14
15
кəсіби іс-əрекетінде ең жоғары деңгейге жете алатын жағдайлар
алынады.
Акмеологияның ғылым ретіндегі дамуының сатыларында
акмеологияның екі базалық атрибуты байқала бастады.
Біріншісі – акмеологияның тарихпен жəне тарихи-философия-
лық тұғырмен байланысы, ол ересек адамның дамуын талдауда жəне
оның адам мен адамзат дамуындағы жоғары мəдени жетістіктер
формасында заттық іс-əрекеттің нақты нəтижелеріне жетуді талдауда,
тарихи өркениеттердегі еңбек іс-əрекетін талдауда көрінеді.
Екіншісі – белгілі нəтижелерге жетуде жəне ересек адамның
даму сатылары ретінде өткен мен болашақты қарастыруда, тиімді
іс-əрекет үдерісінде адамның психологияның əмбебап заңдарын
зерттеуінің басталуы.
Акмеологияның ғылым ретінде дамуына байланысты, дамудың
келесі сатысы анықталады жəне жаңа міндеттер туындайды.
Біріншіден, тарихи-философиялық тұғырдан нақты акме-
нəтижеге жетуді мағыналау, тарихи сатыларда адамның іс-
əрекетіндегі өткеннің акме-элементтерін айқындау, оларды
болашаққа ендіру жəне тереңдетілген акмеологиялық білімнің
əдіснамасын құру.
Екіншіден, акмеологияның нақты бағыттарын дамыту –
саясаттану, экономикалық, басқарушы, педагогикалық жəне
басқалар, онда тек жеке адамның аса жоғары нəтижеге жету мəселесі
өзекті болмайды, сонымен бірге оның алуан түрлі жүйелерде –
саясат, экономикалық, əлеуметтік-мəдени салаларда аса жоғары
нəтижеге жетуі өзекті болып саналады.
Соның салдарынан акмеологияның ғылым ретіндегі пəндік
өрісі кеңейеді, «адам-адам», «адам-қоғам» жəне «адам-табиғат»
жүйелеріндегі категориялық-ұғымдық аппаратты нақтылаудың
қажеттілігі пайда болды.
Сонымен бірге, ғылыми білімнің қол жеткізілген деңгейіне
байланысты, акмеология мəселелерін тарихи-философиялық даму
тұрғысында қарастыру қажет.
Акмеология – жаңа ғылым, алайда адамның дамуы мен өзін-өзі
жетілдіруіне, оның өмірде өзін-өзі жетілдіруінің толыққандылығына
қатысты дүниетанымдық ғылым болып саналады, ал іс-əрекет пен
шығармашылықта оның мазмұны акмеологиялық болып саналады.
Тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру жолдарын іздеу, оның əлеуетін ашу
жолдарын іздеу əрдайым жүзеге асырылды. Бұл Қазақстандағы
ғылыми ой-пікірлерге қатысты толыққанды дəрежеде болады.
Акмеология идеясының тарихи дамуының өзгешелігін
Н.В.Кузьмина атап көрсетті, ол адамның өзін-өзі жетілдіруі, реф-
лексия жəне даналығы туралы онша танымал емес, гуманистік
философиялық жəне антропологиялық идеяларды ұсынды
(В.С.Соловьев, Н.О.Лосский, А.Ф.Лосев, П.А.Флоренский).
Адамның
өмір
сүруіндегі
аса
жоғары
нəтижелерді
қалыптастырудың сатылары мен тарихи алғышарттарын қарасты-
рып, акмеологияның пəндік өрісінің біршама тереңірек екендігін
атап өтеміз, ол өз кезегінде жаратылыстану-ғылыми жəне
гуманитарлық бағыттағы іргелі зерттеулерге сүйенеді. Соған орай,
шыңның іргелі негізгі принципін түсіндіруде, ұғымдық аппаратты
қалыптастыруда, шыңдық дамудың əмбебап қағидаттарын
айқындауда, өткеннің тəжірибесіне қарауда, нақты нəтижелерді
нақты тарихи уақытта мағыналауда, қазіргінің мəнін түсіндіру мен
болашаққа ұмтылуды түсіндіруде жаңа міндеттер туындайды.
Акмеология (ежелгі грек тілінен аударғанда akme – шың, ежелгі
грек тілінен logos – ілім) – даму психологиясының бөлімі болып
саналатын адамның биік, жоғары шыңға жетелейтін жетістіктері
туралы ғылым. Оның құрушысы, негізін қалаушысы Н.А.Рыбников
болып саналады. 1928 жылы ол «кемелденген адамдардың дамуы»
туралы ғылым ретінде аталған терминді қолдануды ұсынды. Со-
дан кейін ХХ ғасырдың ортасында Б.Г.Ананьев оны адам туралы
ғылымдар жүйесіне жатқызды. Ол аталған ғылымның негізгі идея-
сын – тұлғаның жоғары жетістіктеріндегі «шыңды» зерттеу идея-
сын құрастырды. Адамтану мəселесін дамыта отырып, ол ересек
адамның даму үдерісін сипаттайтын заңдылықтарды, механизм-
дер мен феномендерді зерттеудің кешенді міндетін ұсынды. Оның
шəкірттері ретінде – А. А. Бодалев, А. А. Деркач, Н.В.Кузьмина жəне
т.б. болды, олар акмеологияның адам жəне оны жетілдіру туралы,
білімнің жаңа кешенді саласы ретінде негізін қалады. 1995 жылы
Санкт-Петербург психология жəне акмеология институты құрылды.
Акмеологияның пəні қазіргі заманғы түсіндірмеде адамның жəне
өркениеттің жоғары жетістіктерінің теориясы ретінде түсіндіріледі,
ал «акме» əдіснамалық категориясы адамның алуан түрлі жас
кезеңдерінде жоғары жетістіктерді жүзеге асырудың түрлерінде, іс-
əрекет түрлерінде, болмыстың алуан түрлі кеңістігіндегі мүмкіндік
|