Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет65/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   205
Акмеология

124
125
бірінші сатысында тұлғаның шығармашылығы, бастамасы арқы-
лы туындайтын мінезі атап көрсетілсе, осындай іс-əрекеттің 
психологияның зерттеу пəні ретінде саналғаны атап көрсетілсе
(А.В.Брушлинский), онда шынайылықты мағыналау, осы оптимис-
тік формуланың шектелуіне ғана емес, сонымен бірге тұлғаның іс-
əрекетті ұсынбайтыны, іс-əрекеттің тұлғаны ұсынбайтыны туралы 
пікірді түсіндіруге əкеледі, сонымен бірге іс-əрекет субъектісі 
ішкі жəне сыртқы детерминацияның арақатынасын, еркіндік 
пен қажеттілікті, реттеуді, нормативтілікті, стандарттауды жəне 
даралауды табады. Субъектінің қызметі қазіргі іс-əрекеттегі (аталған 
уақытта жүзеге асырылатын) қарама-қайшылықты жəне өзінің 
əрекеттік-кəсіби өмірінің бойындағы қарама-қайшылықты шешуден 
құралады. 
К.А.Абульханова-Славская былай жазады: «Субъект бола 
отырып, тұлға іс-əрекетті ұйымдастырудың жеке тəсілін құрады. 
Бұл тəсіл тұлғаның сапаларына, оның іс-əрекетке қатынасына 
(мақсатты болжау, мотивация), талаптарына жəне іс-əрекет түрінің 
объективті сипаттамаларына жауап береді. Іс-əрекет тəсілі аса 
оңтайлы интеграл, осы негізгі параметрлердің жиынтығы. Субъект 
іс-əрекеттің біріктіруші, орталықтанушы, реттеуші сатысы болып 
табылады. Ол өзінің индивидтік, психофизиологиялық, психикалық 
жəне тұлғалық мүмкіндіктері, ерекшеліктер жүйесін іс-əрекеттің 
жағдайларымен жəне талаптарымен біртұтас үлгіде үйлестіреді. 
Субъект ретіндегі тұлға қазіргі кездегі іс-əрекетті реттеуді жүзеге 
асырады».
Оқиғаларды, талаптарды, іс-əрекет міндеттерін сəйкестікке 
əкелетін мұндай ұйымдасудың негізгі функционалды механизмі 
ретінде, бір жағынан, тұлғалық мүмкіндіктер, қабілеттердің күйі, 
ал екінші жағынан өзін-өзі реттеу механизмі алынады. Өзін-
өзі реттеудің нəтижесінде жағымсыз күйлер (шаршау, стресс) 
жойылады, іс-əрекеттің түйінді жəне шешуші кезеңдерімен жоғары 
психикалық шығындар сəйкестікке келеді, іс-əрекет мотивациялық 
жəне ерікті механизмдер арқылы қолданады. 
Белгілі уақыт бойында іс-əрекетті жүзеге асыру (еңбек, кəсіп), 
микроқұрылымдарды анықтауды емес, іс-əрекеттің тұлғалық 
кванттарын анықтауды қамтиды. Бұған В.Н.Мясищев анықтаған 
тұлғаның іс-əрекетке қатынасы енеді, сонымен бірге тұлғалық 
жаңа құрылым ретіндегі даярлық енеді, оның маңызын жалпы 
психологиялық жəне акмеологиялық тұғырда А.А.Деркач атап 
көрсетеді жəне зерттейді. Бұған тұлғаның қалаулары жатады, оларда 
іс-əрекеттің күтілетін нəтижесімен, оны бағалаудың өлшемдерімен 
тамсану, алынған нəтижемен субъектінің қанағаттануы-қанағат-
танбауы қамтылады. Осы кезге дейін психологияда іс-əрекеттің 
нəтижесін бағалауда объективті-əлеуметтік тұғыр басым болды, 
тек соңғы жылдары бірқатар авторлар субъективті қабылданатын 
нəтиже ұғымын ұсынды. Субъект категориясы тұлғаның іс-əрекетке 
қатысты өмірлік-маңызды жəне ынталандырушы-мағыналық 
сапаларын – бастамашылдық пен жауапкершілікті ашады. Өз 
кезегінде жауапкершілік іс-əрекеттің кешенді реттеуші механизмі 
ретінде анықталады, бір мезгілде тұлғаның ерекше əрекеттік 
сапасы ретінде анықталады. Жауапкершілік күтпеген қиындықтарға 
қарамастан, белгілі уақыттың бойында іс-əрекеттің белгілі деңгейін 
жəне сапасын тұлғаның сақтаудағы кепілдігі болып саналады. 
Психологияда, еңбек психологиясында жəне іс-əрекет тео-
риясында оның анықтамалары құрастырылды, олар əлеуметтік 
нормативті өлшемдерге – сенімділік, тиімділік, күш-қуаттың көлемі 
жəне т.б. жауап беретін, адамның іс-əрекетті орындаудың сапасын 
тіркейді. Осы параметрлерді қамтамасыз ету, тұлғалық кепілдік 
берудің тəсілдері қайта талданды, бұл кəсіби маңызды сипаттама-
лар мəселесін тұлғаның «табиғи» қабілеттері мен оның сапалық, 
кəсіптік жүзеге асыруға бейімделген қасиеттері арасындағы аралық 
құрылым ретінде құрастырудағы маңызды жəне жаңа қадамды 
құрады. 
Бұдан басқа, К.А.Абульханова-Славская ұсынған «міндеттер» 
жəне іс-əрекет «стратегиясы» ұғымдары дамыды, олар бір жағынан, 
іс-əрекетті кванттаудың тұлғалық тəсілін, оның жағдайларын, 
талаптарын, уақытын айқындаудың мəнін ашады, ал екінші жағынан, 
стратегияларды іс-əрекетті жүзеге асырудың бағдарламасы ретінде 
құруды ашады, оларда алуан түрлі міндеттердің буындары мен 
бірізділіктері логикалық түрде байланысады. 
Іс-əрекетті жүзеге асыру стратегиясы ұғымы, субъектінің іс-
əрекетін уақыт бойынша ұйымдастырудың маңызды мəселесін 
біртұтас көтеруге мүмкіндік берді, ол іс-əрекеттің тиімділігінің, 
еңбек өнімділігінің бірінші көрсеткіші болып табылады. 
Акмеология үшін іс-əрекеттің маңызды субъектілі-тұлғалық 
сипаттамаларының қатарында, «кəсібилік», «шеберлік» жəне 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет