Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет5/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   205
Акмеология

8
9
Оқулықта білім берудегі қазіргі өзгерістер тұрғысынан 
қарастырылатын акмеологиялық білімнің даму үрдістері, оның 
білім беруші əлеуеті, кəсіби даярлықтың мазмұнын, сипатын жəне 
бағыттылығын өзгертудің қажеттілігі тұрғысында қарастырылған
онда кəсіби білімді меңгеру үдерісі жоғары оқу орнындағы білім беру 
үдерісінің субъектілерінің тұлғалық, құндылықты-мағыналық аясы 
арқылы басқаша түсіндіріледі. Оқулықтың мазмұны акмеологияның 
теориялық деңгейін көрсетеді, қойылған мəселелерді зерттеу, 
акмеологиялық білім жүйесімен, оны нақты сабақта жүзеге 
асырумен, білім беру бағдарламасын құрумен байланысты болады, 
өзіндік нақты практикалық шешімдерді анықтауға мүмкіндік береді. 
Жұмыстың құрылымы жəне логикасы, акмеология пəнінің 
мазмұнды жағын көрсетеді. Оқулықта акмеологияның міндеттері 
анықталған, акмеологияның қалыптасуының тарихи кезеңдері 
қамтылған, оның əдіснамалық, бастапқы ұстанымдары жүйеленген, 
кітаптың əрбір тарауына қатысты негізгі ұғымдар түрінде берілген 
категориялық аппарат құрастырылған, акмеологиялық талдаудың 
өзгеше əдістері мен технологиялары реттелген. «Акме» феномені 
жас, индивидтік, тұлғалық, кəсіби жəне дара даму контексінде 
сипатталады. 
Бірінші модульде кəсібилікті дамытудың жалпы жəне ерекше 
акмеологиялық факторлары, акмеологияның пəні жəне нысанының 
өзгешелігі, базистік айырмалар, акмеологияның пайда болуы
қалыптасуы жəне дамуы қарастырылады, акмеологияның адам жəне 
қоғам туралы ғылымдармен байланысы, кəсіби құзырлылықтарды 
бағалаудың қолданбалы міндеттері ашылады. 
Екінші модульде студенттердің тұлғасын акмеологиялық 
дамытудағы жалпы теориялық айырмашылықтар, негізгі феномендер 
мен заңдылықтар берілген, акмеологиялық тұлғаның ерекшеліктері, 
«Мен-тұжырымдамасының» жəне жастық шақ кезеңінде өзіндік 
сананың жаңа деңгейінің қалыптасуы сипатталады, акмеологиялық 
білім беру ортасының тұлғаның акмеологиялық мəдениетін дамытуға 
əсері сипатталады, қазіргі замандағы акмеологиялық зерттеулердің 
мəселелік өрісі қарастырылған. 
Үшінші модульде кəсіби шығармашылықты қалыптастырудың 
акмеологиялық мəселелері қарастырылған, кəсіби акмеологиядағы 
креативтілікті 
дамыту 
динамикасы, 
тұлғаның 
креативті-
акмеологиялық өзін-өзі жүзеге асыру ерекшеліктері, креативті 
акмеологиялық тəжірибедегі инновациялық үдерістің өзгешелігі 
зерттелген. 
Төртінші модульде жоғары білім беру тəжірибесіндегі 
акмеологиялық технологиялар, əртүрлі дамытушы инновациялық 
ойындардағы акмеологиялық тұлғаны дамыту əдістемесі берілген. 
Аталған курсты оқытудың қорытындысы ретінде, акмеологияның 
теориясы мен əдіснамасына сүйеніп, қазіргі мамандарды оқыту 
мəселесіне сапалы жаңаша тұрғыда зерттеу мүмкіндігі алынуы 
мүмкін, себебі бұл ғылым кəсіби шеберлік саласындағы аса жоғары 
жетістіктер туралы ғылым болып табылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет