Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет114/232
Дата06.11.2023
өлшемі3.56 Mb.
#482509
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   232
ИМАНИ ГҮЛ

болсаңдар сыртқа шықпаңдар».
Омар (р.а.) бұл хадисті естігеннен кейін қатты 
қуанады. Пікірінің дұрыс шыққаны үшін Алла Тағалаға 
шүкір етеді.
Тәуекел
Тәуекел сөзі «сенім арту, істі біреуге тапсыру» де-
ген мағыналарды білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік 
мағынасы: «Белгілі бір мақсатқа, нәтижеге қол жеткізу 
үшін қажетті заттық және рухани барлық себеп-
салдарларды орындағаннан кейін нәтижесін Аллаға тап-
сыру, күту» дегенге саяды.
Мысалы, диқан уақыты келгенде жерін жыр-
тып, тұқымын сеуіп, сосын суарып, содан соң арам 
шөптерін жұлып, қажет болса түбін қопсытып, керекті 
тыңайтқыш дәрілерін шашқаннан кейін жақсы өнім 
беруін Ұлы Жаратушыдан тілеп, еңбегінің нәтижесін 
Одан күтуі, құдіретіне сенім артып, тапсыруы Ислам 


190
ИМАНИ ГҮЛ
құптаған тәуекелге жатады. Бұлардың ешқайсысын орын-
дамай жатып «тағдырымда не болса, сол болады» деп 
қол қусырып қарап жату – тәуекел емес, жалқаулықтың 
дәл өзі. «Атыңды арқандап, тұсаулағаннан кейін ғана 
Жаратқанға тәуекел ет» деген атам қазақтың мақалы – 
дәл Исламдағы осы тәуекел түсінігіне сай айтылған. Тіпті 
бұл мақал пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисінен алынған.
Тәуекел – мұсылмандардың тағдырға деген бекем 
сенімдерінің табиғи нәтижесі. Тәуекел еткен адам – Ұлы 
Жаратушысына ешбір шартсыз бас иіп, тағдырына, өзіне 
берілген үлесіне риза болған иманды жан. Тағдырға иман 
етіп, тәуекелге бел байлау – жалқаулық етіп, ай қарап
жұлдыз санау емес, керісінше, бар күшіңді салып, бар 
мүмкіншіліктеріңді қолданғаннан кейін нәтижесін Жара-
тушыдан күту. Себебі, Алла Тағала әрбір істің нәтижесіне 
жету үшін белгілі себептер мен заңдар жаратқан. Яғни, 
бидай екпей, егін өспейді, ауру емделмей, жазылмайды. 
Игі істер істеп, күнәлардан аулақ болмайынша, Алланың 
ризашылығы да болмайды, жәннат та қашық. Олай болса, 
тәуекел – еңбек етіп, тер төгіп, барлық керекті себептерді 
орындағаннан кейін нәтижесін Аллаға тапсырып
Жаратқанның берген үлесіне риза болу, бас ию.
Алла Тағала Құранда: «...Шешіміңді қабылдағаннан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   232




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет