«Әмірші Ұлытаудың басына шығып, ал дын да көсіліп жатқан
ұшы-қиырсыз иен даланың көкжасыл реңін тамашалап ұзақ
тұрды. Сонсоң әскеріне тас тасыт тырып, биік оба тұрғызуды
бұйырды. Шеберлер текше тасқа бақытты оқиға
ның болған
мер зімін әйгілеп жазып, оның есімін ұзақ жылдарға сақтайтын
мәңгілік белгі етіп қалдырды...»
ІІ
1935, яки доңыз жылының тамыз айы. Сонау бір дүрбелең күнде
Темір Көрегеннің жер қайысқан қолы шаңдатып өткен ежелгі
қыпшақ даласы. Сағым ойнап, бәз-баяғыдай бедірейген қалпында
* Осы күнгі Дамаск қаласы
.
289
ШЫҒАРМАЛАРЫ
жатыр. Бетегелі боз қырқалар, көк торғын мұнар ораған биік тау-
лар, шексіз жазықтар, мөлдіреген көк аспан да ғасырлар көшін,
замандар легін кешпеген, әсілі, көрмеген сияқты. Жоқ, бұл –
алғашқы әсер. Әне, боз қырқа үстінен қою шаң көрінді. Соңында
арқан сүйреткендей ақшулан бұлт, ал шаңның алдындағы қара
ноқат тез зорайып, құйындай зымырап келеді...
Бұлар Қарсақбай комбинатына қарасты геологиялық барлау
конторының бір топ кен іздеушілері еді. Көлік те рі – сол күннің
жүрдек фордигі. Жүргі зу ші сі – Григорий Мироненко, жолаушы-
лар
дың өз сөзімен айтқанда, «осы топтың шо
фері ғана емес,
бірден-бір асыраушысы». Өйткені ол күні бойы ашық далада, күн
көзінде жүріп жер қарап, кешке қарай жатар орынға титық тап
жететін серіктеріне дуадақ, кейде киік атып, күнара ыстық сорпа
ішкізіп отырады.
Топ жетекшісінің ынтасымен жер шола шыққан жолаушы-
лардың қарамы шағын, небәрі алты-ақ адам. Шақырайған өтімді
күнге осалы – геолог-минералог Таисия Алексеевна. Көбіне ол
Жагордың қасында, кабинада отырады. Қораптың үстінде жай-
ғасқан төртеудің үлкені – Қаныш Иман тайұлы. Оның қасында қос
коллектор, біреуі – әйел адам, үшінші серігі – жасаң жұмыскер
Шәріп (Қанекең 1932 жылғы ашаршылықта өз ауылынан әкелген
жастардың ересегі).
Құрал-жабдығын, жағармай, азық-түлік, қазан-ошағына де-
йін сайлап шыққан жолаушылар осы сапарда бірталай жерді
аралаған: Қарсақбайдан шыққан бетінде Байқоңыр, Қияқты
өзендерін бойлап, терістіктегі Дулы ғалы Жыланшық пен Үлкен
Жылан шықтың жағасын асықпай қарап өтіп, Ақсай, Болат тамға
дейін барып, Ұлытауға батыс жағынан орағытып келеді. Жолға
шыққандарына екі апта болған-ды.
Біз сөз етіп отырған күні барлаушылар тобы Жетіқыз
өзенінің жағасына келіп тоқтаған. Қонатын жерге әдетте
жарықта жетіп, кешті от жағып қарсы алатын. Кеше қапыда
қалды. Оған кінәлі – бастықтың өзі; Жетіқыз өзенінің саласы-
на ілінгеннен-ақ әлсін-әлсін тоқтатып, жер шолуды бұрын ғыдан
да жиілете бастаған; әсіресе қарсы алдынан бұйрат, төбе кезіксе,
бұрылып барып басы на шығады; тіпті оба көрсе де соны бір мәрте
тексермей алға жүр гізбейді...
Сөйтіп, келесі қонысқа саяхатшылар кешігіп жетті. Күндегі-
дей жерошақ қазып, қазан да көтермеді. Жәшіктегі құрғақ асты
19-0196
290
Медеу СӘРСЕКЕ
қажалап, қара торсықтың түбінде қалған сусынды бөліп ішті де
жолшатырын қалқи тып алып ұйқыға бас қойған.
Қаныш Имантайұлының жігіт ағасы атан ып, абырой-атағы-
ның толысқан шағы. Сұраған қаражатқа қолы жеткен соң-ақ
барлау бағытын Жезқазған төбелерінен ұзатып, жырақта жатқан
қияндарға аудара бастаған.
...Мазасыз жетекшінің бүгін де өздерінен ерте тұрып, дала
кезіп кеткенін серіктері ертеңгі лікте білді. Сірә, өздері ұзақ жү-
рістен қажып, тұяқ серіппей тым қатты ұйықтаса керек. Күн
құрық бойы көтеріліп қалған. Бүгін де аяусыз күйдіріп, мейлінше
шыжғыратын тәрізді. Аспан ашық. Түндегі дәру самалдың лебі
білінбейді. Ыстық аптап пен ауысқан.
Шәріп шелек алып өзенге кеткенде, Рож нов төңіректен тас
жиып, қазандық қалай бастады. Мироненко ежелгі кәсібі, шай
қамдауға кірісті.
Талай күннен бері тірлігі бір ге болғандардың күн сайынғы әдеті
осы: үш геолог шыққан күнмен таласа тұрып, жер шолып кетеді;
талай белді кезіп, жол дорбаларын үлгі жынысқа тол тырып қайта
оралғанша, қоста қалған үшеу ас қам дап, ас-су әзірлеп отырады...
Қара шәугім быжылдап «ән сал
ғалы» қа
шан. Біраз жерді
шолып, Таисия Алек
се
евна мен Катя Круглова қайтып орал-
ды. Қай ша р уаға болмасын шыдамсыз Сергей Рожнов дастарқан
жайылғанын тосқан жоқ, екі құ лақ шайды апыл-ғұпыл ішті де,
кол лек тор лық міндетін атқаруға кірісті.
Ал Қаныш Имантайұлы ұшты-күйлі жоқ...
Бұл кезде ол Жетіқыздың теріскей жаға сында – алыстан түйе
өркешіндей шошай ған қос шо қының қиыр шеткісін қарап болып
төмен түсіп келе жатқан-ды. Геолог бұған да үмітпен шыққан.
Етегіндегі тыр
биып өскен теріс
кенге қызығып, өзен жарын-
дағы топырақ түсінен де үміттеніп әдейі көтеріліп еді. Шоқының
арғы-бергі бетін бірталай кезді. Бірақ үміт ақталмады. Сөйтсе
де қос жақ шеттегі екінші шоқыға да соға жүрмек болды. Батыс
шеті шымқай тақтатас әрі тік жарланып қатпарлана біт кен биік
шоқыға геолог ентігіп шықты.
Төбенің үстіне көтерілгенде-ақ ол өзін Ұлытаудың ұшар басына
шыққандай сезін ді. Көз жетер төңірек алақанға салғандай та бан
астында сұлап жатыр: терістікте Ханшап қан жазығы бұлдырайды;
ту алыста кеше өздері басып өткен қос төбелі Сарлық; оның ар
жағында менмұндалап Ұлытаудың ұлы шыңы Едіге тұр; алыстағы
291
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Кеңгір саласы да осы жердің биіктігіне бас игендей мұнар ланып
көрінеді.
Шоқының мына кереметіне таңданған геолог: «Бұл қандай
биік, алысты жақын дат қан қандай шоқы?..» деген оймен план-
шетіне қараған. Күткені – биік, ұзын иә биіктік өлшеміне лайық
тұлғалы сөздер еді. Бұл төбе соның бірін де місе көрмей, өзіне ең
қымбат, ең зор атауды иемденіпті: Алтын шоқы! Неге алтын? Жер-
суға ат қойғыш қазақ елі, тегінде, мұндай жөннен жаңыл маушы
еді. Қолмен көмгендей-ақ көп асылды қатесіз нұсқап беретін-ді.
Мынау да соның бірі болмағай?
Көңілінде жылт еткен бір үміт, бір сенім қат-қабат жарысып
дегбірін билегенін сезді. Әсіресе шоқының күнбатысқа құлар
жолында теңкиіп жатқан қорым тасты көрген соң-ақ шөлдегенін
ұмы тып алға аптыға басқан-ды.
Қорым тастың бұрын-соңды Арқа тау ла ры нан өзі көрген оба,
үймелерге ұқсамайтынын Қаныш Имантайұлы бірден аңғарды.
Құра мы да, қаланған жігі де басқарақ. Аумағы он екі қанат қазақы
үйге орын болғандай кең үйменің қаланған жігіне қарап тұрып ол
тағы бір өзгешелікті бай қады: қорым тас іш жағына қарай десте-
леніп қаланған, де мек, бұл – қорған емес. Тас үйменің құлау жігі
де өзгеше құрылыс екенін аңғартқандай. Ге олог еңкейіп, қуыстан
екі-үш кесек тас алды. Таңданғаны соншалық – тізерлеп отыра қа-
лып, тағы да екі-үш тас суырды.
Қолында бір жақ беті магма жынысына ұқсаған, от қақтап,
күшті жалын шарпыған тас кесектері тұрғанына ол енді шүбә-
ланған жоқ. Үлкейткіш шынымен зер сала үңіліп еді, тас беті-
нен ағаш көмірінің қалдықтарын көрді. Сірә, алдындағы үйме –
пеш, кәдімгі дала пеші! Дөң көлбеуін түтін тартуға пайда
ла-
нып, мұржасын төбе басынан шығарған ескі пештердің орнын ол
Ұлытау өңірінен жиі көретін. Мынау да соның бірі. Тек не үшін,
қандай ділгерлікпен ол осы жер ге қа ланған? Металл қорытса, кен
көзі қашықта емес. Сондай бір зәру қымбатқа болмаса, жай ғана
қазандық үшін осынша тас жиып, әуреге түсудің қаже ті қанша?..
Геолог қосқа қайтуды ұмытып кетті. Серіктерінің тосып
отырғанын да қапелімде есі не алған жоқ. Есіл-дерті айдаладағы
жа байы пештің жұмбақ қызметі болып, қорым тасты әрлі-берлі
ақтарды. Ақтарған сайын өз жорамалын растағандай айғақтар
тауып, сенімі беки түссін. Әзірше шүбәсіз анықтағаны: пеш
аузы төменіректе болған; түтін тартар қуыс жер астымен көлбей
292
Медеу СӘРСЕКЕ
қала нып, осы өзі тұрған оппада біткен; қорыт қаны да – металл
емес, басқа зат. Өйт кені қан шама ақтарса да бір түйір металл
қорытпасын иә кен тасын таба алмады. Бәлкім, әлденені ұзақ
қыздырғандай.
Күн сәскеге ауып, көлеңке теңелуге ай нал ды. Пеш орнында
едәуір уақыт отырып қалған ба, таңдайы тобарсып сусын тілегенін
аңғартты. Машина өзі тұрған шоқының теріскей жақ түбінде. Тура
жүрсе бір сағатта-ақ жетіп барады. Бірақ ол «бір жерді екі мәрте
баспау да – іздеуші геологке жорал ғы» дейтін әдетімен шоқының
оңтүстік жағын орағыта қайтуды жөн көрді.
Кейін, сан жылдардан соң да тәнті риза лықпен есіне алатын
олжа оған осы арада, шоқыны алыстан орағыта жүргенде кезік ті...
Иә, барлаушы-геолог Алтыншоқының оң түстік бетінен сонау
қым-қуыт заманда, хижраның 793-жылында Азияның айбар-
лы билеушісі Темір Көреген Ұлытауда қалдырып кеткен тарихи
белгі тасқа кезіккен-ді (Әлгінде ол шұқшия зерттеген дала пеші
де осы тастың бетіне таңба, мәңгі өшпес жазу қалдыру үшін көне
заман шеберлері қалаған қазандық орны еді).
Бұдан бірнеше жыл бұрын, Ұлытау өңі ріне алғаш тап болған
кезінде ол осы елдің көнекөз ақсақалы Өмекең: «Жасырақ ке зімде
Ұлытаудың арғы бетіндегі көп бұйраттардың бірінен жоғалған
мал қарап жү ріп таңбалы тас көрдім, құдауанда, келбеті соның
бір жосын өзгеше еді», – деп тамсана әңгімелеген-ді, бірақ тастың
жатқан же рін нақты айта алмай, адастырмас белгісіне тек Жеті-
қыз өзенінің бойын атаған.
Геологтің кешелі-бүгінде, Жетіқыз аты ра бына іліккен кез-
ден мазасызданып, төбе шік босатпай оба кезгені де содан. Кәрі-
құлақ Өмекең көрдім деген жұмбақ таңбалы тасты табуға құмар
болған-ды. Міне, енді сол тас қарсы алдында теңкиіп жатыр. Тас
бетін дегі белгі – өзі күткендей ру таңбалары емес, кәдімгі араб
әріптері. Жазуы өшпеген, мә нер лі әріптер әдемі шабылған. Өзіне
жас кү нінен таныс араб, парсы, шағатай тілд е рі нен есінде қалған
түйсікке бұрып, ежіктеп көріп еді – шығара алмады. Бастапқы
жолын әрең ажыратты. Кәдімгі мұсылман жұртының ежелгі
рәсімі бойынша, әрбір сәлем хат, ресми деректердің алдында
қосақтала жү ре тін. «Бисмилла рахман-рахим» деп бас тала тын
дұға сөздері.
Қос басында қара шәугімді қайната-қай н ата тосудан шаршап,
іздеуге шыққан серік тері топ жетекшісін тас бетіндегі жұмбақ
жолдарды ежіктеп отырған сәтте тапты...
293
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Сергей РОЖНОВТЫҢ естелігінен:
Достарыңызбен бөлісу: |