Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет16/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

Люблю грозу в начале мая,
Когда весенний, первый гром,
Как бы резвяся и играя,
Грохочет в небе голубом...
 
Балақан мүдірген жоқ, заулата жөнелді, әр ырғаққа, тыныс 
белгісіне мән бере, мәнерлі үнмен оқыды. Әр сөзін тақ-тұқ, мәнін 
жет кізе айтады. Әлгінде қаһарлы сияқтанған меңгерушінің жүзі 
де жыли бастады.
– Алғашқы таныстық үшін жарап тұр! Ри замын, қымбаттым, 
бек ризамын!..
– Тағы кімді оқиын? Пушкинді білемін, Тур 
геневті жатқа 
оқимын. Әлбетте, түгел емес...
– Бүгінге жетер деймін. Сіз маған енді қа зіргі билеуші патша 
әкеміздің аты-жөнін айтып беріңіз.
– Жоғары мәртебелі ұлы патшамыз Николай Александрович 
Романов, бүкілресейлік өктем құқықты билеуші.
– Дұрыс, мұны да білдіңіз, – дейді Овсянников шынымен риза 
болып. – Жоғары мәртебелі ұлы патшамыздың есімін жадыңызда 
ұстауға кеңес беремін. Екінші, біздің училищеде дін сабағын 
Павлодар шіркеуінің уағызшысы Василий әкей оқытады. Әрине, 
сізге оның қатысы жоқ. Де ген мен, ескертемін: балалық жасап, 
шіркеу адамының уағызын қорлайтын әлдеқандай оғаш мінез 
көрсетпеуіңізді өтінемін. Үшін ші тілесеңіз де, тілемесеңіз де – сіз-
ге осындағы мұсылман мешітінің бас имамы Каримов мырзаның 
діни дәрісін тыңдау парыз. Жұма күні мешітке барып тұрасыз.


39
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Түсінікті. Құран аяттарын да жатқа білемін.
– Олай болса, барыңыз. Училищенің дайындық курсына қа-
былдандым деп біліңіз. Үлгілі шәкірт болады деп сенемін...
Бұл мектепке ол Ақкелін болысының пан сионатқа жіберген 
шәкірттері есебінде тіркел ген. Қаныш бірақ пансионатта жатпай-
ды, сол жылы облыстық мектептен осы училищеге мұғалім болуға 
шақырылған Әбі 
кей ағасының пәтеріне орналасады. Әке 
сінің 
қалауы солай: денсаулығы төмен баланың жүдемегені жақсы; бей-
таныс қалаға үйренгенше оған жанашыр көз керек... 
Әбікей Зейінұлы Владимир көшесіндегі татар байының 
ескі үйін жалға алған, үш бөлмелі жұпыны мекен. Соның бір 
бөлмесі Қаныштың еншісіне тиді – темір төсек, дербес үстелі 
бар. Бірақ Әбең үйіне қонақ көп келеді, көбіне ел адамдары. 
Ондай кезде шәкірт бала төсегі ғана емес, бөлмесінен де айыры-
лып қалады. Керекуде оқитын қыр балалары да бұл үйге үйір. 
Көңілдері ақжарқын, қолы ашық аға-жеңгесі Қанышқа еріп 
келген шәкірттерге: «Балалар, қарындарың ашқанда, үй дәмін 
сағынсаңдар, келіп жүріңдер!» – деуден сірә да жаңылмайды. 
Амал не, үйге сыймай, кейде бастасып-аяқтасып жататын күндер 
де жиі болып тұрады.
Қазақ ССР-на еңбегі сіңген мұғалім Н.Е. АЛЕКСЕЕВТІҢ ес-
телігінен:
«...1911-1912 оқу жылының бірінші жартысында училищенің 
дайындық бөлі мінде оқыған Қаныш Сәтбаев білімге құш тар, 
ын 
талы шәкірт екенін аңғартты. Барлық пәндер бойынша 
әрдайым үздік бағалар алудан танбады. Сол себепті училищенің 
ұстаздар кеңесі екінші жартыжылдықта оны бірінші сынып-
тың келесі басқышына бірден көшіру туралы шешім қабылдады. 
Шәкірт Қ. Сәтбаев ұстаздарының сенімін ақтады. Үздік 
оқып, жазғы емтихандардан өте жақсы бағалар алды. Сөйтіп 
ол... училищенің бірінші бөлімін екі жыл оқудың орнына бір жыл-
да тәмамдады».
Әбiкей Зейiнұлы осы оқу ұясына орыс тiлiнен сабақ беруге 
шақырылған-ды. Семей 
дегi мұғалiмдер семинариясын тәмам-
дағаннан бергi екi-үш жылда ұстаздық өнер дiң бүге-шiгесiн мең-
герген жiгiт ағасы жасындағы мұғалiм, әрине, ояз орталығына тап 
болған соң өзi құралыптас әрiптес терiнен олқы түспеудi ойлап, 
өз пәнiне ықы ласты бұ рынғыдан да күшейткен. Әмбе ол жараты-


40
Медеу СӘРСЕКЕ
лысында қатаң тәр тiпке үйренген адам, мiндеттi iсiн тиянақты 
атқаруға дағдыланған. Ал бала тәрбиесi болса, қашаннан ыждаһат 
қана емес, босаңсуды, жүрдім-бардым қарауды көтер мейтiн жұ-
мыс. Сірә, содан да шығар, не мере iнiсiнiң келешек тағдырын 
өз мiн де тi не алған Әбекең Қанышқа да қатаң талап қойып, ал-
дындағы жеткiншектерден оқшауланбай, ынта-жiгерiн бiлiм дең-
гейiн көтеруге жұмсауды қадалаған. Інісі де өз қолына келген 
күннен орыс тiлiн тыңғылықты үйренуге ерекше құмартып жа-
нын сала кiрiседi. 
Көркем әдебиет кітаптарын оқуға ынтасын аңғарған Әбекең 
інісін бірде Халық үйі не ертіп барады. Бұл үй өздері тұратын кө -
шеде. Бұрын онда төменгі сатылы ауыл шаруашылық училищесі 
болған, кейіннен бұқара халық бас қосатын мәдени орынға айна-
лыпты. Жексенбі күндері мұнда көркемөнерпаздар үйірмесінің 
хоры концерт береді, кейде «Жанды ойын» қояды. Соның бәрінен 
де балаға халық үйінің кітапхана мү йісі ұнаған. Қашан барсаң да 
неше түрлі газет-журнал тігінділері үстел үстінде тізіліп тұрады. 
Тек үйге бермейді, сол жерде оқисың. Мүйістің кітап қоры көп 
емес, бірақ Қаныш үшін жарап жатыр. Ағасының есеп карточка-
сымен алатын ұзын тізбеге көп ұзамай жаңа авторлар қосылды: 
Толстой, Максимов, Сервантес, Жюль Верн... Ауылда жүргенде 
қолына түс кен кітапқа мәз еді, қазір таңдап, талғап, авторларына 
қарап алады.
Сірә, әдеби шығармаларды көп оқудың әсері шығар, екінші 
жылдан бастап Қаныштың мазмұндамалары училищенің үлгі 
тақтасынан түспейтін болды: жазу үлгісі аса көркем емес, ал 
тақырыпты сипаттап, орыс тілінде қатесіз, еркін жазуы жөнінен 
училищеде онымен теңесер шәкірт некен-саяқ...
Есеп пәнін Ахметолла Ақтайұлы Барлы баев оқытады. 
– Есепсіз өмір жоқ, есепсіз адамзатқа өсу де жоқ, балалар, – деп 
бастайды ол сабағын. – Өздерің ойлаңдаршы, жеке дара алғанда 
бес иә он деген не сөз? Ешқандай мән-мағынасы, салмақ, құны 
жоқ, әншейін бір атаулар тізбегі. Мысалы, Бір, екі, үш, тіпті жүз 
дейік. Осыдан не ұқтыңдар?.. Ал енді осылардың қасына әл де-
қандай зат тіркеп айталықшы. Мысалы, үш өгіз, бес тауық, жүз 
сом делік. Немесе біз дің сыныпта он бес оқушы бар, оларға бір мұ-
ғалім сабақ беріп тұр десек? Бірден түсінікті: сан сапаға айналып, 
санамызда сыныптың көле мі, онда неше кісі отырғаны жайында 
нақтылы ұғым пайда болады...


41
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Сол жылдарда Ахметолла Ақтайұлынан дәріс алған баян-
ауылдық Пәуен Жүсіпбаевтың айтуынша, есеп пәнін ол өзінше 
даралап, оқушыларды екі топқа бөліп оқытқан: бірінші топ – 
«әлсіз дер», яғни ұғымы керенау, есепке қыры жоқтар; бұлардан 
зиялы білгірлер шыға қой мас, бірақ есептің төрт амалын білуге 
міндетті; оқытушының жігер-күші негізінен соларға жұмсала-
ды; ал екінші топ – «күш ті лер», есепке ынта, ұғымы зерек бала-
лар... Бұлар «әлсіз дермен» қосылып, жеңіл-желпі есеп шығарып, 
қымбат уақыттарын зая өткізбей, күр делі бағдарлама бойынша 
оқуға тиіс. Әмбе бұл топтағы шәкірттер үздік қабілет танытқан 
сайын есеп те күрделене береді. Мұны ол «Шә кірт тердің миын 
шынықтыру» деп атай ды...
Ал Николай Ермилович Алексеев – бір жосын балажан адам. 
Қашан көрмесін, кім ге болмасын, «әкебас, көкебас» деп құрақ 
ұшып елпілдеп тұрады. Қыр дәстүрін жақсы біледі, қазақшаға да 
судай. Сол себептен де қиыр шеттен келген, бұған дейін кең дала-
да еркін өскен ауыл, село балалары Николай Ермиловичке көбірек 
үйір. Үйір болатын тағы бір себебі: Алексеевтің гармонь, сырнай, 
балалайкада бірдей ойнап, орыстың, қазақтың, татардың неше 
алуан халық ән 
дер 
ін музыка бөлмесінде сыңсытып отыратын 
өнерпаз қабілеті; қалайда онымен бірге жүрсең – зерікпейсің; ең 
құрығанда ертегі айтқызып, болмаса жұмбақ айтысып отырады; 
ал оның «Кодак» фотоаппаратын сатып алғаны тіпті тамаша бол-
ды. Шәкірт атаулы түгелдей фотоәуесқой болып кетті... 
Өзі оқытатын жаратылыстану пәнін Алек 
сеев шәкірттеріне 
ұғынықты, мейлінше ұтымды жолмен жеткізуге тырысады: Ертіс-
тің шалқар жағасын кезеді; жағалауда шоқтанып өскен тоғай 
ішінен гербарий жинатады; Павлодар мещандары әжуа етіп күле 
қарайтын әуесқой астроном Гришка-кезбенің шатырына ертіп 
апарып, жұлдыздар жымыңдаған аспан әлеміне телескоптан сы-
ғалатады; жүрген жерінен түрлі түсті тас жинату да – Николай 
Ермиловичтің ойлап тапқан ермегі; солардың әншейін тас емес, 
ғылымға пайдасы зор қымбат зат екенін, минерал аталатынын да 
шәкірттер тұң ғыш рет сол кісіден естіген; соның бәрінен де, сірә, 
ең әсерлісі – қала іргесіндегі Коряков тұз кәсіпшілігіне саяхат бол-
са керек...
Осы арада шегініс жасап, ғалымның жол дәптеріне түскен жаз-
баларына назар аударайық, әсілі Қаныш Имантайұлы мұндай 
естеліктерді оқта-текте, геологиялық саяхаттар кезінде бірінші 


42
Медеу СӘРСЕКЕ
жақпен баяндап, кейде бөгде бір адамның әңгімесі секілді етіп 
жазған:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет