71
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Екі ойлы болып, қаланы қиып кете алмай жүрген жас жігітке
есті ағаның емеуірінмен білдірген ақылы түрткі болды. Ақыры
елге қайтуға бел байлады.
Қазан айының орта кезі еді бұл. Ертіс өңіріне қыс сол жылы
ерте түсіп, маң дала ұлпа қарға бөгіп, әлдебір тосын оқиға күт кен-
дей манаурап жатқан-ды...
Сол қыста Қаныш екі түрлі шаруамен шұғылданған: бірі –
Семейден ала келген
оқулықтарын жастана жатып, төртінші бас-
қыштың сабағын әзірлеу; екіншісі – екі ауылдың ересек балала-
рына әріп үйретіп, өз бетінше сабақ беру.
Кеудесін шалған ауыр дертпен күресу де – осы күнгі тән
сауықтырудың алуан емдерімен салыстырғанда мүлдем қара-
пайым. Нұр лан Қасенұлы ақсақал осы жайында бізге былай деп
бізге сыр шерткен-ді:
«Күнде кешке, жылқы күзетіне кетерде, Би
атам орта торсық қымызды қанжығама байлайды; торсықтың
ішінде құмалақтай күшала дәрі мен бірге қарыстай шикі қазы,
көбінесе со
ның ішектен сыдырылған үлпілдегі жүреді... Ал
таңертең әлгілердің қайда кеткенін біл мей сің. Тек қайыс боп
қалған қазының қат ты қыртысын ғана көресің. Осы сусынды
Қанкежан күні бойы ішеді. Қырдың қымызы тегінде асыл дәрі,
науқасты екі-үш айда-ақ аяғы нан тік тұрғызып, өңіне қызыл
жүгіртті...»
ІІ
Ақпан төңкерісінде билікке ие болған Уақытша үкіметтің та-
рихтан еншілеген мерзімі түгесіліп, 1917 жылғы қазан айының
25-жұлдызында (ескі жүйе бойынша) социалист-революцио-
нерлердің В.И. Ленин бас
таған большевиктер партиясы саяси
сахнаға шықты. Империя астанасында жеңіске үрдіс жеткені-
мен, большевиктер
билігі Ресейдің шалғай қала, алыс уездерінде
іле-шала орнаған жоқ: Мәскеудің өзін бірнеше тәулікке созылған
қантөгіспен әрең дегенде тізе бүктірген; ал қазақ даласы сияқты
алыс түкпірлерді өз құзырына қарату әлі алда болатын...
Ұлттық қозғалыстың Әлихан Бөкейханов басқарған ұйымдастыру ко-
митеті қараша айында күллі қазақ қауымына екі мәрте үн деу жолдаған.
Соның соңғысында:
«Россия іріп-шіріп жатыр, бір аяғы жерде, бір аяғы
Достарыңызбен бөлісу: