Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет112/232
Дата06.11.2023
өлшемі3.56 Mb.
#482509
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   232
ИМАНИ ГҮЛ

Тағдырды сылтау ету дұрыс па?
Кейбір адамдар өз ерік, дербес таңдауларымен істеген 
күнәларынан «тағдырымда осылай жазылып қойса
қайтем?! Немесе тағдырымда ғибадат жасау болғанда 
ғибадат етер едім» деп, тағдырды сылтау етіп ақталып 
жатады. Тағдырымен осылай ақталып, әрбір жаман ісіне 
жазмышты сылтау еткен әлгі адамдар өздерінің өмірде 
қолы жеткен кейбір жетістіктерімен «Мен істедім, мен 
жасадым» деп көкірегін қағып мақтанып жатады. Ал, 
енді әрбір ісін тағдырда жазылғаны үшін жүзеге асырып 
жатса, бұл мақтануларын, паңдануларын қалай түсінуге 
болады? Тіпті, басқа бір адам үйіне кіріп мал-мүлкін 
ұрлап кетсе, сот алдында «Бұл байғұс тағдырында ұрлау 
болған соң мәжбүрлікпен ұрлаған ғой», – деп ұрыны ақтау 
– әлгі әрбір жаман ісін тағдырға сілтеушінің үш ұйықтаса 
түсіне де кірмейді. Тағдырды себепші етіп көрсеткен 
ешбір адам кішкентай баласын қылқындырып өлтірейін 
деп жатқан адамды көріп: «Бұл кісінің тағдырында менің 
баламды өлтіру жазылған екен, қаласа да, қаламаса да 
баламды өлтіреді» деп баласын айналып өте шықпайды. 
Демек, мұның бәрі ғибадаттан қашу үшін көрсетілген 
арзан сылтау мен күнәлардан оп-оңай ақталу үшін шай-


188
ИМАНИ ГҮЛ
тан «ұстаздың» үйреткен қисық жолы ғана. Әйтпесе, 
тағдырдың жазмышына мәжбүр болғандықтан емес. 
Өйткені адам әрбір ісін өз қалауымен істейді. Және 
ертең тағдырында не бар екенінің ол үшін көмескі, 
беймәлім екенін ескерсек, «Тағдырымда болса қайтем?» 
деу – іші қуыс салмақсыз әшейін сылдыр сөз ғана. Егер 
адамдардың бәрі әрбір істерін ежелден Алла Тағала та-
рапынан жазылған тағдырларына мәжбүр болғандықтан 
атқаратын болса, Ұлы Жаратушымыздың пенделеріне 
пайғамбар жіберіп, кітап түсіруінің, адамдарды тозақпен 
ескертіп, жәннатпен сүйіншілеуінің ешқандай мағынасы 
қалмас еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   232




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет