158
Медеу СӘРСЕКЕ
тұрғанын елегісі келмей көкке шапшыған жас тұлпар дерсің. Өйт-
кені оқу жолында кесе-көлденең
тұрған қаншама кедергі, қиын
бө гетті түгел жеңді. Соған да шексіз тәнті көңілі асаудай аласұрып
алдағы өмірден де тоят із дейді. Мақсат – мамандығын тезірек иге-
ріп, туған даласының жерасты байлығын армансыз із деу. Әзірше
соны қай түкпірде барлау жасап, қай жерден табатынын біл мейді.
Бірақ қайт кен күнде жолығатынына кү мәнсіз се неді.
Шарқ ұрған арман-қиялын тежейтін бір ғана жайт: жүрек
ділімен тапқан жаңа серігімен қарым-қатынасты елдегі туыстары-
на, үй-ішіне жария етуге дәті жетпей жасырын ұстауы.
Балалы-
ша ғалы, отбасылы екенін Таисия да біл мейді. Кінә өзі нен. Әуелде
серілікпен байланған махаббат жі бі екеуі үшін де ойда жоқта ру-
хани жақындыққа ұласып, өмірлік мұратқа айналды. Ен ді соны
ауылдағы ағайын-жұртқа қа лай естір теді, оғаш ісін түсіндірер гәп
не?
Қартайған әке-шешесінің жүрегіне қаяу түсірері сөзсіз. «Құдай
қосқан
жарың бар, неке бұзғаның қалай?» деп реніш айтуы хақ.
Тегінде қазақ қауымы о күнде ұл ты басқа жұрттан жар таңдауға
қатаң қарап, соған тәуекел еткендер болса, қол артқан зай ы бын
мұсылман дініне кіргізіп, есімін қазақшалап, қалыңдығының бү-
кіл болмыс-ділін өз халқының рәсім-тәртібіне бұрып алатын-ды.
Ал өз жағдайындағы басты бөгет – өзі
қайда және қанша уақытқа
кетсе де, сексеннің белінен асып, жүріс-тұрысына тұсау түскен әке-
шешесінің көңілінен шығып, жас баладай бағып-кү тіп отырған
Шәрипаның кінәсі не деген күп ті сауал. Бұл да бір сәрі, сүйкімді
Ха ниса қызы ал дағы желтоқсанда беске шығады,
атын ұстар ұл
күткен үміті де биыл қабыл болып, Ма лыбай есімді перзентінің
дүниеге келгеніне екі ай болды... Қысқасы, өз отауының түтінін
түтетіп отырған адал қосағы әрі наз қылықты Шә рипаға артар
ешқандай өкпе, кінәсі жоқ. Амал не, өз ынтасымен бүлдірген
істің күрмеуін шешуге жол таппады. Әзірше ішінде ұстауды жөн
көрді...
Қ.И. Сәтбаев – Т.А. Кошкинаға
«Sauleм Taisa-tai!
Соңғы хатты бұдан бір ай бұрын, 8 шілдеде жолдағаныма
сөгіс жариялап, реніш білдіреріңізді сеземін. Сөйтсе де, жа ғ да-
й ымды түсініп айтыңыз сөгісті... Біз дің далада жеке адамның
хат-хабары тү гілі, болыс пош тасының өзі айына бір-ақ мәр те
қатынайды. Міне, мен де шабарманның келгенін пайдаланып,