194
Медеу СӘРСЕКЕ
есептеп қараса – қуаты көп-көрім жаңа кен өзегіне ие болған.
Оған «5-жүлге» деп ат қойып, картаға түсірді.
Бұл да қоңылтақсыған жүдеу күйіне сеп болды. Демек, жаз
бойы шыр-пыр етіп дамыл көрмей жүргеніне лайық төлем алды.
Енді соны көзір етіп, Геолкомның әсіре білгіштерімен
тең деңгей-
де тілдесуге болады. Сол қуанышқа жыл құсындай алып-ұшып
Таисияның келгені қосылды. Бірақ ұзақ жата алмады, бір апта
қасында болып, іле-шала Қызылордаға аттанды.
Достарыңызбен бөлісу: