Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет112/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   205
Акмеология

218
219
Осылайша, «субъект» жəне «субъектілік» ұғымдары қазіргі 
заманғы психология мен акмеологиядағы жетекші ұғымдар болып 
саналады. 
«Субъект» жəне «субъектілік» феномендеріне қатысты тұғырлар 
мен көзқарастарды талдау, субъектілік əлеуетінің адамның өмірлік 
жағдайлармен байланысының алуан түрлілігі, олар арқылы қорша-
ған əлеммен байланысын есепке алғанда ғана түсінікті болатынын 
көрсетті. Субъектінің өзінің танымындағы шынайы болмысын 
есепке алу нəтижесінде, адамның рухани, шығармашылық 
өсуінің заңдылықтарын түсінуге, оның өзінің, өзіндік тұлғасының 
шекарасынан шығуға деген трансцендентті қажеттілігіне ықпал 
етеді. Қазіргі кезде субъектінің дара жетілдіру жəне өзін-өзі жүзеге 
асыру тəжірибесінің, əлеуметтік қайта құрудың тəжірибесімен тығыз 
үйлесетіні айқын байқалады. 
Тұлғалық-кəсіби даму, субъектінің іс-əрекетінің мəнін жəне
оның кəсіби іс-əрекеттің барлық қырларының өзара байланысын-
дағы рөлін анықтайды. Кəсіпқойдың бейнесі келесі сипаттамалар-
ды қамтиды: психологиялық ресурс, психикалық қасиеттер, 
үдерістер жəне қалыптар, мінез, темперамент, мотивациялық-
əрекеттік ерекшеліктер (кəсіби өзіндік сана, бағыттылық, кəсіби іс-
əрекет стилі); кез келген жағдайда жұмыстың қызығушылықтары 
мен басымдылықтарына, қабілеттерді жəне шығармашылық 
əлеуетті дамыту жəне жүзеге асыруға, кəсіби іс-əрекеттің барлық 
қырларының оңтайлылығына жетуге негізделген ұстанымда бірізді 
қалу жағдайындағы біліктер. 
К.К.Платонов кəсіпқойдың моделінің бірнеше түрлерін 
айқындайды: нормативті, экспективті жəне эмпирикалық. Норма-
тивті модель дайындықтың нұсқаулары, уставы, бағдарламасы 
негізінде құрастырылады. Экспективті модель аталған кəсіпті жақсы 
меңгерген сарапшылардың пікірлерімен негізделген. Кəсіпқойдың 
эмпирикалық моделі – белгілі жағдайда орташа кəсіпқойдың 
шынайы моделі. 
Объективті қажетті білімді, біліктерді жəне дағдыларды дамы-
ту, субъектінің талап етілген сапалық сипаттамалары негізінде 
жүзеге асырылады. Бірінші кезекте, оларға кез келген басқа саламен 
салыстырғанда, таңдалған кəсіби іс-əрекетте өзін-өзі дамыту мен 
өзін-өзі жүзеге асырудың мүмкіндіктерін түсінуді; кəсібиліктің 
шыңдарына жету мотивациясын; əлеуметтік-құндылықты «Мен-
тұжырымдамасының» қалыптасуын; кəсіби іс-əрекетті жетістікпен 
жүзеге асыру жəне бағалау қабілетін; іс-əрекеттің нəтижесіне деген 
қызығушылықты дамытуды жатқызуға болады. 
Шығармашылық іс-əрекет субъектісі санасының мазмұнының 
түрлері айқындалады: интеллектуалды жəне тұлғалық, сонымен 
бірге соған сəйкес мəндер. 
Интеллектуалды мəндер іс-əрекеттің негіздемесін саналы 
ұғынуды қамтамасыз етеді, ал тұлғалық – проблемалық-кикілжіңді 
жағдайларды қайта саналы ұғынуды қамтамасыз етеді. Сонымен, 
жүзеге асырылатын іс-əрекет рефлексияланбайды, сонымен бірге 
онда дамушы тұлға рефлексияланады, бұл өз кезегінде кəсіби 
шеберліктің констелляциясын қамтамасыз етеді. 
Туындайтын проблемалық жағдаяттарды шешу үдерісінде кə-
сіби шеберліктің акмеологиялық деңгейіне жетуді қамтамасыз
ететін, шығармашылық əлеуетті дамытудың, эвристикалық реф-
лексияның тиімді құралдары құрастырылған, жоғарыда аталған 
проблемалық жағдаяттарды шешу тəжірибесі рефлексияда 
шығармашылықты дамытуға ықпал етеді. Рефлексия ойлаудың 
таптаурындарын саналы ұғыну жəне қайта ойлауды, оларды сананың 
мазмұнының жаңа құрылымдарына (креативті-инновациялық) де-
йін жоюды білдіреді. 
Рефлексивті қабілеттер жеке формада (шығармашылық тап-
сырмаларды дербес шешуде), сонымен бірге диалогты жəне топтық
формаларда (бірлескен пікірталаста жəне өзара əрекетте) дамиды. 
Мұнда рефлексияның алуан түрлері сараланады: интеллектуалды, 
тұлғалық, коммуникативті, кооперативті, экзистенциалды, мəдени. 
Интеллектуалды – когнитивті іс-əрекетті қамтиды, тұлғалық 
– жағдаяттағы жеке мінез-құлықты қамтиды, коммуникативті – 
тұлғааралық қарым-қатынасты қамтиды, кооперативті – бірлескен 
іс-əрекетті қамтиды, экзистенциалды – өмірлік өзіндік анықталу 
мен өмір сүруді қамтиды, мəдени – мəдениетке енуді жəне оны 
қайта жасауды қамтиды. Білім беру саласындағы кəсіпқойға 
шығармашылық іс-əрекетте жетістікке жетуі үшін рефлексияның 
барлық түрлерін меңгеруі жəне олардың оңтайлы өзара 
əрекеттестігін дамыту маңызды. Рефлексивті-инновациялық ор-
таның нəтижесінде, соған сəйкес аса тиімді жағдайлар құрылады, 
онда қарқынды ойын əдістері арқылы адамның рефлексивті-
шығармашылық мүмкіндіктері дамиды. Соңғы кезде рефлексивті 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет