216
Медеу СӘРСЕКЕ
(Қазірде Ащысай, ә дегенде Тұрлан атанған кен орны – осы күнде жұртқа
Кентау атымен мәлім қаланың солтүстік-шығыс іргесінде орналасқан поли-
метал кені. Негізгі қазынасы тік жаралған желі, яғни тұрба сынды тік қабат
түзегендіктен, оның қорғасынға бай, мырышы одан да мол қисапсыз кен
қорын бастапқы іздеушілер бірден аңдай алмаған. Бұл кен орнының бағы
1934 жылы, Шымкентте алып қорғасын зауыты салынған кезде ашылды.
Оның мырыш кені күні бүгінге дейін қазылуда.*
Жезқазған қолатында Геолком партиясы
екі станокпен небәрі
28 ұңғыма бұрғылап, барлығы 1570 метр жер тескен, бұрғы жет-
кен орташа тереңдік – 56 метр. Соның өзінде үш жерден кен
өзегі табылған... Әрине, Жезқазған көмбесінен, трестің геология
бөлімі күткен межеден әлдеқайда алшақ жатқан көлем. Дарияға
қосылған бұлақтай аз олжа. Сондықтан да барлау нәтижелерін
саралап, картаға қондырып болған соң-ақ Қаныш геологқа ой
түсті: шағын күш-құралды әр жерге шашып, жалпылама барлау-
дан тыйылып, негізгі назарды Жезқазғанда ұстау шарт; сол үшін
Геолкоммен
келіссөзге шығып, қайткен күн де ырқына көндіріп,
1929 жылдың барлауында Жезқазған қыртысына ең кемі төрт
станок шығару. Олардың жұмыс істейтін орындарын да белгілеп
алды: бірі – Раймунд қолатында, екіншісі – Петропавлов, үшін ші-
сі – Никольск мен Анненский шахталарының* шығыс бөктерінде
бұрғылау жүр
гізеді. Ал төртінші станок бұрын-соң
ды бұрғы
түспеген Жартас төңірегінде барлау бастайды.
Екі жылдан бергі тынымсыз ізденісте жас қазақ геологы да
біршама тәжірибе жинақтап, іс үстінде ысылып, барлау бағытына
өз бетінше болжам айтарлық кәсіби деңгейге көтерілген. Жез-
қазғанға деген сенімі де бекем және одан енді ешқандай лауа-
зым иесі айныта алмайды... «Народное хозяйство Казахстана»
журналының 1928 жылғы 1-санында жариялаған «Қарсақбай
ауданы және оның мүм кін дік тері» деген мақаласы – сол сенімнің
ай қын үлгісі. Сәтбаевтың ойынша, Жезқазған ға бұдан әрі қа-
тардағы мыс ошағы деген уәж жараспайды.
Оның қуатына, зор
болашағына дүниежү зілік мәні бар қазына провинциясы деген-
дей шалқар теңеу лайық болмақ. Демек, кү ні кеше Қарсақбайда
ірге көтерген жа
ңа өндіріс қаншалықты зор сияқтанғанымен,
* Бастапқыда Тұрлан, бертінде Ащысай кені аталған Кентау елді мекенінің бүкпесі
көп қилы тарихын мен «Шығармалар» жинағымның 3-кітабыма енген «Ағайынды
Қадылбековтер» атты деректі эссемде егжей-тегжей сөз еткенмін...
* Бұлардың барлығы «Ушаков және К» ағылшын кәсіпшілерінің атауы бойынша
және техникалық құжаттарда жазылған қалпында беріліп отыр.
217
ШЫҒАРМАЛАРЫ
«Жезқазғанның жерасты қазына сын төрт жүз жылда да тауы-
са алмайды» (Қ.И. Сәт баевтың өз сөзі). Оған зор қуатына лайық
алып зауыт, үлкен комбинат керек. Зауыт қана емес, сырт өмірмен
тікелей байланыс – даңғыл тас жол, кең табанды темір жол, айды-
ны шалқар көл-бөгет, ондаған мың адам күші қажет. Мұның бәрін
жү зе ге асыру үшін қыруар қаражат керек.
Ең бастысы, зор сенім
қажет! Тоқетерін айтқанда, Ұлытау қойнындағы мол қазынаны
ха лық игілігіне тезірек жаратамыз десек, оны игеруді алғашқы
бесжылдық жоспарға ен гізіп, одақтық алып құрылыс деп жария-
лау қажет тігі туындайды...
Амал қанша, өлкелік жөнең журналда жа рияланған мақалаға
үкімет, иә жоспарлаушы-жобалаушы мекемелерден ешкім де мән
бермеген. Түсті металл басқармасы мен Геол ком қазақстандық
геологтың пікі
рі
мен санаспағаны анық. Қаныш Имантайұлы
бірақ
ұстаған бетінен қайтпай, өз ойын жеріне жеткізу мақсатпен
жоғарыда атал ған басқармаларға, одан да өрлеп КСРО Ха лық
шаруашылығы Кеңесіне ресми хат жолдайды.
Бұл мәселенің неліктен сол кезде сәтті шешілмегендігі хақында
Орталық Қазақстанды зерт теуші М.П. Русаков мынандай түсінік
айтыпты:
«Өкінішті жайт, Қ.И. Сәтбаевтың Жез
қазғанның
орасан зор мыс ошағы екен
дігін, оның мүмкіндігі Одақтағы
барлық мыс кеніштерінен әлденеше есе артықтығын әйгілеген
пікірін бұрынғы Түсті металл басқармасы мен оның жергілікті
өкілдері межелей алмады... Бұлардың Жезқазған үшін ой-қиялы
жетіп, болжаған мөлшері бірер жүз мың тонна мыс болды, соның
өзі табылса, әжетке жарата ал сақ... деп шүбәланды. Ал Қаныш
Имантайұлы 1927 жылдың аяғын да-ақ бұл тұжырымның қате,
Жезқаз ған қыртысында бірер жүз мың емес, миллиондаған тонна
мыс жасырынып жатқандығын батыл түрде жария еткен-ді...»
Әділін айтсақ, іс басындағы әріптестерін жазғырып отырған
қадірменді Михаил Петрович Русаков та бұл тұжырымын 1949
жылы (Қазақ ССР ҒА-ның «Хабаршысы», № 4) ғана жария ет-
кен. Ал біз сөз етіп отырған кезде ол өзі ашқан Қоңырат кенінің
дүниежүзілік алыптығын дәлелдеп баққан-ды. Ақыр аяғында
Русаковтың жолы болды: бесжылдықта жоспарға алып зауытты
Жезқазғанда емес, Балқаш көлінің жағасында, Қоңырат кенінің
мол қорына негіздеп салуға үкімет қарары қабылданды...
Бұл шешімнің жаңсақтығын қатаң да әділ Уақыт Ұлы Отан
соғысы басталған жылы-ақ дәлелдеді. Ал дүниежүзілік алып
218
Медеу СӘРСЕКЕ
деген Қоңырат мысының бір миллиард пұт қоры Жезқазған
қазынасының жұлығына келмейтіндігі 50-жылдарда мәлім бол-
ды...
Амал қанша, қате болды
деп Балқаштағы алып зауытты
Жезқазғанға көшіре алмайсың, оны да тыңнан тұрғызуға тура
келді...)
Достарыңызбен бөлісу: