,
цикл орындалады. Бұл параметрлi цикл шарты алдын ала тексерілетін цикл
ретінде жүзеге асырылған.
Модификациялар циклдің әрбiр итерациясынан (қадамынан) кейiн
орындалады және цикл параметрлерін өзгерту үшiн қолданылады.
Модификациялар бөлiмiнде де үтiр арқылы бөле отырып, бiрнеше
операторларды қатар жазуға болады. Қарапайым немесе құрама оператор
цикл тұлғасын құрайды.
for операторының кез келген бөлігін алып тастауға
болады (бiрақ нүктелі үтірлерді өз орындарында қалдыру керек!).
Мысалы: (1 мен 100 аралығындағы бүтін сандардың қосындысын
Достарыңызбен бөлісу: