Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет132/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

көсемнің бе деліне нұқсан келтіретін қауіп санаған. Сірә, еңбегіне 
көлеңке түсіруді жоба лаған. Солардың бірі – Ежов. Ол найсап 
Қазақстандағы жағдайды өте жақсы білген. Семейдің қалалық 
партия ұйымы на 20-жылдары хатшы болғаны бізге сор болды, 
қан шама азаматтарды көктей орғанын сен білмейсің, Медеу. 
Сол кезде онымен қыз мет тес бол ғандардың тірі қалғаны некен-
саяқ...»
Қаныш Имантайұлына тегінде өндірісті өркендетудегі же-
тістіктері септігін тигіз 
ген. Барлау көлемі кемігенмен кен 
қорының өсуі тоқта ған жоқ. Үнемі молайып келеді. Соны заңдау 
үшін де, аяқтан шалған жетім сіздіктің орнын толтыру мақсаты-
мен де бір жазда Мәскеуге екі мәрте барып қайтты. «Жүрген 
аяққа жөр гем ілінетіні» рас. Бар ған сайын бос қайт пайды. Сөйтіп 
жүріп Мәс 
кеу 
де ұзағырақ болу 
ға тырысатынын, ауыл жаққа 
қайтқысы келмейтінін аңдады: келсе-ақ көңілі бұзы лады, қайда 
барса да, кімді тыңдаса да – үрейі ұшқан жұрт, жылаулы ел, небір 
жайсаң азаматтар ұшты-күйлі жоғалып кеткен; үй-ішін де қатер 
жайлаған – бір қабат жұ пыны киімін сөмкеге салып қойып, бей-
мез гіл уақытта есік жақтан естіл ген тықырға құлақ түрген бей-
маза алаңдау... Амал қанша, елдегі жағдайым солай деп ешкімге 
шағына алмайсың. Әділдік жолы, адам құқығы аяқ астында 
қалды. Үйінде жан күйттеп тыныш отырған да, билік қолымда деп 
әмір жүргіз ген де тағдырлас болды: қамауға алынып, «үштіктің» 
төтенше сотына түседі; одан арғы хабарын ешкім білмейді – сы-
пыра мәлім сіздік, өлі-тірісін де естімейсің... Сол себеп тен де ол 
ана жылғыдай, нақақ жаламен абақтыға түскен ағаларына ара-
ша тілеп, әділдік іздеп арызданбаған. Тіпті кімге арыздануды да 
білмеген. Әділін айт қанда, нәтижесіз ізденіс боларын жүрегі сез-
ген...
Сөйтсе де, амал не, көңіл-хошы болмағанымен өндіріс қажетін 
ойлап, Ұлытауға қайтады. Өйтпеске шарасы жоқ. Оған қоса 
асырау шыдан тірідей айырылған ағаларының отба сы көзі қарақты 
одан ақыл-кеңес қана емес, нақты көмек күтулі.


325
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Әбікей Зейінұлының үй-іші Фрунзе шәрінде. Ол кісіден алты 
пер зент қалған: үлкені Райхан сол жылы дәрі герлер институтын 
тәмамдап, Алматыда ор ди на тура өтіп жүрген; ал одан кейінгісі 
Ра у шан – Орта Азия медицина институтында оқиды; ал өзгелері 
мектепке қатынайды. Жұмыс жасына жетпеген бес баламен пана-
сыз қалып, жылап отырған Қамила жең гесіне Қырғызстаннан елге 
көш деп айта ал мады. Отағасының тағдырын біл генше ешқайда 
қоз ғалмасы анық. Кө шір генде қай да әке лесің, қай жерде сайлау-
лы үйің бар?.. 
Дәтке қуат бір сүйеніш – өзі Томға да, Мәскеуге де сүйреп 
жүріп білім соқпағына салған Ғалымтай інісі 1931 жылы Таш-
кенттегі Орта Азия геологиялық барлау ин титутына түскен-ді. 
Бірақ бір жылдан ке й ін әлдекімнің байдың тұқымы деп түртпек-
теуімен оқудан шығып қалған інісін Ленин 
градтағы кен ака-
демиясына орналастырған. Әке-шешесінен де гөрі өз жетегінде 
көбірек жүрген Ғалымтай күткен үдесінен шықты: 37-жыл дың 
жазында ол іздеуші геолог дип ло мын алып, түстіктегі Ащысай 
комбинатында ең бек жолын бастады, әзірше соқа басы... Жағ-
дайды ауызша түсіндіріп (сірә, хат жа зуға сақтанған), естияр 
қа 
рындасы Ханенді дереу түстікке жөнелтті: айтқаны – інісі 
Қырғызстанға барып, Әбікей ағасының үй-ішінің жағдайын біліп, 
шама-шарқынша қолғабыс етсін! Бірер айдан соң Ғалымтайдан 
хабар келді: ағатайының әмірін бұл жытпай орын дапты, алыстан 
арбалаған нан гөрі жақыннан дорбалағанды құп көріп, жұ мыс ор-
нын Қыр ғыз станға ауысты рыпты, алтын іздейтін трес ке геолог бо-
лып орналас қан.
Бұл жұмыста ол 1939 жылға дейін, яғни КСРО мен Финляндия арасында-
ғы соғысқа алынғанша еңбек еткен, сол саладағы ізденісі де сәтті болып, 
бірнеше алтын кенішін ашқандығы жайында куәлік алған. Демек, бауырлас 
қырғыз елінің қазіргі алтын өндірісіне кіші Сәтбаевтың да лайықты үлесі 
болған...
Қарағанды облыстық құрылтайының ке зек ті сессиясына (1936-
1939 жылдар аралығында Қ.И. Сәтбаев Қарсақбай еңбекші лерінің 
депутаты болып сайланған) барған сапа рында Кәрім ағасының үй-
ішінің жай-күйін көзімен көріп, көңілі тыншыды: Үми на жеңгесін 
үлкен перзенті Тілеубегімен төркін жұрты қамқорлығына алып-
ты; ал кі 
шісі Үкібайды Баянауылда тұратын туысы Әкімтай 
Жәмінұлы өзіне еншілеп, елге әкетіпті...


326
Медеу СӘРСЕКЕ
Ал Омбы іргесіндегі туыстарының жағ дайы ауырырақ бола-
тын: Ғазиз ұсталған соң бірер айдан кейін, сірә, аурушаң әйел 
төтенше кесепатты көтере алмаған тәрізді, жас жеңгесі Мәруа ке-
неттен опат болыпты; сөйтіп, «Қызыл әскер» колхозындағы бас-
тауыш мек тепте мұғалима болып істейтін Шәрипаның қо лында 
қайнағасының жасы балиғатқа жет пеген шиеттей бес баласы мен 
өзінің екі пер зенті қарап қалған, оларды көзден тасада, ат тұяғы 
жетпес шалғайда тұрғанын сылтауратып, қалайша ұмытасың?
Содан бір күні Мәс кеуде өтпек XVII халықаралық геология-
лық кон греске ша қыру алсын. Соны сылтау ра тып жолға ер терек 
шықты да, жолшыбай екі мәрте пойыз ауыстырып, түнделетіп 
Омбыға жетті. 
Шәрипа шешеміздің бертінде, осы жолдар иесіне естірткен 
әңгімесіне қарағанда, қайғы жұтып, мәңгу боп, өлермен хал-
де отырған өздеріне кеш қараңғылығында терезені ақырын ты-
қылдатып Қаныштың кіріп келуі қалың бұлттың арасынан жарқ 
еткен күндей аса әсерлі болған. Бірер күн сырт қа шықпай, есік-
терезесі тұмшаланған үйде тығылып жатып, жадап-жүдеген бала-
шағасының бәсең көңілін жұба тып, қаражатпен де көмектесіп, 
өмірге құш тарлығын қайта оят қандай болып, Мәскеуге аттанған-
ды.
Алайда негізгі арқасүйерінен айырылған соң-ақ Ғазез Имантайұлының 
шаңырағы табиғат апатына ұшырағандай хал кешіп, қайыра оңала алмаған: 
әкесінен кейін екінші шешесінен айырылып, оның соңынан Бартай мен 
Майқы есімді екі ұл опат болып, ал 1941 жылы Ғаниса Қанышқызымен 
бірге Алматы медицина институтында үздік оқып жүрген Ханен де жүрек 
талмасынан дүниеден көшкен. Тап сол қарсаңда белгісіз сырқаттан, осы 
шаңыраққа төл бала боп кеткен Малыбай Қанышұлы да орта мектепті 
тәмамдауға таянғанда жер құшқан. Соншама қаулап, бой түзеп өскен Ғазиз 
әулетінен қазірде қалған жалғыз белгі – ата-анасын қоршай отырған жеті 
жасөспірімнің гүл жайнаған бейкүнә бейнесінің сізге таңырқай қараған 
фотосуреті ғана...
Рас, тәубе дерлік жағдаят: Ғазиз марқұмның түтіні біржола өшкен 
жоқ. Оның өсіп-өніп, көркейіп те отырған ұрпағы, тегінде, тұңғышы 
Ғалымтайдан (1912-1998) өрбіген. Ескертер бір жайт: Қаныш ағасының 
тәлім-тәрбиесінің әсері болар-ау, геолог мамандығын ата кәсіп еткен де 
осылар; мысалы, Ғалымтай – байырғы алтын іздеуші болса, одан туған 
Әлішер бертінде опат болды; оның балалары – Ғани мен Сұлтан Сәтбаевтар да 
геологияны әуес көріп, ұлы атасының жолын қуған өрендер..
Бас еркіңді адамның өзі емес, сұрқылтай заман билеген соң шараң қан-
ша, Қаныш Имантайұлы Омбы іргесінде тұрған туыстарына көмегін ашық 


327
ШЫҒАРМАЛАРЫ
түрде жасай алмай, Отан соғысы жүріп жатқан кезде де оларға қол ғабыс 
етуді әрдайым астыртын көрсетуге мәж бүр болған. Қарым-қатынасқа жиі 
пайдалан ған адамы – өзі аштық жылы Жезқазғанға кө шіріп әкелген неме-
ре туысы Тәрмізи Имантаев. Тәкең ақсақалдың ай туынша, ол кісі жылына 
екі-үш мәрте Омбыға жүріп тұрған. Көбіне киім-кешек, ақша апарады. Бір 
сапарда, Қаныш ағасының Сталиндік сыйлығын жеткізіпті (сірә, сыйлықтың 
жартысын ғана. Өйткені Мемлекеттік сыйлықтың қақ жармысын Қаныш 
Имантайұлы Отан қорғау қорына өткізген). 
Тәрмізи Әбсәламұлының Омбыға соңғы сапары 1946 жылы болыпты: 
Қанекең тап сыр масы бойынша, «Ауыздағы қаржас» ауылын он бес жыл 
уақыт қоныс еткен Сәт баев тар әулетін Алматы ға көшіріп әкелген...
ІІІ
Қаныш Имантайұлының төзімі бір-ақ жылға жетті. Сайып кел-
генде, өз өмірінің ең зор мұраты – Үлкен Жезқазған мүддесін то-
ғышар шенеуніктердің еркіне беріп қойып, ты ныш жүре алмасын 
түсінген. Әрі солар жыл басындағы уәделерінен жата танып, ке-
лер жылға қаржыны биылғыдан да аз бере тінін, дербес конторды 
таратып, бәз-баяғы Қарсақ бай комби на тының геология лық бөлімі 
етіп қал дыра ты нын ашық айтқан-ды. Жезқаз ған дағы үлкен ком-
бинат құрылы сында да таңқаларлық ен жар лық сезіле бастаған. 
Көнтерлі дерлік қарқын Балқаш-Жезқазған темір жолының 
құры лы сында ғана. Сондықтан бұрнағы жылғы дай дабыл қағып, 
ең жоғар ғы деңгейде әңгі ме көтеруге бел байлаған.
1938 жылдың басында ол Қазақстан КП(б) Орталық комитетінің 
жуықта сайланған бірінші хатшысы Н.А. Скворцов (Л.И. Мир-
зоян 37-жыл ғы «Қызыл қырғында» ұсталып кет кен-ді) пен КСРО 
Ауыр өнеркәсіп нарко ма тының жаңа басшысы Л.М. Кагановичтің 
атына ашық хат жолдап, Жезқазған комби натын тездетіп салу 
жөніндегі екі жыл бұрын ғы бұйрықтың өте сылбыр жүзеге асып, 
елімізге стратегия лық мәні зор металл беретін алып кеннің мүм-
кіндігі әлі күнге дейін пайдаланылмай ке ле жатқанын ашына 
мәлімдейді. Әрине, кен іздеушілер тап болған төзгісіз халді жа сыр-
ған жоқ, осы мәселеге мемлекеттік тұрғыдан на зар бөлуді өтінді…
Мәскеудің бұл хатқа жауабы Алматыдан да жедел болды. 
Ақпанның бас кезінде Қарсақ бай зауытының директоры Гулин 
мен Сәт баев Мәскеуге жедел жетсін деген пәрмен түсті. Қазақстан 
Халық шаруашылығы комиссариаты кеңесінің басшылары, КСРО 
Жоспарлау комитетінің жетекшілері, әрине, Мыс басқармасы мен 


328
Медеу СӘРСЕКЕ
құрылыс тре с терінің бастықтары да Ногин алаңындағы зәулім 
ғимаратқа түгел шақырылған.
Ақпанның 13-жұлдызына қараған түн 
де оларды Ауыр 
өнеркәсіп наркомы қа 
был 
дады. Қаныш Имантайұлына бұл – 
Серго жол даспен бұрнағы жылғы емін-еркін сұхбаттан танымал 
кабинет. Бәлкім, өз ісіне сенімнің мықтылығы, қалай да жаңа 
нарком Кагановичтің (сол қарсаңда ол Темір жол наркома тын да 
қоса басқаратын) шектен тыс қатал ды ғы, ешкімді ұзақ сөзбұйдаға 
жібер мейтін шыдамсыздығы туралы түрліше қа у есет естісе де, бет 
қа рат пайтын айбынын тұң ғыш көріп отырса да, Жезқазған геоло-
гы одан қаймығып, сескенген жоқ. Мәжі лістің төтенше жағдайда 
басталғандығы ғана алаң датқан: біріншіден, кабинетке түнгі сағат 
бір 
дің шамасында шақырылды; екіншіден, Лазарь Моисе 
евич 
ешкімге амандасқан жоқ, ұзын үстел дің басына сүлесоқ жайғасты 
да, көзілдірігін алып, қарсы алдында тым-тырыс отырған жұртқа 
түйіле бір қарап, әлдекімнің фами лиясын атады; әрқайсысының 
өзі жауап беретін сала бойынша, Үлкен Жез қазған комбинатының 
құрылысын бастау жөніндегі бұйрықты алғаннан бері не істеп, не 
бітіргені жайында есеп сұрады. 
Ең алдымен мәскеуліктерді тыңдады. Наркомның Жезқазған 
қазынасына бүйрегі бұратынын сезген соң-ақ олар өздеріне 
дейін бұл істі қадағалауға тиіс адамдардың саяси көре 
гендігі 
жетпегендіктен, оған қоса зиянкестік жасағандықтан құрылыс 
жұмыстары өріс алмағандығын баса айтып, мемлекеттік маңызы 
зор ірі өндірісті бұдан әрі жедел жүргізуге барлық мүмкін дікті 
таяу күндерде қарастыратындықтарын мәлімдеді. Әңгіме сөйтіп 
сыпыра ақталу мен жап пай уәде беруге ұласқан. Темір жол құры-
лы сын жүргізуші басқарма жетек шісі ғана рельс төселген нақты 
шақырым дар ды атап, қажет қаржы уақытында тиетін болса – 
бірінші пойызды Жезқазған станса сына үкімет белгілеген күннен 
бірер ай бұрын әкелетінін мәлімдеді. Казнаркомның басшысы 
да қазақстандықтар тарапынан жіберілген олқылықтарды мо-
йындап, зиян кестік әу еніне түсе бастағанда, нарком қо лын дағы 
қарындашты үстелге соғып:
– Жетеді! Зиянкестер әшкереленген, са зайын тартты! Ал сендер 
оларға тас лақтырғанды доғарып, Жезқазғанда не істелгенін, не 
керегін айтыңыз – тек соларды нақты білетін бол саңдар! – десін.
Сескеніп қалған қазақстандық әкім жос парлаушы, жобалаушы 
басқармалардың бұл іске салғырт қарап, қаржы наркоматының 
Жезқазғанды тиісті үлестен қағып отырғандығын біраз сы нады 


329
ШЫҒАРМАЛАРЫ
да, ақырында осы қызметке жуықта ға 
на тағайындалғанын, 
нақты жағ 
дайды жет 
кілікті білмейтіндігін мойындап, сөз сы-
ңайын қарсақбайлықтарға аударумен тын ды.
Каганович көзілдірігін қолына алып, үс телдің қиыр шетінде 
үнсіз отырған екі инженерге түйіле қарады: «Қане, қайсың сөй-
лейсің?» дегендей. Қаныш Иман тайұлы зауыт директоры Гулинді 
тізесінен қақты. Ол болса, «Өткен жылдың қара мыстан бере шегін 
қашан толтырасың?» деген сұрақ туса, не айтарын білмей, зәресі 
ұшып отырса керек, қаһар наркомға тура қарай алмай бүкжиді де 
қалды.
Көзілдірігін пісте мұрнының үс 
тіне қондырған Лазарь 
Моисеевич қолына екі-үш парақ қағаз алып, шола сүзіп өтті де:
– Жолдас Сәтбаев, мынада жазғаныңызды қайталаудың қаже-
ті жоқ, не істейміз, сол туралы қысқаша мәлімдеңіз! – деді. 
Кабинетте отырғандардың дені бүгінгі мәжілістің жезқаз-
ғандық инженердің ша ғым хаты бойынша шақырылғанын біле-
тін. Сонсоң да, Үлкен Жезқазғанның дабыра атағын әйгілеуші 
геолог орнынан тұрғанда, мүдделі ісін тежеуші иә соған қолғабыс 
етпеген, қайта өзін тәлкекке салған лауазым иелерін түстеп атап, 
нақты айғақтармен әш ке ре леп, түп-түгел қаралайды деп ойлаған-
ды. Үйімізге аман-есен қайтамыз ба, әлде торкөзді бір жерден 
шығамыз ба деп те зәрелері ұшқан. 
– Бұрынғы Түсті металдар, қазіргі Мыс бас қармасының тап 
болған қиын жағдайына мен түсінікпен қараймын, жолдас нар-
ком, – деп бастады Сәтбаев сөзін. – «Не ексең – соны орасың» де-
гендей болды да шықты: он шақты жерде түсті металл өндірістері 
тұрғызылып жатыр, кейбірі қайыра жөнделуде; бәріне де мил-
лион даған сом қаржы керек, ал зауыттардың қайтарымы мүлдем 
аз. Сондықтан да бас қарма басшылары көңілшек бикештер сияқ-
ты, өздері иеленіп отырған мемлекет қа занынан қасықтап бол-
са да анда-санда бірдеме жалатып, бұйыр ғанын талғажау ете 
тұ рыңдар десіп, бізді де, өздерін де қоңыртақы күнкөріске 
душар етіп отыр. Сол гәпті нақты түсіндіремін: Одақ көлемінде 
Кенді Алтай, Алмалық, Норильск және Орталық Қа 
зақ 
стан-
да – Қоңырат пен Жезқазған кеніштері бар; нақ осыларда Кеңес 
елінің күллі өндіріс қажетін толық өтейтін қорғасын, мыс, мы-
рыш, никель және басқадай да түсті металдардың тоқсан пайыз 
қоры жинақталған. Наркоматтың Мыс бас қар масы осы жайтты 
ескеріп, қолындағы қар жы мен қорды осы аудандар ға көбірек 
бөліп, сол жердегі құрылысты жедел қарқынмен жүргізуге тиіс 


330
Медеу СӘРСЕКЕ
еді. Алайда іс жүзінде жаппай теңгерме бөліске тап бол дық. Жә, 
сонда Оралдағы, Кавказдағы, Орта Азиядағы күні санаулы ескі 
за у ыт сымақ тардан немесе күрделі жөнделіп, қайта жабдықтаған 
ұсақ өндірістерден не алып отырсыздар? Айталық, қуаты екі есе 
өскен біздегі Қарсақ байдан иә көне Оралдағы Блява зауы тынан? 
Отан өндірісі қажет еткен мыстың небәрі екі пайызын ғана... 
– Әділдіктен аумаңыз, жолдас. Балқашта біз жүз мың тонна 
мыс беретін зауыт құрылысын бастадық, жуықта іске қоса-
мыз, – деп қалды Мыс басқармасының жаңа бастығы (главка 
бастығы А.С. Шахмурадов та Ю. Пятаковты «сыбайласы» ретінде 
ұсталып кет кен-ді) өзін сынаушы әріптесін біршама тежеп қоюға 
ың ғай аң ғартты. 
– Сөзді бөлмеңіз, Захаров жолдас! Сәтбаев жолдас сендердің 
өрелерің жетпеген мәнді мәселені ескертіп тұр, – деп Каганович 
қолындағы қарындашпен үстелді тықыл датты.
Қаныш Имантайұлы соған да іштей желпініп, тартынбай түйе 
сөйледі.
– Сондықтан да, Лазарь Моисеевич, қар жы ны шашпай, бар 
мүмкіндікті Алмалық пен Жезқазғанға салып, алып комбинатты 
тездетіп тұрғызып, одан әрі Норильск, Кенді Алтай сияқты қорлы 
өндірістерді көтеруді ұсынамын. Шынтуайтын айтқанда, Жез қаз-
ғандағы жұмыстың баяу жүргі зілу і нің себебі де осы – оған деген 
назар мен көмектің жеткіліксіздігінде. Бұл көзқарас түбірімен 
өз гер месе, жолдас нарком, сіз өзіңіз де күн сайын, апта сайын 
шұғылданар мезі іске айналарына шүбә келтірмеңіз!..
– Құрылыс алаңында не істелген? Біткен объект бар ма? Сіз 
маған турасын айтыңыз! – деді нарком.
Жағдайды аса ауырлатпас үшін Жезқаз ған барлаушысы бұл 
жайында жалпылама ғана айтып еді, енді шегінуге жол қалмады. 
– Су бөгеті тұрғызылмақ Кеңгірдің жаға сында бірер бульдо-
зер жер шұқылап жүр, ал онда трактордан гөрі шөмішті экска-
ватор керегірек. Зауыт тұрғызылмақ алаңға қазық 
тар қағыл-
ды, жұмыскерлер уақытша тұра тын бірнеше үй салынады. Бар 
болғаны сол... – деді.
– Ал мына анықтамада жұмыстың 15 пайызы орындалды 
делінген. Кімге сенеміз, сізге әлде қағазда жазылған дерекке? 
– Қабырғасы тастан қаланған, төбесі қа мыспен жабылған төрт 
үйді, иә, сонсоң өзен жағасындағы болмашы үйменің неше па йыз 
болатынын нақты айта алмаймын, Лазарь Моисеевич. Мен сол 


331
ШЫҒАРМАЛАРЫ
жерде бұдан он күн бұрын болдым. Әлбетте, содан бері әлдеқандай 
бір төтенше оқиға болмаса?..
– Түсінікті, отырыңыз. 
Нарком алдындағы бір парақ қағазды алды да, жұрт күткен-
дей, ешкімге сөгіс жариялап иә жекіру айтпай, бірақ әр сөзін шеге 
қақ қан дай нығарлап тақ-тұқ оқи бастады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет