285
ШЫҒАРМАЛАРЫ
де, еліміздің мыс өндіру мүмкін дігін жедел арттыру жоспары-
мен үйлес тіре салғанымыз тиімді болмақ. Темір жолды қоса
есептегенде, бұл құрылыстың жалпы құны 500 миллион сом
шама сында...
С. Орджоникидзе».
БКП(б) Орталық комитетіне жолданған нарком хатымен
бірге Түсті металл басқармасының бастығы А.С. Шахмурадов
пен Бал
қаш
құрылыс тресінің меңгерушісі В.И. Ива
новтың
осы ұсынысты құптаған пікірлері де жолданыпты. Екеуінде де
Жезқазған кенінің маңызы мен қоры,
оны пайдалану тиімділігі
нақты айғақтармен дәлелденген. Содан-ақ Қ.И. Сәтбаев өтіні-
шінің ауыр өнеркәсіп штабы тарапынан қан дай қолдау тапқанын
шамалау қиын емес: екі жылдан бері қаржы дан қағып, Жезқазған
құрылысын ғана емес, барлау жұмысын да
тежеп келген басқарма
же
текшісі кенет Қаныш Имантайұлының ұсынысын толық
құптауға мәжбүр болған; құптап қана емес, Жезқазған сияқты
алып кенді қайыра ашқан геологтың жанқиярлық еңбегіне көңіл
аударып, қиыр даладағы мысты ауданды тезірек игеруге сүбелі
қаржы бөлу қажеттігін өтініп отыр...
Сонымен, Үлкен Жезқазған төңірегіндегі
ұзақ сонар хикая
бір-ақ күнде басқа ар наға ауып, мемлекеттік маңызы бар мүдделі
шаруаға айналды. Әрине, Серго Орджоникидзенің тікелей ара-
ласуымен... ВЦИК-тің кезекті сессиясында (наурыз, 1935) ол:
«...Жу ық арада біз Үлкен Жезқазған комби на ты ның құрылысын
бастаймыз. Онда қуаты ора сан зор мыс көмбелері бар. Бұл кендер
Орта лық Қазақстанның қиян шетінде, темір жолдан шалғай
орна ласқан. Сондықтан да Қара ған дыдан Жезқазғанға тарты-
латын темір жол құрылысын жеделдетіп жүргізу қа жет...» – де-
ген.
Сол жылдың көктемінде-ақ Қатынас жол дары комиссариа-
тының мамандары Ұлы тауға келіп, болат жол жүретін
өңірде
ізденіс-жобалау жұмыстарын жүргізіп, Жезқазған құрылыс тресі
де ұйымдасып, алып өнді ріс іргесін қалауға да әзірлік бас тады.
Ең бастысы, Қаныш Имантайұлы екі жылдан бері ауыр бейнет
тартып, қағажу көрген барлау қаржысы қолына тиіп,
арман
ісіне қайыра кіріскен-ді.