Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет15/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

ерекше тұзымен Батыс Сібірді ғана қарық қылып отыр ған жоқ. Оның 
дақпырты Орал тауының арғы бетіндегі Орынбор, Пермь губернияларының 
талай жеріне жетіп, мол тұзбен жарылқай бастады. Көлдің тұзы ет, 
балық, кө кө ніс, саңырауқұлақты кептіруге пайдалы. Оның тұ зы сіңген 
тағам ешқашанда бұзылмайды. Көлдің ұзын тұрқы – он, ал көлденеңі – екі 
шақырым. Азиаттарға ол ертеден мәлім бол ған. Тобыл қаласы ірге көтер-


36
Медеу СӘРСЕКЕ
ген соң бұл көл орыстардың да назарын өзіне аудара бастады. 1747 жылы 
генерал-майор Киндерман осы көлді мұқият зерттетіп, үш жылдан кейін 
тұз өндіруге әмір берген. Ал одан бұ рын оның тұзын Коряковты күзетуші ка-
зактар наряд бойынша алыпты. 1812 жылға дейін тұз кеніші жалға беріліп 
келді, қазірде – Тобылдың қазына палатасының құзырында... Соңғы екі жыл 
ішінде, яғни 1857-1858 жылдары Коряков көлінен миллион пұттан астам 
ас тұзы өндірілген...» – деп барынша әспеттеп сипаттаған.
Кеме жүруге қолайлы Ертіс өзені мен дәмі ерекше тұз көлі қа-
рапайым елді мекеннің бағын ашты да, 1861 жылы небәрі 602 
тұр ғыны бар жөнең станица епті адамдардың жылпостығымен 
тіркеуден тысқары қала құқы ғын алып, сол кезде бір жастағы 
тақ мұрагері Павелдiң құр метiне Павлодар атанғаны мәлім. Же тi 
жылдан кейiн қала жаңадан ашылған уездің, ал жетпiс жылдан 
соң үлкен облыстың орталығына айналды. 
Уездiк жөнең қаланың ағарту орындары саусақпен санағандай 
аз. Өткен тарауда бiз түстеген алты оқу ұясына жаңа ғасырдың 
алғашқы он жылында екi-ақ мектеп қо сыл ғаны да жүдеу тірлік-
тен туған амал. Соның бiрi – 1909 жылы ашылған екi басқышты 
орыс-қазақ училищесi. Ол Орал тауының арғы бөктерiнен кәсіп 
қуып келiп, осы өңiрдегi тау-кен кенiштерiн шұқылаумен қал-
тасы қалыңдаған мордва алпауыты А. Деров сый еткен, Ертiс 
жағасындағы екi қабатты тас ғи маратқа орналасқан (Сол қарсаң-
да Артемий Деровтың кәсіпорны бан 
кротқа ұшырап, қалталы 
кәсіпкер Мәскеуге қоныс аударғанда, өзi тұрған екі қабат үйдi 
қазақ шаруалары мен орыс мұжықтарының жасөспірім жеткiн-
шек терiне бiлiм беруге тиiс жаңа училищеге тарту еткен). Бұл 
оқу орнына болыстық мектеп тердi тәмамдаған, оқудың бастауыш 
бағдарламасын толық өткен шә кiрт тер қабылданған. Мұнда олар 
төрт жыл оқып, осы күнгі пе да гогика колледжі деңгейінде білім 
алуға тиіс. Училищенің мұғалімдері – әртүрлі пән дер бойынша 
маманданған ұстаздар. Олардың білім дәрежесіне де ерекше талап 
қойылады. Тағы бір өзгешелігі – бір сыныпта орыс, украин, қазақ 
балалары тізе түйістіріп қатар отырады. Облыстық мектепте сауа-
тын ашып, орысша тіл сындырып келген ауыл перзенті орыс бала-
ларымен бірге жүріп тілге жаттығады.
Бұған дейінгі өмірі сайын даланың қиян шетінде өткен, үйінен 
қарға адым ұзап шықпаған Қанышқа, әрине, уездік шағын қала 
дүниенің кереметі болып көрінген. Әсіресе, жыпырлаған көп 
үйдің бір жерде жиын отырғаны. Бірде-бірінде пішен иә мал 


37
ШЫҒАРМАЛАРЫ
қора жоқ, болса да көрінбейді. Өйткені әрбір үй биік дуалмен 
қоршалған, кеш батты-ақ есік-терезелерін мықтап жауып ала-
ды. Жер жетпегендей, бір үйдің үстіне екіншісін мінгестіре тұр-
ғызғандары ғажап! Мұн дай үйлер көп емес, бірнешеу ғана. Сірә, 
ең биік әрі әдемісі – өздері тоқтаған көшедегі Гирбасов көпестің 
екі қабатты тас үйі. Шымқай қызыл кірпіштен қаланған. Ал ба-
зар алаңындағы жыпырлаған дүкендер ше?! Бір-бірімен арба-
сып, өздеріне жұтына қараған пір кәшік тері бала түгілі, үлкеннің 
өзін есінен тандырғандай. Тағы бір үлкен үйді «Айтықовтың ма-
нуфактура дү кені» дейді екен – тақтай сөресінде ақ, қызыл ала, 
көк, жасыл түсті гүлдер шегілген маталар тау-тау боп үйіліп жа-
тыр, бір-бірінен өткен әдемі. Дүкеннің ішіне ертеңгілікте бас сұға 
алмайсың. Үлкендерге ілесіп келген кезде Қаныш та барған, базар 
күні еді, сөреге тек жете алмады, топырлаған көп қаршадай ба-
ланы іп-лезде қақпа сыртына ығыстырып тастады. Осынша көп 
адам бір жерге қа лай сыяды, немен күнелтеді, қайда жатады?.. 
Бір ғажабы, бәрі әлдеқайда асығып, сің біруге мұршалары кел-
мей жүгіріп жүреді. Бір-біріне тіл қатса, айқайлап, даурығып 
сөйлейді. Мұндағы қазақтардың мінез-құлқы да бө лек сияқты: 
қыр адамының байсалды, сөйлесе қалса кеңінен толғайтын ұзақ-
сонар қалыбы жоқ; амандасулары да тым келте, көбіне бас изеп 
өте шығады.
Қанышқа осының бәрі қызық, бәрі таң: алыстан ілезде хабар 
алып, қасында отырғандай тілдестіретін телеграф үйі де; соның 
күні-түні ызыңдап ән салып тұратын, ұшар басына сым ілінген 
ба ған дары да; қара қошқыл түтіні шүйкедей шұ батылып, Ертiс 
айдынында қаздай қалқып кетiп бара жатқан иә Төмен, Омбы 
жақтан келе жатқан ақ шағала тәрiздi кемелер де; тiптi анау соқа, 
шөп шабатын машинаны жөн дей тiн ұста дүкендерi мен бумен 
жүретiн тас диiр мендер де... 

ІІ
Оқу басталуға екі-үш күн қалғанда Әбікей ағасы немере інісін 
училищеге апарды. Меңгерушісі Овсянников шашы едірейген
ұзын бойлы кісі екен. Қаныштың Ақкелін мектебін екі жылда же-
дел бітіргендігі туралы куәлігін қолына алып:
– Үздік бітіргенің бек қуантады, шәкірт Сәтбаев! – деп қарсы 
алдында монтиып тұр ған жасөспірімге барлай қарайды. – Ал, 
қане, қымбаттым, бір өлең оқып жібер.


38
Медеу СӘРСЕКЕ
Қаныш қызараңдап ағасына қарайды. Әбікей Зейінұлында үн 
жоқ, жайбарақат отыр. 
– Мұныңыз қалай, қымбаттым? Ұмытып қал дың ба? Түсінемін, 
жаз қызығы, жайлауға шыққан ауыл, кең дала...
– Қандай өлең тыңдауға ықылас етесіз, мәртебелі мырза? – 
дейді Қаныш кенет Овсянниковке жасқана қарап.
– Мені Яков Игнатьевич деп атауыңызды өтінемін. Кімнің 
шығармасын жатқа білесіз, рақым етіңіз, соны оқыңыз.
Ұстазы Григорий Васильевич үйреткендей, Қаныш қақшиып 
тұра қалып, самбырлаған ашық дауыспен:
– Русский стихотворец Федор Иванович Тютчев, «Весенняя 
гроза», – деді де, рұқсат күткендей ересектерге қарады. 
– Неге бөгелдіңіз? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет