120
121
талап ететін жағдайда) қарастырылады. Тұлғаның акмеологияда
дамуы үдеріс ретінде қарастырылады, бір жағынан, субъектінің
жəне акмеологтың детерминациясын (ішкі детерминация), ал екінші
жағынан – тұлғаны қолдау құралдарын жүзеге асыруы (сыртқы
детерминация) ретінде. Мəселенің мəні осы детерминанттардың
үйлесімін құрудан құралады.
Жалпы субъектілі принциппен салыстырғанда, Б.Г. Ананьев,
К. А. Абульханова-Славская, А. В. Брушлинский, А. А. Деркач,
Е.А. Климов, В.Д. Шадриков жəне т.б. дамытқан субъектілі-əрекеттік
тұғыр, жалпы жəне кəсіби акмеологияны байланыстыратын
принципті құрайды. Бір жағынан, онда акмеологияның жалпы
парадигмасы қамтылған. Егер субъектінің жалпы түсіндіруі тұлғаға
идеалға бағдарлануды беретін болса, онда іс-əрекет субъектісін нақ-
ты түсіндіру, кəсіптегі оптимумға шынайы жетудің психологиялық
жəне акмеологиялық механизмдерін ашады, субъектіге тəн өзін-өзі
реттеу мен өзін-өзі ұйымдастырудың принциптерін ашады.
Субъект принципі акмеология үшін парадигмалы болып
саналады. Тұлға тікелей өзін-өзі жетілдіру, іс-əрекет пен
акмеологиялық технологиялардың субъектісі ретінде, жетілдірудің
субъектісі болады. Жетілдіру мəселесі бір қарағанда қарапайым
болып саналады. С.Л.Рубинштейннің пікірі бойынша, адамның
ішкі мазмұндық əлемі, оның өмірі мен іс-əрекетінің нəтижесі болып
табылады. Дəл соның өзі адамның өзін-өзі жетілдіру мəселесіне
қатысты болады; адам өзін жақсы етпеуі керек, өмірде мақсат қойып,
жақсы нəрсе жасауы керек, ал өзін-өзі жетілдіру тек оның нəтижесі
болып саналады.
Субъектілі тұғыр немесе принцип акмеологияның парадигмасы
болып табылады. Философия тарихында, психология ғылымында
жеделдіктің белгілі дəрежесінде ғасырлар бойы құрастырылған
субъект принципін С.Л.Рубинштейн көпқырлы жəне жүйе құрау-
шы сапада өзекті етті жəне құрастырды. Ол өзін-өзі дамыту, өзін-өзі
анықтау, өзін-өзі жетілдіру қабілеттерін ашты. Субъектінің негізгі
белгісі ретінде, өзін-өзі жетілдіру қабілетін, адамның өз дамуында
жоғары оңтайлы деңгейіне, идеалға жету қабілетін анықтады.
Алайда, С.Л.Рубинштейннің өзін-өзі жетілдіру қабілеті мен
қажеттілігі арқылы субъектіге берген философиялық анықтамасы,
психологиялық жəне акмеологиялық нақтылауды талап етеді.
Тұлғалық өсу пікірі, тұлғаны «жасау» (В.В.Давыдов бойынша),
адамның өзіндік «Меніне» зейінін шоғырландыруды білдірмейді,
өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін рефлексивті қайта қарастыру-
ды қамтымайды, өзін-өзі жетілдіруді тікелей өмірлік мақсатқа
əкелмейді. Л.С.Выготский тұлғаны адамзат мəдениетіне баулудың
маңызды міндетін қойды, алайда оны оқыту, үйрету міндеттерімен
теңестірді. Тұлғаны жетілдіру оның адамзат мəдениетін меңгеру
ғана емес, сонымен бірге тұлғаның «мəдени деңгейге» жетуі, яғни
тұлғаның мəдениетті меңгеруі болып табылады. Бұл міндетті тек
субъект өзі шеше алады.
Тұлға үшін субъектілікке жету, алдын ала жоспарланған шектеу-
ге жетуді білдірмейді (тұлғалық мəдениеттің өлшемі акмеологияда
жəне оған жақын бағыттарда құрастырылады), ол өзін-өзі жетілдіруге
деген үздіксіз қозғалысты білдіреді. Осы тұрғыда «Акме» ұғымы
өмірлік қозғалыс пен дамудың соңғы нəтижесін білдірмейді, ол
адамның əрі қарай дамуының жаңа белестері ашылатын шыңды
білдіреді.
Бір мезгілде субъект – бұл автономия, дербестік, бастама жəне
жауапкершілік. А.В.Брушлинский психологияда субъект мəселесіне
арналған монографияның авторы ретінде, тұлғаның əрдайым субъект
болатынын атайды.
Субъектінің акмеологиялық принципінің өзгешелігі эго-
центрлікпен, өзіндік қатынаспен, рефлексиялау қабілетімен,
бастамашылдық пен жауапкершілікті көрсетумен емес, ең алдымен,
əртекті қарама-қайшылықтарды шешумен, яғни К.А.Абульханова
көрсеткендей, тұлғаны субъект ретінде көрсетуде бірінші жəне
негізгі өлшемдермен байланысты болады. Қарама-қайшылықтарды
шешу субъектіге еркіндік, сенімділік, дербестік тəжірибесін
ұсынады, өзінің шамасының деңгейіне жетуге əкеледі.
Мұнда қандай қарама-қайшылықтар алынады? Бұл тұлғаның
күйі, сапасы, даму деңгейі, оны ұйымдастыру мен əлеуметтік
жағдайлармен үйлестіру арасындағы қарама-қайшылық болып
саналады. Мұнда аталған тұлғаның қабілеттері, даралығы,
ерекшелігі, қажеттіліктері жəне қоғам мен өмірдің тұлғаға ұсынатын
талаптары арасындағы қарама-қайшылық алынады. Мұнда тұл-
ғаның генетикалық қаланған қажеттіліктері, оның əлеуеті мен
оларды жүзеге асыру шамасы, өзін-өзі жүзеге асырудың дəрежесі
арасындағы қарама-қайшылық алынады. Бұл тұлғаның қалаулары,
күш-қуаты мен оның нəтижелері арасындағы қарама-қайшылық
|