220
221
психологияның жəне шығармашылық педагогикасының аясында
құрастырылатын зерттеу əдістері мен білім беру технологиялары,
белсенді
əлеуметтік-психологиялық
əдістердің
позитивті
элементтерін үндестіреді жəне конструктивті дамытады.
Жоғары кəсіби білім беру жағдайында, тұлғалық-кəсіби
қалыптасу феноменін зерттеудің толыққандылығы акмеологиялық
міндетке, аталған қалыптасуды адамның біртұтас психологиялық
жүйеде, оның өзін-өзі ұйымдастыруды көрсетудің формасы
ретінде қарастырған жағдайда жетуге болады. Адамның жүйелі
көруі тұрғысында ғана, оның өзін-өзі ұйымдастыруы туралы
айтуға болады, себебі мұндай тұғырдан тыс өзін-өзі ұйымдастыру
ұғымының барлық мəні жоғалады – ол ең алдымен, өзін-өзі
ұйымдастырушы жүйелердің қасиеті жəне белгісі болып саналады.
Сондықтан тұлғалық-кəсіби қалыптасуды психологиялық жүйелер
контексінде (ПЖК) зерттеудің өзекті міндеті деп санауға болады.
Тұлғалық-кəсіби қалыптасу мəселесіне қатысты психологиялық
теорияның мүмкіндіктері, адамның психологиялық танымның пəні
ретінде жүйелі анықтауына ие болып, ұйымдастырудың аса оңтайлы
тəсіліне жетуді қамтитын, жүйенің өзін-өзі ұйымдастырумен
байланысты акмеологияның əдіснамалық қиындықтарын шешуге
мүмкіндік береді. Өзіндік адамзат өмір сүруінің құндылықты-
мағыналық базасы ретінде, осы үдерістегі іс-əрекет ретінде,
факторлардың барлық ауқымын талдауды талап етіп, ғылыми тар
салалардың шекарасынан шығатын өмір сүру əрекетінің шыңдарына
жету мəселесіне деген қызығушылықтың пайда болуының кездейсоқ
болмауын атап өту қажет. Дəл осы жүйе өзіндік дамуды, сыртқы
жəне ішкі жүйелердің дамуын шектейтін эволюцияны анықтайтын
факторларды өндіреді жəне туындатады.
Адамның өзін-өзі ұйымдастыруын психологиялық жүйе ретінде
өзгертетін, əлеуметтік өзара əрекеттестікті (жоғары мектептің
білім беру ортасы) қарастырудың мүмкіндігі айқындалады.
Психологиялық
жүйелер
теориясының
контексінде,
мұны
жүйенің дамуының детерминациясына енгізілетін психологиялық
жүйелердегі жаңа құрылымдардың пайда болуы деп түсіндіруге
болады; өзін-өзі ұйымдастыру дамуды ұйымдастыру ретінде бола
бастайды. Нəтижесінде, тұлғалық-кəсіби қалыптасу ең алдымен,
белсенділіктің қайнар көздерін талдауды білдіреді, олардың
алмасуы адамның өзін қайта жасауға, өзіндік тұтастығын сақтауға
бағытталған іс-əрекеттің мазмұнын анықтайды.
Өзіндік қозғалыс, өзін-өзі дамыту кез келген өзін-өзі ұйым-
дастырушы жүйелерге тəн болады. Тұлғалық-кəсіби қалыптасу
жалпы түрде саналы адекватты адамға тəн, өзін-өзі дамыту үдерісі
ретінде түсіндіріле отырып, ілгері бағыттылықпен (конструктивті
интенция), үдемелілікпен (тасқынды динамизм), түбегейлі
аяқталмаумен (дамудың келесі айналымына деген ашықтық)
сипатталады, біз оны адамның табиғатына сəйкес имманентті,
инвариантты белгі деп санаймыз.
Талдаудың акмеологиялық жəне жалпы психологиялық əдісте-
рін біріктіру үшін əдіснамалық, теориялық жəне өзіндік əдістемелік
негіздемелерді іздеу, адам болмысының мəдени, экономикалық,
əлеуметтік-саяси контексінде, даму нəтижесі ретінде, адамда
болатын өзгерістерді ғылыми тұрғыда түсіндірудің қажетті шарты
болып табылады.
Осылайша, жоғары кəсіби білім беру жағдайында, тұлғалық-
кəсіби қалыптасу мəселесін қою, жүйелі талдауды тартудың
қажеттілігіне міндетті түрде əкеледі.
Өзін-өзі дамыту жəне өзіндік детерминация, адамның өзін-өзі
ұйымдастырушы психологиялық жүйе ретінде болмысының тəсілі,
шекарасы болмайтын, əртекті қалыпты шығармашылық қозғалыс
ретінде өмірдің қажетті шарты болып табылады.
Жалпы мағыналық құрылымдардың саналы ұғынылуы жəне
рефлексиялануы, əрдайым саналы ұғынылған сипаты болмайтын
тұлғалық мағыналары бойынша айрықшаланып, тұлғаның
құндылықтары немесе тұлғалық құндылықтар жайлы айтуға
мүмкіндік береді. Осылайша, тұлғалық құндылықтар – бұл адамның
эмоционалды-толғанатын өмірдің жалпы мəнін саналы ұғынуы жəне
қабылдауы. Эмоциялар адам үшін құндылығы жəне мəні бар əлемнің
заттарын санасына енгізуді қамтамасыз етеді. Жалпы мағыналық
құрылымдар (оларды саналы ұғыну жағдайында – тұлғалық
құндылықтар) тұлға санасының негізгі конституциялық (құраушы)
бірліктері болып табылады, адамның өмірдің негізгі салаларына
– əлемге, басқа адамдарға, өзіне деген басты жəне салыстырмалы
тұрақты қатынастарды анықтайды.
Тұлғалық-кəсіби қалыптасу мəселесі аясында, акмеологиялық
ғылым тұрғысында, адамның өсуі мен шығармашылығында, жетістік
пен шығармашылықтағы қажеттіліктерін қамтитын, өзін-өзі жүзеге
асыру жəне өзін-өзі жетілдірудің интегралды қажеттілігін айқындау
керек.
|