69
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Қазақ халқының алғашқы құрылтайы 1917 жылғы 21-26 шілде ара-
лығында
Орынборда шақырылып, оған Семейден Әлімхан Ермеков, Халел
Ғаббасов, Жақып Ақбаев қатысып, ел басқарудың жөн-жобасын анықтауға
белсене атсалысқан. Құрылтайда талқыға түскен өзекті мәселе қазақ жұр-
тының
көп жылдар көкейін тесіп, көмейіне тас боп тығылған күпті жайт-
тарды сөз еткен: Ресей құрамында автономиялық еркіндік алу, келімсектер
нөпірін тоқтату, өз же ріне иелік ету, діннің саясаттан тыс болуы, әйел мен
еркектің тең құқықта өмір сүруі,
қа зақ ша мектептер ашу, сот жұмысын ана
тілінде жүргізу...
Сол жиында бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне қазақ жеріндегі алты
облыс пен Бөкей ордасынан, Орта Азиядағы қазақтар атынан сегіз адам
өкілдік алған. Семей облысының өкілі – мұғалімдер семинариясының
оқытушысы Әбікей Зейінұлы Сәтбаев...
Алғашқы құрылтайға қатысушылар Алаш қозғалысының бағыт-бағда-
рын даралап, ұлт тық партия құруға да пәтуаласқан.
Іле-шала әр жерде Алаш
партиясына жазылу жүрген. Бұл іс қазақ даласының күншығыс өңірінде,
әсіресе Семей шәрін де белсендірек жүріп, ұлттық қозғалыстың қарамды тобы
төбе көрсеткен. Солардың жуан ортасында семинарияның оқытушылары-
мен қоса ке ше гі шәкірті Мұхтар Әуезов, соңғы басқыш қа шыққан Қазы
Нұрмұхаметов, Жүсіп бек Аймауытов сияқты саяқ жігіттер де бол ған...
1917 жылдың 12 сәуірінде жасы он сегізге толған семина-
рия шәкірті Қаныш Сәтбаев сол күндерде баррикаданың қай
жағында болған? Бізге мәлім жайт: сол
көк темде ол аяқастынан
сырқаттанып қалып, ауру ханаға тап болғаны. Жазғы емтиханға
да сырқат шәкірт сонда жатып әзірленеді. Алай да ұстаздар кеңесі
оның үш жыл бойы үздік оқығанын ескеріп, төртінші басқышқа
сынақсыз көшіруге шешім қабылдайды. Бұл жағдай күйі кетіп
жүдеген
шәкірттің ас-суы, ағы мол туған ауылына жетіп, ақау түс-
кен денсаулығын түзетуді ойлауға мәжбүр еткен...
Көктемгі сырқаттың шынайы сыры күзде мәлім болады:
қайткен күнде оқуын тәмамдауды көксеп, қалаға қайтып оралған
шәкірт семинария аудиториясын тағы да қоныс аударғандар ау-
руханасының палатасына ауыс тырады;
емханада ол ауыр хал-
де, қан түкіріп айдан аса уақыт жатады. Ақыры, қан тыйылады.
Науқасты қараған бі лік ті дәрігер С.Н. Разумов Қаныштың дер ті
өкпе туберкулезінің ашық түрі екенін, тез арада қаладан кетпесе,
өміріне қауіп еке нін қатаң түрде ескертеді.
Оқуға құныққан, қаланың сол күндегі дүр мек-шуына да қы-
зыққан албырт жас үшін бұл – ауыр жаза кескен сот үкімін тың-
дағанмен бірдей...
70
Медеу СӘРСЕКЕ
Күйеу баласы, жазушы Қай некей Жармағанбетовке Қ.И. Сәт-
баев шерткен естелігінде аумалы-төкпелі күндер туралы былай
депті:
«
...Ұмытпасам, 1917 жылдың күзі. Семейдің қара суығы. Үскірік
Достарыңызбен бөлісу: